Халықаралық табиғи ресурстар.

Әлемдік экологиялық проблемалардың негізі – процестер мен құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының тіршілігінің негізгі әрететін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи ресурстардың халықаралық ерекше статуста екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып, оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе – теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей , қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса көңіл аударуға проблемасы қойылып отыр.

Айнала табиғи ортаны қорғау обьектілерінің халықаралық классификациясы

 

Адамзат баласының экологиялық проблемаларды шешуге күш салу қажеттілігін ХХ ғасыр басында В.Н. Вернадский айтқан болатын. Әлемдік даму моделінің нәтижесі дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келукеректігі, яғни халықаралық қарым – қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:

1. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе – теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;

2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;

3. Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, әскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік).

Аталған бағыттарды іс жүзінде асыру, біршама шамаларды қарастырады, олардың ішінде атап көрсетсек, экономикасы дамыған елднрдің артта қалған мемлекеттерге қаржылай және техникалық көмегі, ресурстарды үнемдеу проблемасы жөніндегі технологиялық шешімдер, қоғамның қажеттілігін экологиялық таза өнімдерге бұру мақсатында экономиканың салаларына құрылымдық өзгерістер жасау, экологиялық бағыттағы халықаралық форумдар ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғауда халықаралық жауапкершілік механизмдерін құру, экологиялық салық салымдарын енгізу, біріккен стратегиялар мен концепцияларды жасау, жекеленген табиғи ресурстарды пайдалануды шешу.

Халықаралық ынтымақтастықтың келесі формаларын бөліп көрсетуге болады:

1. Парламентаралық ынтымақтастық, мемлекет арасындағы экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз жасауға бағытталған, бұнда заңдылық қызметін үйлестіреді. Осында экологиялық заңдар модельдерін жасау қарастырылған, бірақ ұсыныс ретінде.

2. Жекеленген мемлекеттердің атқарушы құрылымдарын, өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру, БҰҰ қамқорлығымен жүзеге асатын экологиялық бағдарламалар бағытын реттеп отырады.

3. Конвенциялық (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) жекеленген территориялармен обьектілердің нақты экологиялық проблемасын шешуге біркелкі тәсілдер.

4. Ғылыми – техникалық ынтымақтастық ғылыми сипатта өзара мәліметтер алмасуға бағытталған. Бұнда бірігіп орындау қажет: табиғат қорғау зерттеулерін, кешенді түрде жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану, ғылыми жобалар мен сараптама жүргізуді.

Жоғарыдағы келтірілген негізгі халықаралық ынтымақтастықтар қоғамдық ұйымдардың, іскер адамдардың, мемлекетаралық әртүрлі форумдар өткізулермен іске асып жалғасып отырады. Бұндай кездесулерде әр елдегі экологиялық жағдайын талқыға түсіп, оны шешудің экономикалық проблемасы көтеріледі, содан кейін ғана оны қаржыландыру жөнінде шешім қабылданады. Мысалы, Қазақстандағ Арал теңізі немесе Семей атом полигонының зардабын жоюға АҚШ, Англия, Германия, Жапония мемлекеттерінің қаржылай, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық көмегін атап айтуға болады.

Екі жақты және көп жақты келісімдер мен халықаралық конвенциялар әртүрлі елдердің табиғат қорғау күштерін қадағалайды. Бұндай келісім – шарттардағы серіктес болып көбінесе көрші елдер мен мемлдекеттер аймағтағы табиғи ортаны сақтаудың жалпы мүдделері және кейбір ресурстарды бірігіп пайдалану жөнінде болып тұрады. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерімен оңтүстіктегі сырдария өзеніне жазғы күндері су жіберу мәселелері жөнінде келісім – шартқа отырған.

Халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығының тарихы әлемдегі жануарлар әлемін сақтау және пайдалануды реттеу жөніндегі келісімді жасаудан басталған. Бұдан 127 жыл бұрын 1875 жылы Австро – Венгрия және Италия құстарды қорғау декларациясына қол қойған. 1882 жылы бірнеше Европа мемлекеттері Париж қаласында ауыл шаруашылығына пайдалы құстарды қорғау жөніндегі бірінші конвенцияға қол қойды. Халықаралық келісім көбінесе

балық, кит және теңіз жануарларын қорғау үшін жасалады. Солтүстік мұхиттағы балық аулауды реттеу жөніндегі тәртібі 1882 жылы жасалып, қазіргі таңда осы салабойынша 70- тен астам келісімдер бар. 1954 жылы теңіз суларының ластануы проблемасы жөнінде Лондонда 20 ел қойған конвенция, теңізді мұнай өнімдерімен ластауды болдырмауға қол қойды. Келісім бойынша мұнай және мұнай қоспаларын қол қойған елдердің жағалауларына 80-250 километр қашықтық аралығында тастауға рұқсат етілмейді. Кейіннен осы сферада жаңадан конвенцияларға (1972, 1973 ж.ж.) қол қойды, онда қатаң шаралар қарастырылған суларға шайынды және радиоактивті қолдықтарды тастауға. Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен ғарышты бірігіп пайдалану жөніндегі келісім – шартқа отырған. Каспий теңізіндегі экологиялық тепе – теңдікті және ондағы табиғи ресурстарды қорғау жөнінде Иран, Ресей, Өзбекстан, Түркменстан елдерімен ынтымақтастық шарттарға қол қойған.

 

Халықаралық құқық принциптері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері.

Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халықаралық ынтымақтастығы қызметі халықаралық экологиялық құқығымен реттеледі. Оның негізінде барлық елдер келісіп, қабылдаған принциптер мен нормалар жатыр. Осы принциптердің қалыпасуына маңызды үлес қосқан БҰҰ қоршаған ортаны қорғау проблемасы жөніндегі Стокгольм конференциясы (1972 ж.), Әлемдік табиғат хартиясы мақұлдаған (1982 ж.) және Халықаралық БҰҰ конференциясы айнала қоршаған орта және дамыту Рио-де -Жанейро (1992 ж.).

Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі экологиялық принциптерінің даму тарихын үш кезеңге бөліп көрсетуге болады:

1.Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ Стокгольм конференциясы (1972 ж.) мемлекеттер және халықаралық қоғамдастықтың экологиялық саясатындағы маңызды кезеңі басталуын белгілеп берді. Конференцияның қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, бұнда әлемдік қауымдастықтың айнала қоршаған ортаны қорғаудың страсегиялық міндеті, жұмыс жасау бағыты анықталды. Стокгольм конференциясы 5 маусымды Халықаралық қоршаған орта қорғау күні деп белгіленді. Конференцияда БҰҰ қоршаған орта жөніндегі тұрақты жұмыс органы құрылды, оның штаб – пәтері Найроби қаласы (Кения) таңдап алынды. Қабылданған бағдарламада негізінен үш бағыт, табиғатты қорғау жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауда:

- айнала ортаны бағалау - әлемдік бақылау жүйесі;

- айнала ортаны басқару;

- көмекші шаралар, қоршаған орта сферасында білім беру және мамандар даядлау;

Аталған ұйым басқа халықаралық ұйымдардың қоршаған орта компоненттері – жер, су, атмосфера, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, сақтау, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіреді.

2. Әлемдік табиғат хартиясы БҰҰ Бас Ассамблеясы 28 қазан 1982 жылы қабылдаған. Стокгольм конференциясы сияқты, Әлемдік табиғат хартиясы Халықаралық қауымдастықтың

экологиялық қызметінің басты бағыттарын анықтады, бұл мемлекеттердің экологиялық

саясаттарын әрі қарай қалыптасуына өзіндік үлесін қосты. Ғалымдар мен мамандардың

зерттеулері бойынша әлемдік табиғат хартиясы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың халықаралық құқықтық принциптерін дамыту жолында ілгерілеушілікке қол жеткізеді. Хартияда келесі негізгі принциптер жарияланады:

- адам баласы, табиғаттың құрамдас бөлігі екенін саналы түрде ұғынады. Сондықтан, табиғатқа құрметпен қарап, оның негізгі принциптерін бұзбауға тиіс;

- жер бетіндегі өмір тіршілігінің генетикалық негізі қауіке тірелмеу керек. Әрбір түрдің көбейіп таралуына жабайы немесе үй жануары болсын,оған жағдай туғызылуы, яғни қажетті тіршілік ортасы сақталсын;

- жер бетіндегі барлық региондар, құрлық, теңіз болсын қорғау заңдылықтарына бағынышты болғаны жөн, бөлек қорғалумен қамтамасыз етілуі қажет, ерекше аймақтар – барлық экожүйе түрлері және сирек, жойылып бара жатқан флора, фауна тіршілік ортасы;

- табиғи ресурстарды қолдауда ысырап етушілікке жол бермеу, олар пайдаланылуы тиіс орынды, табиғат хартиясы принципі талап етуі бойынша; биологиялық ресурстар өздерінің қалпына келу мүмкіндігі мөлшерінде ғана пайдаланылғаны жөн, бірнеше рет қайталанып қолданылатын ресурстар суды қосқанда айналымға жіберген дұрыс.

Хартия мәлімдегендей, табиғи ресурстарды аяусыз және ұтымсыз пайдалану нәтижесі , сондай – ақ мемлекеттер мен халықтар арасында тұрақты экология – экономикалық тәртіпті орнату қабілетінің жоқтығы цивилизация негізін жояды.

3.БҰҰ қоршаған орта және оны дамыту конференциясы (Рио-де-Жанейро 3 – 4 маусым 1992 ж.) Рио-де-Жанейро қаласында 114 мемлекет басшылары 1600 мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері бас қосты. Бұл ХХ ғасыр тарихындағы ең қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тарихи конференция болды.

Конференция 5 негізгі құжатты мақұлдады:

- деклаларация қоршаған орта және оның дамуы;

- күн тәртібінде – ХХI ғасыр;

- мәлімдеме барлық орман түрлерін сақтау және тұрақты дамудады басқару принциптері;

- конвенция климаттық өзгеру проблемасы жөніндегі;

- конвенция биологиялық түрлер туралы.

БҰҰ конвенциясының маңызды қол жеткен келесі факторларды қол жеткен келесі факторларды мойындауды мақұлдады:

- қоршаған орта экономикалық даму проблемасы бір – бірімен бөлек қарастырылмайды;

- жер экожүйесін тұтастығын тепе – теңдігін қалпына келтіру, қорғау, сақтау міндетіне байланысты барлық мемлекеттер серіктестік құрып қызмет жасауы тиіс;

- әлем, айнала орманды қорғау және дамуы өзара байланысты және бөлінбейді;

Мемлекеттердің әлемдік қауымдастығының экологиялық стратегиялық негізін жасауға тұрақты даму концепциясы ұсынды.

Конференцияда атап көрсетілді: тұрақты даму, оның мәнісі, экономикалық даму мен экологиялық проблемаларды бір мезгілде шешу, оған ешқандай альтернатив жоқ екендігі.

Осы конференцияға қатысқан өздері міндеттеме алған мемлекет тұрақты даму жолына түсуі тиіс. Адамдардың тіршілік ортасы барлық биосфера, біркелкі және тұтас жүйені құрайды, сондықтан да тұрақты экология – экономикалық қатынас тек барлық мемлекеттердің келісілген біріккен күші негізінде мүмкін бола алады.








Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 3315;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.013 сек.