Биоценоздағы организмдердің қарым-қатынастары

Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-катынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістік қарым-катынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, қүстар мен жануарлар арасында болды.

Бәсекелестік. Бәсекелестік дегеніміз бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, түрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастарының көрінісі.

Жыртқыштық. Жыртқыштық түрлер арасында болатын карым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Ол кейде корек, аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді.Жыртқыштык организмдер үшін оңайға түспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып үстауы кажет. Ал, жемтік өз кезегінде жауына деген корғаныс қабілеті немесе жоғары бейімделушілік қасиетке ие болады.

Паразитизм. Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету. Паразиттік қүбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бүл процестер бактериядан бастап, жоғары сатыдағы организмдер арасында болады. Әсіресе, вирус, бактерия, саңырауқүлақ, қарапайымдылар, қүрттар арасында жиі кездеседі.

Симбиоз. Екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі.

Комменсализм. Немесе арамтамақтық күбылыс. Бүл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Яғни, бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмейді. Ал, кейде екінші организм біріншісін қозғау қүралы немесе қорғанысы ретінде де пайдаланады.

Мутуализм. Әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуде. Мәселен, отшельник шаяны мен актиния арасындағы қарым-қатынас немесе күмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының мысалы.

Зоохария. Жануарлардың орын ауыстыруы арқылы түқымдарын кеңістікке тарату күбылысы. Зоохария - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының үзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер, кыл-шықтар пайда больш олар қүстар, сүт қоректілердің, басқа да жән- ' діктердің денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алыс кеңістіктерге тарап отырған. Өсімдік түқымдарының бүл жолмен таралуын -эктозоохария дейді. Ал, кейбір өсімдіктердің түқымдары жануарлардың нәжістері арқылы таралады. Оларды - эндозоохариялық таралу жолы деп атайды.

Аллеопатия. Бүл организмдердің денесінен өзіне тән химиялык өнімдер шығару аркылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдік-терден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мәселен, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т.б.) теріс әсерін тигізсе, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді. Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактивті) немесе жеркенішті (репеллентті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер, әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды.

Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі активті заттар бөліп өзінің жауына карсы немесе еліктіргіш сигнал беру касиетіне ие болады. Биологиялық активті заттарды көп организм де бөледі. Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрін - амменсализмдеп атайды. Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір қүмырсқалар көршілес қүмырсқа илеулерінен жүмыртқа мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бүл қүбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек.

 

Лекция








Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 8137;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.