Табиғи ресурстар

Жоспар

1. Табиғи ресурстардың жіктелуі адам өмірінде және табиғаттағы маңыздылығы.

2. Табиғатты тиімді пайдалану

3. Аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар

Негізгі ұғымдар: табиғи ресурстар, сарқылмайтын, сарқылатын, табиғатты тиімді пайдалану

1.Табиғи ресурстардың жіктелуі адам өмірінде және табиғаттағы маңыздылығы. Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және коғам-дық ауқымдағы іс-шаралар жатады. Әрбір мемлекеттің, үлттың табиғат қорғау барысында ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Олардың негізін қалаушы ата-баба-ларымыздың ой-өрісінен туындаған аңыздар мен ақиқаттар - өмір тәжірибелері.

Сондықтан да түз тағысы киікті киелі, жер мен суын қасиетті деп, жас үрпағына түсіндірген ата-бабамыз табиғаттың қадіріне жете білген. Шүрайлы жайылымын, орман-тоғайын, өзен-көлін пайдаланып әрі оны корғауды мақсат еткен.Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат - оның байлығың тиімді пайда-лана отырып, болшақ ұрпакка қаз-қалпында жеткізу. Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет .

Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оньщ коры үздіксіз айналымға түсіп, калпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.

Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және калпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мүнай, комір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын қорларды адам баласының өте үқыпты түрде пайдалануы болашақ үрпақтың қамын ойлағаны (1-сызбанүсқа).

Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Аталған қорларды барынша пайдалану, біржола жойып жіберуге апарады. Мысалы, адам баласының теріс іс-әрекеттінен жер бетіндегі аңдардың 106, құстардың 139 түрі біржола қүрып кеткен. Тіптен, қазақ даласында тіршілік еткен жабайы түйе, қүлан, жабайы жылқы, жолбарыстар бүгінде жоқ. Ал өсімдіктер мен жануарларды, топырақты үзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ол үшін табиғат қорларын қорғаудың барлық шара-ларын қолдану керек. Топырақ қарашіріндісінің түзілуі өте үзақ -мыңдаған жылдарға созылады, ал оның бүлінуі әп-сәтте. Осыған орай адам баласы топырақтың қүнарлығын сақтау үшін агротехникалық шараларды дұрыс қолданып, қосымша органикалық минералды тыңайтқыштар беріп отырады. Топырақтың тозуы көптеген антро-погендік факторларға байланысты. Соның негізгілері - топырақ эрозиясы, тозуы, шөлге айналу және ластану. Осының бәріне де адамның іс-әрекеті себепші.

Соңғы жылдары жер шарындағы барлық табиғат қорлары бүрын-сонды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр. Олардың ең бастысы - әлемдік климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, енеркәсіптің қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріп, адамдардың ден-саулығына қауіп төндіруде. Бүл апатты қүбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы дүниежүзілік мүхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде.

1-сызбанусқа








Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 11322;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.