Экология пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері

Жоспар:

1.Экология пәні, экологияның тапсырмасы

2.Экологияның ғылым ретіндегі даму тарихы

3.Қазіргі кездегі экология білімінің мағынасы

Негізгі ұғымдар:экология, биология, биогеоценоз, биоценоз, популяция, эксистема, синэкология, аутэкология, демэкология.

Экология - биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, "Экология" терминін ғылымға алғаш енгізген Э. Геккель (1866). Экология термині гректің ойкос - үй, тұрақ, мекен және логос - ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым -деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.

Э. Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерттеу аясын, мазмұны мен мақсат-міндеттерін кенейте түсті. Алғашқыда тек тірі организм-дерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу аума-ғын дамыта отырып адамзат, коғам, табиғат ортасындағы қарым-қаты-настарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін кешенді ғылымға айналады. Экология ғылымдардың ғылыми деңгейіне көтеріледі.

Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, географиялық орналасу заңдылығына, топырақ кұрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Ал, антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бүдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмүнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.

Экология - организмдердің арасында болатын (особтар, түр, түр-аралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) карым-қатынас-тарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеу-мен қатар табиғаттағы өзгерістерді, қүбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.

Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдык проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақ-тылығын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы карым-катынас-тарды үйлсстіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адамьш-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының зерттеу нысаны - биологиялық және географиялық микро және макроэкожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожуйелер, т.б.) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы (динамикасы).

Экология гылымының негһгі зерттейтін мәселелері:

Ø организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;

Ø биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;

Ø табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;

Ø адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

Ø биосфера шегіндегі географиялық заңдыльқтардьң тұрақтылығын сақтауды камсыздандыру;

Ø биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру;

Ø көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін, әдет-ғұрпын қалыптастыру;

Ø экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады.

2. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы. Экология - биология ғыльмының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбек-терінен кереміз. Табиғат кұбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейім-делушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберінде экологиялық турғыдан қарастырады.

Экология ғылымының қальптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарас-тыруға болады.

І кезең. Биоэкологиялык зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бүл кезең XVIII ғасырдын аяқ шенін камтиды. Мәселен, К. Линей (1707-1788) Ж Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), П.С.Паллас 71741-1811), И. И. Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н. А. Северцов (1827-1885), Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В. В. Докучаев (1846-1903), Шокан, Уәлиханов (1835-1865), т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми-зертгеулер жүргізіп, экология ғьшымының дамуына өз үлестерін косты. Осы түстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламарктың "Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы", А. Декандольдың "Бота-никалық география", К. Ф. Рульенің "Жануарлар экологиясы", А. Н. Бекетовтьвд "Өсімдіктер географиясы", Ч. Дарвиннің "Түрлердің шығу тегі", В. Докучаевтың "Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі", т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ад, неміс зерттеушісі - дарвинист Э. Геккель 1866 жылы "Экология" терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е. Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.

ІІ кезең.Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бүл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен катар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Лева-ковский, С.И.Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов, т.б. өсімдіктер эколоғиясын зерттеп дамыта түсті.

Әсіресе, осы кездерегі Г. Ф. Морозовтың "Орман туралы ілімі", Д. Н. Кашкаровтың "Орта және бірлестіктер", "Жануарлар эко логиясының негіздері", ағылшын А. Тенслидің "Экожүйелер туралы ілімі", орыс ботанигі В. Н. Сукачевтың "Биоценоз", В. И. Вернадскийдің "Биосфера туралы ілімі", т.б. ғалымдардын енбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын. Бүдан әрі экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен мін-деттерін айқындай түсті.

Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевчу, Г.Г. Винберг, Г.В. Никольский, Б. Г. Ноганзян), насекомдар экологиясы (И. В. Кожанчиков, Г. Я. Бей-Биенко, В.В. Яхонтов, Г.А.Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушьшар экологиясы (А. Т. Банников, Н. И. Калабухов, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Г.А.Новиков, С. С. Шварц), өсімдіктер экологиясы (В. Н. Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), деп танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың "Өсімдіктер экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), т.б. еңбектер казірге дейін маңызын жойған жоқ.

Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтқанда, ғалымдар: В. А. Плющевский-Плющик, П. Ф. Соловьев, А. И. Радкевич, С. В. Шостик, П. . Жуков, И. К. Лопатин, Л. С. Долбин, В. В. Адамов, Б. И. Якушев, Г. А. Новиков, Г. Г. Винберг, Л. М. Сущени, Л. В. Камлюк, т.б. өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.

Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу күралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар экологиясы" (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің "Биология" (1939), Ю. Одумның "Экология және экология негіздері" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология негіздері" (1979), Ф. Рамаданың "Қолданбалы экология негіздері" (1981), Н. Чернова мен А.Былованың "Экология" (1988), В. А. Радкевичтің "Экология" (1977), Н. Ф. Реймерстің "Экология (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық көрген құнды еңбектер қатарына жатады.

ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитың деңгейге жетіп отыр. Осыған, орай, экология ғылымының колданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалык зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына: А. М. Гиляровтың "Популяциялық экология" (1990) М. Захарченконың "Экологияның казіргі проблемалары" (1955), Н. Реймерстің "Экология" (1994), В. В. Глуховтың "Экологияның экономикалық негіздері"; (1995), Ф. Мотузконның "Экология негіздері" (1994), С. Боголюбовтың "Экология және право" (1989), Ю. А. Израильдің "Экологиялық мониторинг" (1995), Н. Реймерстің "Экологияландыру" (1993), Г. Сиде-ренконың "Экологияның казіргі заманғы проблемалары" (1993), М. Бигонның "Экология" (1989), В. Вронскийдің "Қолданбалы экология" (1996), С. Тлеубергеновтың "Адам эқологиясы" (1996), Г. К. Сағым-баевтің "Экология негіздері", Экология және экономика (1995), Ж. Ж. Жатканбаевтьщ "Экология"(2000,2004), А. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілде-баевтің "Экология" (2001), С. Дрябо мен В. Ясвиннің "Экологиялық педагогика және психология" (1996), В. Хелсенің "Философия және экология" (1993), т.б. еңбектерді жатқызуға болады.

Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі -экологиялық педагогика (көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру), адам экологиясы және халықтық экология "этноэкология" бағыт-тары дами түсуде. Бүл - бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің түрақты сақталуы - адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез туды. Сондықтан XXI ғасыр адамзаттың ақыл-ойы кемелденген - нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының ақыл-ойының деңгейіне тікелей қатысты.

Экология ғылымының негізгі мақсаты - биосфера түрақтылығын сақтау үшін салауаттығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезендеріне келсек, ең алдымен БҰҰ денгейінде үйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера" атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

 

Лекция








Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 14544;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.