Негізгі ұғымдар: экологиялық білім
Экологиялық білім беру дегеніміз – әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру. Ал білім беру жүйесін экологизациялау – экологиялық басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.
Экологиялық ағарту.БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдай өте нашар елдердің қатарына жатқызады. Қазіргі таңда табиғи байлықтарыды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті нормативтік-құқықтық базалар, экономикалық механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі, азаматтардың экологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық мәдениет – бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі. Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес.
Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады. Мысалы, Жапония – табиғатты қорғау саясатында үлкен жетістіктерге жеткен мемлекет. 60-шы жылдардың соңындағы үлкен экологиялық қарсылықтар мемлекеттік табиғат қорғау жүйесін құруға алып келеді. Ол кездегі жүргізілген саясат тек экономикалық өсуді ғана алға мақсат етіп қойып, қоршаған ортаның жайы еш ескерілмеді. 70-ші жылдардың бас кезінде қоғамдық пікірлердің қысымымен Ұлттық экологиялық стратегия іске аса бастады. Қазір Жапония экологиялық саясаты жағынан дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі.
Экологиялық тәрбие– бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қаым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыртылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күиіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді. Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдық негізі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері боиынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды онды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатта қорғауды өз үйіңнен бастауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды онды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады – бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.
Экологиялық білім беру– балабақша, орта мектеп. Лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі. Экологиялық білім беру – бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі – табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты. Экологиялық білім – қоршаған ортаны қорғау үшін қажеттібілімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсби мамандарды дайындауда ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеуі керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.
Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көреудің құқығы мен міндеттерін білдіреді. Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі -экологиялық педагогика (көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру), адам экологиясы және халықтық экология "этноэкология" бағыт-тары дами түсуде. Бүл - бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің түрақты сақталуы - адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез туды. Сондықтан XXI ғасыр адамзаттың ақыл-ойы кемелденген - нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының ақыл-ойының деңгейіне тікелей қатысты.
Экология ғылымының негізгі мақсаты - биосфера түрақтылығын сақтау үшін салауаттығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезендеріне келсек, ең алдымен БҰҰ денгейінде үйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера" атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.
1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселелері көтерілді.
1972 жылы Стокгольмде "Қоршаған ортаны қорғау" туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси каласында БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП үйымдары "Экологиялық білім беру" туралы 40-тан астам шешімдер қабылданып, ғаламдық, стратегиялық жоспарлар кабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т.б. конференцияларымен жалғасады.
Экологиялық білім берудің бүрынғы КСРО кезеңіне тоқталсак, онда негізінен орыстың табиғат зерттеуші әрі көрнекті ағартушылары А. М. Теряев, И. И. Мартынов, В. Г. Белинский, А. Н. Герцен, Н. Г. Чернышевский еңбектерін атауға болады. Одан соң А. Н. Бекетов, К. А. Тимирязев, Д. Н. Кайгородов, т.б. табиғатты зерттеу мен корғау туралы мәселелерді көтерді.
XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Ф. Натали, Н. М. Берзилин, В.М. Корсунский, т:б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуды ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Беларуссия мемлекетгік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б). "Биосфера", "Экология", "Табиғат қорғау", т.б. экологиялықкурстар оку жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог-ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т.б. халықтык оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан-қырлы теориялық, практикалық негіздерін үсынды.
Экологиялык білім беруде және жоғары білімді эколог мамандарды даярлауда Абай атындағы казақ үлттық педагогикалық университетінің орны ерекше. Университет профессоры А. С. Бейсенованың жетекшілігімен "Жоғары оқу орындарында эколог мамандар дайындау" және "Мектеп оқушыларына экологиялық білім беру" түжырымдамасы жасалынды. Ал, 1987 жылы университетте география-экология факультеті ашылып, мамандар даярлай бастады. Қазір Әль-Фараби атындағы университетте (ҚазМҰУ), Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Атырау, Түркістан қалаларындағы оқу орындарында химия-экология, география-экология, т.б. мамандықтары бойынша бөлімдер ашылды. Соңғы жылдары Республиканың академиялық ғылыми- зерттеу институттары биоресурстар бойынша экологиялық іргелі жұмыстар жүргізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог мамандарын даярлауда. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламенті мен үкіметі "Қоршаған табиғи ортаны қорғау" туралы Заңды (1997), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі" тұжырымдамасы" (1996), экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан ; Республикасында қоршаған ортаны қорғаудын үлттық жоспарын (1996), Қазақстан Республикасында 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық кауіпсіздікті сақтау түжырымдамасы (2003), "Жер, су және орман туралы кодекстер (2003), т.б. маңызы зор құжаттар кабылдады.
Экологиялық білім беру және тәрбие. Қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың негізгі ретін-де экологиялық білім беруді дамыту үшін:
білім берудің барлық деңгейіндегі оқу бағдарламаларына экология және түрақты даму мәселелерін енгізу жолымен үздіксіз экологиялык білім берудің жүйесін қалыптастыру;
міндетті және косымша білім беру жүйесінің барлық деңгейі үшін экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
экологиялық білім беруді мемлекеттік қолдау қажет;
табиғи жүйелердің экологиялық сыйымдылығы мен олардың түрақ-тылық шектерін айқындау;
экологиялық таза және ресурс үнемдейтін технологиялары өндіріс-терді, шикізаттың түрлерін, материалдарды, өнім мен жабдықты, оның ішінде ауыл шаруашылығын да әзірлеу;
биологиялық әртүрлілікті, биоқауіпсіздіктің ғылыми негіздерін сақтау проблемасын зерделеу;
климаттың ықтимал жаһандық және өңірлік өзгерістерін, табиғи орта үшін оның салдарларын зерттеу;
экологиялық қатерлерді айкындаудың ғылыми негіздерін әзірлеу; ластанулардың аддын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратудың қүралдары мен әдісте-рін әзірлеу;
адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерістерінің арасындағы байланысты зерделеу;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған білімді жүйелеу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру.
Экологиялык қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулерді бюд-жеттік бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттік тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргізеді.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ресурстарды норма-тивтен тыс пайдаланғаны немесе нормативтен тыс шығарынды және ластаушы заттардың төгінділері үшін ставкаларды арттырудың тетігі арқылы коршаған ортаның ластануын азайтуды экономикалық ынта-ландыруды қамтамасыз етеді.
2004 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкасы кайта қаралатын болады, олардың мөлшері ластаушы заттардың көлемі мен түрлерінескере отырып белгіленуі тиіс. Ластану көзі ерекше қорға-латын аумақтарда немесе олардың жанында орналасқан жағдайда қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын арттыру коэф-фициенттері қолданылатын болады.
Экономикалық қүралдар инновацияларды енгізу және табиғи ресурстарды үтымды пайдалану, неғүрлым тиімді және аз калдықты технологияларды дамыту мен енгізу мақсатында шаруашылық жүр-гізуші субъектілердің қызметіне катаң нормалар мен стандарттардың белгіленуіне ықпал етуі тиіс.
Экологиялық білім беру және тәрбие.Қоғамның экологиялық мәдениетін калыптастырудьвд негізгі ретін-де экологиялық білім беруді дамыту үшін:
білім берудің барлық деңгейіндегі оқу бағдарламаларына экология және түрақты даму мәселелерін енгізу жолымен үздіксіз экологиялык білім берудің жүйесін қалыптастыру;
міндетті және қосымша білім беру жүйесінің барлық деңгейі үшін экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігінарттыру;
экологиялық білім беруді мемлекеттік қолдау қажет;
табиғи жүйелердің экологиялық сыйымдылығы мен олардың түрақ-тылык шектерін айқындау;
экологиялық таза және ресурс үнемдейтін технологиялары өндіріс-терді, шикізаттың түрлерін, материалдарды, өнім мен жабдықты, оның ішінде ауыл шаруашылығын да әзірлеу;
биологиялық әртүрлілікті, биоқауіпсіздіктің ғылыми негіздерін сақтау проблемасын зерделеу;
климаттың ықтимал жаһандык және еңірлік өзгерістеріқ табиғи орта үшін оның салдарларын зерттеу;
экологиялық қатерлерді айқындаудың ғылыми негіздерін әзірлеу; ластанулардың аддын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратудың қүралдары мен әдісте-рін әзірлеу;
адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерістерінің арасындағы айланысты зерделеу;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған білімді жүйелеу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру.
Экологиялық кауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулерді бюд-жеттік бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттік тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргізеді.
Лекция
Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 7257;