Оршаған ортаның жағдайының бақылау және мониторингті құрудың принциптері
Жоспар:
1.Экологиялық мониторинг, ұғымы, мақсаты.
Негізгі ұғымдар:мониторинг, ғаламдық, базалық, фондық, ұлттық, аймақтық, жергілікті, импакті
«Мониторинг» - латын тілінен “монитор” деген сөзінен шыққан. Оның мағынасы “Бақылаушы, сақтандырушы” - деген ұғымды білдіреді. Ертеде желкенді кеменің алдынғы жағында тұрып, жан – жағын бақылап кемелердің бір – бірімен соғысып қалуынан, саяз жерлерге шығып кетуінен сақтандырып тұратын матростарды “монитор” немесе “Бақылаушы”, “сақтандырушы” деп атаған. (Е.Н. Вилесов. 1999). Қазіргі кезде мониторингтердің өте көп түрлері бар. Қоршаған табиғи отаның мониторингі деп – адамдардың денсаулығына, басқа да тірі организмдерге қауіп төнгеннен сақтандыратын ұзақ уақыттағы қоршаған ортаның жағдайын бақылауы. Әсер ету маcштабтары бойынша мониторингтің әсері кеңістік және уақытшаға бөлінеді. Ақпаратты топтастыру сипаттамасына қарай мониторинг: Базалық, әлемдік, аймақтық (регионалдық) және импактті мониторингтер бөлінеді.
Қоршаған орта мониторингі проблемалары және географиялық ақпараттық жүйені ендіру және ұйымдастыруға табиғи ортаны қорғауға және ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты көбірек назар аудару керек.
Мониторингтің түрлері.
1. Ғаламдық – халықаралық ынтымақтастық негізінде жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар және процестерді зерттеу арқылы назарға ұстап экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақтылы ескерту жасап отыру.
2. Базалық – (фондық) – жалпы биосфералық табиғи құбылыстарды бақылау.
3. Ұлттық – мемлекет көлеміндегі мониторинг немесе бір мемлекеттің шегінде арнайы құралған органдар. Органдар арқылы жүргізілітін мониторинг.
4. Аймақтық – белгілі бір аймақ шеңберіндегі процестер құбылыстарды қадағалай және бұл процестер мен құбылыстар өзінің табиғи анторпогендік сипаты бойынша барлық биосфераға тән немесе ірі – ірі аудандар көлемінде құбылыстар мен процестерді бақылу.
5. Жергілікті (локальді) – ерекше қалыпты аймақтар мен жерлердегі антропогендік әсер мониторингі немесе елді – мекендерде, өнеркәсіп орындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүйесі.
6. Импактік – ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтың және жергілікті антропогенді жердің мониторингі.
7. Аралық мониторинг – авиациялық немесе ғарыштық мониторинг.
Ластаушы көздер бірнеше түрлерге жіктеледі. Олар табиғи және антропогенді олы бөлінеді.
Атмосфераны ластайтын көздер:
Табиғи түрі:
1. Жанартаулар, фумаролдар, сольфатарлар (газдар, жанартау шаңдары, сынап булары).
2. Мұнай мен табиғи газдардың табиғи жолмен шығуы (көмірсутектер).
3. Сульфидтардың кен орындары (күкіртті газ).
4. Теңіз және мұхит үстінен желдің соғу арқылы хлоридтермен сульфаттардың, шығарылуы.
5. Радиоактивті кен орындары (радон).
6. Жер астындағы көмір өрті (күкірттің 2 валентті оксиді, көмірсутегі).
7. Табиғи жағдайда шыққан орман және дала өрттері.
8. Өсімдіктерден бөлінетін тозаң, иісті және ұшпалы заттар.
Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 2982;