Бірлестіктер экологиясы
Жоспар:
1. Биоценоздың түрлік құрылымы
2. Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы
3. Экологиялық орын. Биоценоздағы организмдердің қарым-қатынастары
Негізгі ұғымдар:Биоценоз, экологиялық орын, қатарлық, нейтрализм, аменсализм.
Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bіоs-өмір, kоіnоs-жалпы) -табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан түрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет үсынған неміс зоологі К. Мебиус (1877 ж.). Биоценоз қүрамындағы организмдердің бір-бірімен карым-қатынасын биоценотиқалық түрғыда қарастыру қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әр кашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы - биотоптардан турады. Яғни, биотоп - тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп - биогеоценозды қүрайды. Алғаш рет бүл терминді ғылымға 1940 жылы В. Н. Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей қүрамдас бөліктерден түрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші - жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы - биоценология деп аталады. Ал, биогеоценоз үғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғатгын біртүтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы биологиялык бірлестіктер - кез келген популяциялар мен биотоптардан түратын кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мүхиттардың биомасасын камтыйтын табиғи бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе - биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлык тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды.
Ғылымда биоценоз үғымының баламасы ретінде "Экожүйе" термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген. Шын мәнінде, екі үғым да бірдей мағынаны білдіреді, әрі бірін-бірі толықтыра түседі.
Биоценоз трофикалық сипаты түрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты - автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз үғымы көбінесе зерттелетін объектінің қүрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функ-циясын көбірек сипаттайды. Мәселен, экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік пен уақытқа байланысты көп түрлілік құрылым, 4) биогенді элемештер айналымы, 5) эволюция және даму, 6) басқару, 7) компоненттердің карым-катынастарын толық қарастырады.
Сондықтан экожүйе - экологияның функциялды бірлік өлшемі. Оның ең басты қызметі - ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі.
Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік карым-қатынастарды ғылымда биотикалық факторлар деп атайды. Яғни, биотикалық факторлар дегеніміз тіршілік барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері немесе ықпалы. Аталған факторлар бір түрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен, өсімдік - өсімдік қоректі организм (фитофаг) үшін ең қажетті роль атқарғанымен, кезегіндс фитофагтар Да өсімдіктің өнімділігін азайтып, қолайсыз жағдай туғызады.
Сол сияқты гүлді өсімдіктер үшін оны тозаңдататын аралар, т.б. жәндіктер үлкен роль атқарады. Осының бәрі биоценоз қүрылымының күрделілігін және ондағы тіршілік иелерінін бір-біріне тәуелді, пайдалы немесе кері әсер ете отырып үнемі даму үстінде екендігін көрсетеді.
Биоценоздың түрлік құрылымы. Әрбір биоценоздің өзіндік түрлік күрамы қалыптасқан. Сондықтан биоценозда бір түрдің популяциялары өте көп болса, ал екіншілері керісінше болуы мүмкін. Осыған байланысты биоценоз ондағы түрлердің санымен және сапасымсн сипатталады. Егерде биоценозда бір немесе екі өсімдік түрі онын 90 % күраса доминантты (басым) өсімдіктерге ие болады. Кейде мұндай өсімдіктерді сол биоценоздың эдификаторы деп те атайды. Мәселен, карағайлы орманда қарағай - эдификатор болып саналады.
Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы. Биоценоздарға организмдер алғаш рет коныстанғаннан бастап көптеген экологиялык факторлаға байланысты орналасады. Орга-низмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды немесе вертикальды бағытта орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның биоценоздағы бір көрінісі - ярустылық (катарлық). Ярустылык - биоценоздардың биіктік бойынша жіктелуі. Ярустылықты өсімдіктер бірлестігінен көруге болады. Мәселен, орман-нан 6 ярустыльщты кездестіреміз: I ең ұзын ағаштар (шырша, қарағай, емен, т.б.); ІІ екінші қатарлы ағаштар (шетен, ырғай); III бүталы ағаштар (шие, итмүрын, т.б.); IV жартылай бүталы ағаштар (тобылғы, сасырлар); V шөптесін өсімдіктер (қымыздық, шайқүрай); VI қыналар мен мүктер. Тіпті ярустылықты жер асты бөлімдерінде айқындауға болады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік қүрамы, бейімделу белгілері жіктелген.
Топырақтағы, судағы организмдерден де өзіне тән ярустылықты байқауға болады. Бірақ, мүндағы экологиялық факторлар мен талаптар әр түрлі болуы мүмкін. Сол сияқты ярустылық заңына бағынбайтын түрлер де бар. Мәселен, олардың катарына көптеген паразиттерді, ірі авдар мен қүстарды жатқызуға болады. Ярустылық пен горизонтальды биоценоздардың да кеңістік қүрылымы ерекшеленеді.
Экологиялық сукцессия. Биоценоздағы тәуліктік, маусымдық ауыт-кулар бірте-бірте бірлестіктерді толык бүлдіруі мүмкін. Осылайша биоценоздардың ауысуы экологиялык сукцессия процесі дейді. Әрине, сукцессия процесі көптеген факторларға байланысты (климаттың өзгеруі, табиғаттағы апаттар, т.б) үзақ мерзімді не қыска уақыт ішінде жүзеге асуы мүмкін. Нәтижесінде, жер бетіндегі биоценоздар жойылып, орнына жаңалары пайда болады. Онымен бірге фауна мен флора да өзгереді. Кейбір түрлер жойылып немесе орын ауыстырып кетсе, ал кейбіреулері жаңадан пайда болады. Сондықтан сукцессия процесі жүру үшін белгілі бір шарттарға байланысты немесе тәуелді болып отырады. Ол зандылықты көрнекті эколог Ю. Одум зерттей келіп, оның 4 аспектісін көрсетті:
1. Сукцессия кезінде өсімдіктер мен жануарлардың түрлік күрамы үздіксіз өзгереді.
2. Сукцессия барысында органикалык заттардың биомассасы үлғайып отырады.
3. Сукцессия барысында организмдердің әр түрлілігі көбейе түседі, оның себебі, биоценоздар жіктеліп, үсактанып кетуінің нәтижесінде организмдерге қолайлы экологиялық ортаның тууы болса керек.
4. Сукцессия кезінде таза биологиялық өнімділік күрт азая бастайды.
Экологиялық орын. Әрбір жеке организмнің тек өзіне тән қолайлы тіршілік ететін орны болады. Ол көбінесе биоценоздың қүрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше функциясымен сипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австрияда немесе Еуропада болсын олардың экологиялық орны мен атқаратын қызметі үқсас болып келеді. Экологиялық орынның тұракты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал, бір систематикалық түрге жататын туыс түрлер тіптен қоректік түрғыда өте тиімді жіктелген.
Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 7501;