Табигат қорларынын жіктелуі
Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қор-ғауға көп көңіл бөлініп отыр. 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы заң" қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ үрпақ-тардың салтанатты өмірі үшін сақтау.
2.Табиғатты тиімді пайдалану. Экология мен табиғат корғау ғылымдары бірін-бірі толықтырып отырады. Экология ғылымы табиғатгы тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негізін жасайды. Сонымен бірге табиғат ресурстары мен онын қүраушыларында экологиялық факторларды қоршаған ортамен және адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі түжырымдары бекітіледі. Ал табиғат қорғау ғылымы - экология ғылымының негізгі түжырымдарын жүзеге асыратын мемлекеттік немесе қоғамдық игі істер жиынтығы. Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бір-бірімен үйлесімді әрекет еткенде ғана табиғат апаттарына жол бермейді. Нәтижесінде, табиғат ресурс-тарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жоспары жүзеге асады. Сондықтан "табиғат қорғау" үғымының мәні зор. "Табиғат қорғау" үғымына жақын "қоршаған ортаны қорғау" үғымы да жиі қолданылады. Ол адам баласының қоршаған табиғи ортаны әлсуметтік-экономикалық түрғыда қорғаудың жиынтығы. Адам баласы табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін табиғатты тиімді пайдалану жүйесі бойынша жүмыстар атқарады. Ал табиғатты тиімді пайдалану - табиғат ресурстарын пайдалану мен оны қайта түлетудің ең ұтымды әрі адамға пайдалы технологиясы.
Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ үрпактың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтенше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау завдары.
Табиғатгы қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағытгары. Табиғат корғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастырамыз.
1. Жекелеген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерді, агроэколо гиялық кешендерді игеруде казіргі заманғы ғылым мен техника
жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу.
2. Экологиялық заңцардың орындалуын үнемі кадағалау.
3. Ірі құрылыстарды, өнеркәсіп кешендерін т.б. объектілерді салуда экологиялық сараптама жасау.
4. Табиғи биоценоздарды сақтап қалу үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, т.б. үйымдастыру.
5. Табиғат қорғау мәселелері бойынша халықаралық, мемлекеттік деңгейлерде ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдар үйымдастыру.
6. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық әдеп пен мәдениетті қалыптастыру.
7. Табиғат корғау мәселелерін піешу жолдары, оның барысы туралы үнемі үгіт-насихат және ақпарат жүйесін үйымдастыру.
8. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған өлкеміздің табиғатын өз қалпында сақтап қалуға немесс кайта түлетуге үлес қоса аламыз.
Лекция
Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 4687;