Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негіздері

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – экологиялық заңнаманың негізі.

2. Қазақстан Республикасының экологиялық конституциясы.

3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларының жүйесі.

Негізгі ұғымдар:экологиялық қауіпсіздік

Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық ұғымы – бұл қоғам мен табиғат арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Экологиялық қатынастар тек экономикалық құқық нормаларымен ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да, мысалы, жер, су, орман және т.б. салаларымен реттеледі.

Экологиялық қауіпсіздік ұғымы заң ғылымдарының саласы ретінде ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында пайда болды. Қазіргі кезде бұл үш бөліктен тұрады:

1. Экологиялық қауіпсіздік үшін маңызды, институттар мен ережелерге қатысты жалпы бөлім; экологиялық құқық пәні, әдістері, экологичлық құқықтық қатынастар, табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғатты пайдалану және оны реттеу құқығы, экологиялық сараптама, экологиялық құқық бұзу үшін заң бойынша жауапкершілік.

2. Жерді, атмосфералық ауаны, жер қойнауын, ормандарды, жануарлар әлемін, ерекше қорғалатын аймақтарды қорғау және пайдалануды құқықтық реттеу сияқты бөлімдерден тұратын негізгі бөлім.

3. Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халықаралық құқықтары мәселелері туралы арнайы бөлім.

1. Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық реттелуінің ерекшелігі – әкімшілік-құқықтың әдіспен әсер етудің басымдығы. Қазақстан республикасының Конституциясы экологиялық қауіпсіздіктің негізгі көзі. ҚР конституциясына сәйкес, «әрбір адам жанға жайлы қоршаған ортаға, сондай-ақ экологиялық құқық бұзу арқылы адамның денсаулығына немесе дүние мүлкіне әкелетін зардаптар, қоршаған ортаның жағдайы және шығынды өтеуі туралы анық ақпараттар алуға құқылы».

2. Әрбәр азамат қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен – антропогендік әсерден, авария, зілзала, табиғи апаттардан өз денсаулығын қорғауға құқылы. Осы құқықпен қамтамасыз ету механизміне – қоршаған ортаның сапасын жобалау және нормалау, экологиялық зиянды әсерлерді болдырмау, авария, катастрофа, табиғи апаттарды ескерту және салдарларын жою жатады.

Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады. Қазақстан Республикасының Конституциясы – негізгі заң., халықаралық нормаларға сай ол мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеудегі жалпы бағытын анықтайды. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің конституциялары 1948 жылы БҰҰ қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында», сонымен қатар адам құқығы бойынша басқа да Халықаралық Пактілерде көрсетілген идеяларға сүйенеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар» - делінген.

Экологиялық заңдардың орындалуын мемлекеттік құрылымдар жүйесі, экологиялық сараптама қамтамасыз етеді. Халықаралық дәрежеде адамның қолайлы қоршаған ортаға деген құқығын БҰҰ-ның әр түрлі бөлімдері қамтамасыз етеді. Олар қоршаған ортаның жағдайын сауықтыруға арналған көптеген бағдарламаларжасады; Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) – «Қоршаған ортаның гигиенасы», Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) – «Ауыл шаруашылық химикаттары мен қалдықтары», БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымы (ЮНЕСКО) – «адам және биосфера». Белгіленген бағдарламалардың жүзеге асуының 1972 жылы құрылған БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі Халықаралық Коммисиясы жалпы басшылық жасайды. Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдай міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі. Адамның табиғатты өзгертушілік қызметі тек соңғы жылдары ғана құқықтық тұрғыдан шектеле бастады. Қолайлы, таза қоршаған ортаға деген құық жа

Лекция








Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 3872;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.