Экология аумағындағы экологиялық қауымдастықтар
Жоспар:
1. Халақаралық экологиялық қарым-қатынастың рөлі .
2. Ұлттық және халықаралық обьектілерін,қоршаған ортаны қорғау.
Негізгі ұғымдар:экологиялық қауымдастық, экологиялық құқық, халықаралық ұйымдар, халықаралық конвенциялар және келісім, гигиена, человек, әлеуметтік – экологиялық фактор
1972 жылы 16 маусымда Стокгольмде қабылданған адамды қор-шаған ортаның мәселелері туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Конферециясының Декларациясындағы ережелеріне сүйене отырып,
БҰҰ-ның Жарғысына және халықаралық қүкық принциптеріне сәйкес мемлекеттер қоршаған орта және даму бойынша өз саясатына лайық өзінің ресурстарын игеруге тәуелсіз қүқы бар екенін және өз юрисдикциясындағы немесе бақылауындағы іс-әрекеттердің өзге мемлекеттердің немес үлттық юрисдикция қызметінен тыс жерлердің қоршаған ортасына зиянын тигізуге болмайтьйын ескере отырып,
қоршаған орта бойынша мемлекеттердің тиімді заңдарды іске қосуын, басқару саласындағы қалыпты өлшемдер, мақсаттар мен басты назардағылар дәл сол қоршаған орта мен дамудың жактарьша сай болуын, кейбір елдерде қолданылатын қалыпты өлшемдердің басқа елдердің, әсіресе, дамушы елдердің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түрғысынан қарағанда орынсыздығын және негізсіздігін мойындай отырып,
қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ-ның Конференциясы туралы 1989 жылғы 22 желтоқсандағы Бас Ассамблеясының 44/228 қаулысына және адамзаттың қазіргі және болашақ үрпағының мүддесі үшін орасан зор климатты қорғау туралы 1988 жылғы 6 желтоқсандағы 43/53 қаулысына, 1989 жылғы 22 желтоқсандағы 44/207 қаулысына және 1991 жылғы 19 желтоқсандағы 46/169 қаулысына сүйене отырып,
1989 жылғы 22 желтоқсандағы Бас Ассамблеясының аралдар мен жағалаудағы аймақтар, әсіресе төмен орналасқан жағалаудағы аймақ-тарда теңіз көтерілгенде болуы мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы 44/206 каулысына, 1989 жылғы 19 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның Қуаншылыққа қарсы күрссу бойынша әрекет етудің жоспарын жүзеге асыру туралы 44/172 қаулысына сүйене отырып,
озон қабаттарын қорғау туралы 1985 жылғы Вена конвенциясына және озон қабаттарын бүзатын заттар туралы 1987 жылғы Монреаль хаттамасына, оның 1990 жылғы 29 маусымдағы өзгертілген және толық-тырылған нүсқасына сүйене отырып,
1990 жылғы 7 карашада Дүниежүзілік климаттық конференцияда қабылданған министрлердің Декларациясын каперге ала отырып,
климаттык өзгерісі бойынша көптеген мемлекеттердің іске асырып отырған аналитикалық жүмыстарының бағасын, Дүниежүзілік метеор-логиялык үйымдардың, қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарлама-сының және басқа мекемелердің, БҰҰ-ның органдары мен ұйымда-рының, сондай-ақ басқа да халықаралық және мемлекетаралық орган-дардың ғылыми зерттеуінің нәтижелерін алмасу және зерттеулерді үйлестіру процесіне қосқан маңызды үлестерін сезіне отырып,
климаттық өзгеру мәселелерін түсіну және шешу іс-шараларының экологиялық, әлеуметтік және экономикалык көзқарас түрғысынан алғанда тиімді болуы үшін тек кана соған лайықты ғылыми, техноло гиялык және экономикалық ізденістердің негізінде, әрі осы салада қол жеткізген жаңа нәтижелердің барысында әрдайым қайта қаралғанда іске асатынын мойындай отырып,
климаттық өзгеру мәселелерін шешу бойынша сол іс-шаралардың өз экономикасының мүмкіндігіне негізделгендігін, сондай-ақ олардың басқа экономикалық мәселелерді шешуге ықпал ету қасиетін мойын-дай отырып,
барлық буланған газдарды, олардың булану эффектісіндегі күшею рөлін есепке ала отырып, келісілген жағдайда, аймақтық деңгейде, түтас қамтитын стратегиялык жауап катуды шешу бағытындағы анық приоритеттер негізінде дамыған елдердің бірінші кезекте іс-шараларды кешіктірмей қабылдауы тиіс екенін мойындай отырып,
климаттық өзгеру нәтижесінде қолайсыз жағдайларға айрықша . сезімтал жерлер, ойпаттар мен шағын аралдағы еддер және төмен орна-ласқан жағалаулар, қуаң және жартылай куаң аймақтар, сондай-ақ су тасқынына, қуаншылыққа, шөлге бейім жерлер мен қүбылмалы таулы экожүйесі бар дамушы елдер екенін мойындай отырып,
буланған газдардың бөлінуін шектеу шаралары бойынша бірқатар елдердің, нақтылай айтқанда, экономикалық негізінен казба отын-ның түрлерін экспортқа шығаратын және түтынатын өндіріс әсіресе, соған байланысты дамушы елдердің айрықша қиын жағдайын мойындай отырып,
Конференция қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарылатын іс-шаралардың жоспарын бекітіп, оған 100 аса нақты ұсыныстар енгізілді және осы іс-шараларды жүзеге асыруға басшылық жасайтын арнаулы ұйым-ЮНЕП-1972 жылы құрылып,бұл ұйым БҰҰ негізгі ұйымдарының бірі болып табылады. Экономикалық және әлеуметтік кеңестері арқылы ЮНЕП жыл сайын өзінің атқарған жұмыстары жайыеда БҰҰ Бас Ассамблеясына баяндама жасап отырады. ЮНЕП бағдарламасы үш түрлі функционалдық бағытта табиғатты қорғау саласындағы іс-шараларды жоспарлап, ұйымдастыруды жүзеге асырады:
· Қоршаған ортаның жағдайын бағалау бақылаудың глобальды жүйесі.
· Қоршаған ортаны басқару.
· Қоршаған іс-шаралар (экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру мен мамандар дайындау.)
ЮНЕП сол сияқты қоршаған орта компоненттерін қорғау,пайдалану және қалпына келтіру бағытында басқа да халықаралық ұйымдардың атқаратын жұмыстарын басқарушы ұйым болып табылады.
ЮНЕСКО – 1946 жылы құрылып , мемлекеттер арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет салаларында бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жұмыстар атқаруда.Бұл ұйымның қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі 1970 жылы қабылданған «Адам және биосфера» ғылыми бағдарламасы болып табылады.
ВОЗ-Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы- 1946 жылы құрылып,қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықтың денсаулығын қорғау мәселелерімен айналысады.
ВМО- Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым-1951 жылы БҰҰ арнайы мекемесі ретінде құрылып,қоршаған ортаның глобальды мониторингіне байланысты табиғат қорғау функцияларын атқарады,оның ішінде: - қоршаған ортаны ластаушы заттардың жалпы таралуы,-жердің озон қабатына әсер ететін факторларды зерттеу. МОТ-Халықаралық еңбек ұйымы – БҰҰ арнайы мекемесі, 1919 жылы Ұлттар Лигасы жанынан құрылып,еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету және биосфераның ластануын азайту жолында жұмыстар атқарады.
МАГАТЭ- Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік -1957 жылы құрылған. Халықаралық табиғат қорғау одағы МСОП- 1948 жылы Францияда құрылды, бұл одақ қызыл кітапты шығарудың инициаторы болды. Бүкіләлемдік табиғат қорғау қоры-1961 жылы құрылып,қазір оның құрамында 27 ұлттық бөлімшелері және 5 млн жеке мүшелері бар.Қордың негізгі қызметі табиғат қорғау іс-шараларына қаржылай көмек көрсету болып табылады. Халықаралық заңгерлер ұйымы (МЮО) - 1968 жылы құоылып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық мәселелерді шешумен айналысады. Рим клубы –бұл халықаралық үкіметтік емес ұйым биосфераның даму перспиктиваларын зерттеу мен Адам мен Табиғат арасындағы қатынастардың сәйкестігі қажеттігі жөніндегі идеяларды таратуға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде үлкен үлес қосты.
Халықаралық экологиялық сот (МЭС) -1994 жылы заңгерлердің ұсынысы бойынша Мехикодағы конференцияда бекітілді. Оның құрамында 24 мемлекеттен эколог –заңгерлер жұмыс істейді.
ГРИНПИС- тәуелсіз халықарлық қоғамдық ұйым,1971 жылы Канадада құрылған, негізгі мақсаты қоршаған ортаның деградациясына жол бермеу бағытында жұмыстар атқару,оның 1,5 млн аса мүшесі бар, оның 1/3 бөлігі американдықтар, елде бөлімшелері бар. ХХ ғасырдағы табиғат қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар атқарған жұмыстардың қорытындысы мен ХХI ғасырда атқарылатын іс-шаралардың бағдарламасы 1992 ж маусымда Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өткен БҰҰ қоршаған орта мен даму жөніндегі Конференция болды. Бұл 179 елден 18 мың делегаттар мен сарапшылар қатысқан Бүкіләлемдік форумның Деклорациясында барлық адамзатқа ортақ қоршаған табиғи ортаны қорғауда барлық халықтардың құқықтары мен міндеттері белгіленді, «егер планетадағы экологиялық проблемалар жақын арадағы 10 шақты жыл ішінде өз шешімін таппайтын болса, онда Жердегі тіршілік ядролық бомбасыз –ақ тоқтайды» деген мәлімдеме жасалды. Осы декларацияда көрсетілген принциптің негізгі қағидалары төменгідей болды: -Адам баласы табиғатмен гармониялық сәйкестікте өмір сүруге құқылы,-қоғамның қазіргі заманғы даму жағдайлары келесі ұрпаққа зиянды әсерін тигізбейтіндеі болуы керек,-тұрақты даму мақсаттарына жту үшін қоршған ортаны қорғау шаралары олармен бірге жүргізілуі керек. Жер экожүйелерін қорғау,сақтау және қалпына келтіру үшін бірлесе жұмыс жүргізуі керек.-экологиялық мәселелер барлық азаматтар қатысында барынша тиімді шешіледі, - тұрақты даму принциптері экологиялық проблемаларды терең,ғылыми түрде талқылауды қажет етеді, -бейбітшілік , қоршаған ортаны қорғау мен оның дамуы бірге, бір-бірімен тығыз байланыста.
Базальдық конвенция – трансшекаралық қауіпті қалдықтарды тасу мен жоюды бақылау жүргізеді. Қабылданған орны мен жылы :1989, Базель, Швейцария . Қатысушылар:71 мемлекет ( ресей федерация -) және европалық экономикалық бірлестік ( 1992 г. европалық бірлестік. Мақсаты: міндеттемеде трансшекаралық зиянды қалдықтарды қысқарту мен тасымалдау; дамыған мемлекеттерге экологиялық зиянды қалдықтарды пайдалануда көмек көрсету.
Веналық конвенция озондық қабатын қорғау туралы конвенция. Қабылданған орны және жылы: 1985, Вена, Австрия . Қатысушылар :120 мемлекет , Ресей Федерациясымен қоса.) және европалық экономикалық бірлестік. Мақсаты : Озон қабатындағы өзгерістерге байланысты қоршаған орта мен адамдардың денсаулығын қорғау.
ФАО- 1945 жылы құрылып, әлем халықтарының тіршілік жағдайларын жақсарту жолында аылшаруашылығын дамыту мен азық-түлік ресурстары мәселесімен айналысады.
Лекция
Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 5216;