Антропогенді.
1. Қатты және сұйық отындардың жағылуы ( сынап буы, қорғасын, күкірттің 2 валентті оксиді, көмір сутегі, кадмий)
2. Қара, түсті және сирек металдарды өндірілуі (сынап буы, шаңды әр түрлі металдар, күкірт қышқылы)
3. Химиялық өндірістік мекемелер (әр түрлі ұшпалы заттар)
4. Атом өнеркәсібі (радиоактивтік заттар және поллютанттар)
5. Ядролық жарылыстар (радиоактивті изотоптар)
6. Цемент шығаратын өндірістер (шаңдар)
7. Құрылыс жұмыстарындағы жарылыстар, ашық жұмыс орындарында (Шаңдар).
8. Адамдардың қатысуымен болатын орман, дала өрттері.
9. Мұнай және газ өңдеу кездеріндегі табиғи газдың жағылуы немесе олардың ауаға тарауы.
Қоршаған ортаның ластану әртүрлі табиғи жағдайларда болады. Бұларға қатысты жағдайлар: Геологиялық - вулканизм, жер сілкінуі, үстіңгі жер қыртысының қозғалуы, (топырақ), су басуы (сел), дауылдар. Атмосферлык - күннің күркіреуі, нөсер жаңбырлар, қатты желдің соғуы, (дауыл) құрғақшылық. Гидросфералық - су басуы, өзен жағалауларын бұзып кетуі, жер асты суларының көтерілуі, жер асты суларының жиналып түзілуі.
Ластаушы заттардың таралу сипатына қарай ластаушы көздер бірнеше түрлерге бөлінеді: Нүктелік - (жылу орталықтары, пайдалы қазбаларды өндіру.) Аймақтық - (жер өңдеу орындары, ірі өндіріс орындары). Тізбекті - (Көліктер). Ластағыш заттар агрегаттық күйі бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қатты заттар,
Поллютанттардегеніміз – химиялық қосылыстар және олардың жоғары құрамы, биосферамен оның компоненттеріне кері әсерін тигізіп токсико–экологиялық жағдайға әкеледі.
Аймақтық (регионалдық) мониторингтің бірнеше баламасы бар: геоэкологиялық, гиосистемалық, табиғи – шаруашылық. Ен маңызды мониторингтердің бірі – орман мониторингі. Бұнда ормандарды қорғау, орман қорын сақтау және оларды көбейту, мемлекеттік тұрғыда бақыланады. Бұл жүйеде - орман өрттері мониторингін көрсетуге болады - бұнда өрт шыққан жағдайдағы оның жану уақыты мен ұзақтығын сезондарын, ормандағы жанғыш заттарды күйін бағалау. Гляциологиялық мониторинг – бұл мұздықтардың жағдайын бағалау, болжау бақылау және олардың табиғи ортадағы өзгерістері әсіресе мұздықтардың және жалпы өзендердің ағысының бақылау жүйесі. Импактілі мониторинг дегеніміз – антропогендік әсерінен пайда болған табиғи ортаның аса қауіпті жерлердегі бақылау. Индикациялық ластану- жер қабатының, судың, ауа қабатының аса құнды тексерілуі, ластану аймағы және оларды ластаушыларды анықтау. Локальдімониторингтеадам өміріне зиянды химиялық уландырғыштарды, ауадағы топырақты, өсімдіктердегі мөлшерлерін бақылау. Оларды ластаушылар: өнідірістік мекемелер, ірі құрылыстар, кен шығарушылар. Локальді мониторингте - қоршаған ортаның жағдайын адам денсаулығымен салыстырады, қоршаған ортаның тазалығы, жағдайы адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Локальді мониторингті - табиғи ортаны қорғау мекемесі жүргізеді.
Традициалық мониторинг. Бұл табиғи жағдайларда адамның немесе басқада тірі ағзаның қажеттілігінсіз тиісті дәрежесі. Қоршаған ортаның сапасы негізгі критерийлер бойынша анықталады: геожүйенің жоғары биологиялық өнімділігі, белгілі табиғи антропогендік ландшафт шекарасында халықтың өмір жағдайының қолайлығы. Бірнеше «тізбекті реакциялардың» («цепные реакции») схемаларын антропогендік факторлардың әсерінен ландшафттың деградация компонентерін қарастырайық.
Лекция
Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 2894;