СӨЖ жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулары

Өздік жұмыстарды орындаудың мақсаты: Өз бетінше білімдерін тереңдете білу дағдыларын қалыптастыру, оларды талдау, әртүрлі жағдайларда қолдана білу.Оқу және ғылыми - әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.Студенттер көрсетілген материалды өз бетінше оқып – үйренулері және арнаулы бөлінген сабақтарда жасалынған жұмыстары жайлы оқытушыға есеп берулері тиіс. Мұнда барлық студенттер сол көрсетілген бір теориялық материалды өңдейді, ал сәйкесті есептерді орындауда варианттарға бөлінеді. Әрбір тақырыпта сәйкесті оқу әдебиеттері келтірілген. Студенттер өздік жұмыстарын көрсетілген бақылау формасына сәйкес орындайды.

Студенттер өздігінен орындайтын жұмыстар жөнінде сөз қозғағанда, оның өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі студенттердің дербестігін дамыту және одан әрі өрістету, оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету, екіншісі – студенттердің алған білімдерін өздігінен іс жүзінде қолдана білуге баулу.

Студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мақсаты- лекцияда оқылған нақты материалдар негізінде теориялық мағлұматтарды бекіту, курстың теориялық бөлігін меңгеруді ұйымдастыру, ұғымдарды қалыптастыру.

Студенттердің өздік жұмысының ең басты міндеті- ғылыми зерттеулер жүргізе білу, яғни бақылау және жалпылау техникасын меңгеруге, жүргізілген бақылаулар мен жоспарлау нәтижесін сараптай білуге үйрету.

Студенттердің өздігінен атқаратын жұмыстары олардың ой еңбегін жандандыруға бағытталған және мұғалімнің берген тапсырмаларын орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздеріне іздеттіру көзделген.

Экология және тұрақты даму пәнінде студенттер өздігінен орындайтын жұмыстарды былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралдарымен және басқа анықтама әдебиеттермен жұмыс істеудің, үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу, конференцияларда жасалған баяндамаларға немесе хабарламаларға пікір айту, жеке немесе топтық тапсырмаларды орындау, рефераттар жазу және т.с.с.

Негізгі дидактикалық мақсатқа сай өздігінен орындайтын жұмыстар:

§ білім алу және оны одан әрі тереңдету;

§ іскерлік пен машықтарды игеру;

§ білім, іскерлік және машықтарды қолдануға бағытталған.

Экология және тұрақты даму пәнінде студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары ның келесі түрлері пайдаланылады:

§ ауызша және жазбаша;

§ аудиториялық немесе үйде орындалатын;

§ жалпы аудиториялық немесе топтық;

§ жаппай немесе жеке, т.с.с.

 








Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 2453;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.