Экологиялық факторлар
Жоспар:
1.Қоршаған орта және экологиялық факторлар
2.Организмдердің бейімделуі жөніндегі негізгі ұғым
Негізгі ұғымдар:организм,экологиялық факторлар, абиотикалық факторлар, биотикалық факторлар, антропогендік факторлар, эдафикалық факторлар, лимиттеуші факторлар.
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар - топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі кұбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері (ірі немесе ұсақ бөліктері) тірі организмдерге он немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта - ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін колайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтык күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз - организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей жанама әсер ететін айнала коршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге қажетті жагдайлар деп - тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Экологиялык факторлар дегеніміз - организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтері. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса фактор-лардың әсеріне әр түрлі реакция (жауап) береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін түз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал түщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бүл қолайсыз факторлар болып табылады. Міне, осы жағдайлар мен фак-торлар оларға организмдердің бейімделуі үзақ жылдар бойы қалып-тасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.
Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалык, биотикалық және антропикалық.
Абиотикалық факторлар дегеніміз организмдерге әсер ететін бейорганикалык ортаның жиынтығы. Олар - химиялык (атмосфераның химиялык кұрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер, т.б.) және физикалык (температура, қысым, ылғал, жел, радиация, т.б.) деп бөлі-неді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геомор-фологиялык құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышкылдығы, космостық сәулелер, т.б. факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.
Биотикалық факторлар дегеніміз тірі организмдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бүл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым-қатынаста болады. Аталған қарым-қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.
Антропогендік факторлар дегеніміз коршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қо сынды заттар айнала қоршаған ортаға тарайды. Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналасының бүзылуы, жердің күнарсыздануы, куаңшылык, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе қүрып кетуі, адам баласының денсаулығының бүзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бүрын-соңды болмаған климаттың өзгеру күбы-лыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалык факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айкын біліне бастады. Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бүзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проб-лемалар деңгейінде қарастырылуда.
2. Факторлардың организмге әсері. Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондыктан организм үшін факторлардың бүрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ад басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бүл заңдылықты неміс химигі Ю. Либих (1948 ж.) ашқан. Оны "Минимум заңы" дейді. Бүл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организмдердің факторларға деген талғамның шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер гөзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен, қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің қүрып кетуі, ал су қоймаларының пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеп соғады. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе, жабайы андар мен қүстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тәртіптері ескеріледі.
Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тірші-лігін жалғастыра береді. Организмдердің бүл тобын эврибионтты түрлер дсйді. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бүлғынды, ал кездейсоқ жолдармен енген колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті, т.б. көптеген арам шөптерді мысалға келтіруге болады.
Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. Оларды біз стенобионтты оргапизмдер дейміз. Стенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор абиотикалық немесе биотикалык болуы мүмкін. Мәселен, Іле Ала-тауының шыршалы орманында тіршілік ететін ак тиін үшін шектеуші фактор - қорек. Сол сияқты жеміс-жидегі мол тоғайларда тек дәнмен Қоректенетін күстар басым болады. Әсіресе, сексеуілді ормандардың түрғыны сексеуіл жорға торғайы, Іле Алатауының батыс бөлігінде, Ақсу-Жабағалы қорығында кездесетін жүмақ торғай, Алакөлдің реликті шағаласы, шөл-шөлейтті құмды аймактың сәні - карақүйрық, т.б. аң мен құстар таралуы шектелген стенобионтты түрлерге жатады. Стенобионтты организмдердің эврибионтты организмдерден айыр-машылығы таралу аймағының шектелуіне байланысты морфология-лық, физиологиялық және экологиялык жағынан бейімделу ерекше-ліктері басымырақ болады. Оған тән белгілер түсінің ортаға қарай ұласуы, түнге қарай активті тіршілігі, ін қазу, суды үнемдеу, т.б. қасиеттері жатады.
Факторлардың организмдерге әсерінің біртекті болмауы биоло-гиялық көп түрлілігіне әсер етуімен бірге олардың географиялық белдеулер және табиғат белдемдері бойынша таралуына да әсер етеді. Нәтижесінде, табиғаттың әр түрлі ландшафтарында микроорганизмдер, жануарлар мен есімдіктердің белгілі бір бірегей жиынтығы ортақ жағдайда тіршілік етеді.
Экологиялық факторлардың организмдерге тікелей немесе жанама әсер етуі олардьщ белгілі бір биотопқа бейімделген тіршілік фор-маларын қалыптастырады. Организмдерді экологиялық түрғыдан классификациялау (жіктеу) негізінен толық бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан, біз организмдердің тіршілік формаларын жіктеуде олардың тіршілік ортасын (мекенін) негізге аламыз.
Тіршілік формасы дегеніміз - организмдердің өзінің тіршілік ортасының ерекшелігіне қарай морфологиялық жағынан бейімделуі. Әсіресе, жануарлар дүниесінің тіршілік формасын ажырату өте күрделі. Жануарлардың тіршілік формаларын жіктеу Д. Н. Кашкаровтың (1945) жүйесі бойынша алынады:
Ø жүзгіш формалар (нектон, планктон, бентос);
Ø жартылай суда тіршілік ететіндер (уақытша қорек үшін сүң-гитіндер);
Ø қазғыш формалар (жер бетіне шыкпайтындар, жер бетіне уақытша шығатындар);
Ø қүрлық формалар: а) ін казбайтындар (жүгіргіштер, секіргіштер, жорғалаушылар); ә) жартас жануарлары; әуе формалары;
Ø ағашқа өрмелегіштер: а) ағаштан түспейтіндер; ә) ағаштарда жүретіндер;
Ø әуе формалары: а) әуеде жемтігін үстайтындар; ә) әуеден қарауыл-дайтындар.
Жоғарыдағы жүйеден біз организмдердің козғалуға бейімділігі бойынша жіктелу формасын көреміз. Академик Д. Н. Кашкаров жан-уарларды ылғал сүйгігіштер (гидрсфильдер), ал қоректену сипатына карай: өсімдік коректі, жыртқыш, көп коректі, өлексе қоректі, т.б. деп бөледі. Бүл жіктелулерге қарап біз организмдердің тіршілік форма-ларынын сан алуан екенін көреміз. Ең бастысы тіршілік ортасы немесе үқсас болып келетін организмдердің морфологиялық жағынан да үқсас болуы бейімделушіліктің негізгі роль атқаратынын көрсетеді.
Лекция
Популяция.
Жоспар:
1. Популяция және оның құрлымы.
2. Статикалық және динамикалық популяцияның көрсеткіштері.
3. Өмірдің ұзақтылығы
4. Популяцияның санының өсу динамикасы
Негізгі ұғымдар:популяция, бионттар, сан, тығыздық,ағза
1.Популяция және оның құрлымы. Популяциядегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" - "халық, топ" деген мағынаны білдіреді. Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мелшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты.
Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумактарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен үзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегей-лігіне байланысты болады. Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің үсақтап кетуіне әкеліп соғады.
Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиын-тығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болған-дыктан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген.
Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық попу-ляциялардан түрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша үзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы, раса немесе сол түрдің синонимі ретінде қарастырады.
2.Статикалық және динамикалық популяцияның көрсеткіштері. Популяцияның табигаттагы саны мен тыгыздыгы. Популяцияның саны мен тығыздығы оның касиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып саналады. Популяцияның саны дегеніміз белгілі бір көлемдегі немесе аумақтағы особьтардың жалпы саны. Организмдердің саны табиғатта түрақты болмайды. Оның аз немесе көп болуы особь-тардьщ өсімталдығы мен шығынына (өлуі) байланысты. Популяцияның тығыздығы белгілі бір көлемдегі немесе кеңістік-тегі особьтардың саны мен биомассасының салмағымен өлшенеді. Мәселен, 1 гектардағы шыршалардың саны 150 немесе 1 м3 көлемдегі су дафниялардың биомассасы 0,5 г. Популяцияның тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Тығыздық шексіз өсуі мүмкін емес. Ол үшін особьтардың кең таралуына қолайлы жағдай мен кеңістік болуы керек. Организмдердің кеңістікте таралуы олардың бірден 98 % кеміп кеткен. Ал, 1944 жылдан бастап тағы да жылына 2500 т шабақ аулана бастаған.
Популяциялардьщ өсімталдығы, өлім-жітімі (шығымы) және таралуы мен орын ауыстыруы олардың табиғаттағы сан мөлшерінің ауытқуына тәуелді болып келеді. Организмдердің көбею мүмкіндігі өте жоғары. Оны организмнің биотикалық потенциалы дейді. Ғалымдар кейбір организмдердің теориялық өсімталдығын зерттеген кезде көптеген қызьщты фактілерге көздері жеткен.
Организмдердің табиғаттағы сан мөлшері олардың шығынына да көп байланысты. Популяцияның шығыны (өлім-жітімі) дегеніміз -белгілі бір уақыт аралығындағы өлген особьтарының саны. Организмдердің шығыны орта жағдайларына, қорекке, ауруларға, популяцияның жас ерекшеліктері мен т.б. көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Кейбір организмдердің шығыны жас кезінде жоғары болса, ал біразы ересек кездерінде көбірек өледі. Организмдердін жалпы шығынын үш типке жіктеп қарастыруға болады. Яғни, организмдердің тірі қалу мүмкіндігінің үш типі бар. Тірі қалу мүмкіндігінің бірінші типі көбінесе насекомдарға, ірі сүтқоректілерге, ағаштарға, адамдарға тән. Бүл жағдайда организм-дердің өмір үзақтығы біркелкі дами келе ең соңғы жылдары (кәрілік кезеңі) қысқа уақыт аралығында шығын күрт көбейіп кетеді. Әрине, бірінші тип әрбір организмнің шығу тегіне, жасының үзақтығына, жыныс ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады.
Екінші типке жататын организмдердің өлім-жітімі өмірінің ұзына бойында түрақты болатын түрлерге тән. Бүларға түшы суларда тіршілік ететін ішек куыстылар жатады, әрі бүл сирек кездесетін қүбылыс.
Үшінші тип те көптеген организмдердің өкілдерін қамтиды. Оларға тән белгілер - организмдердің өмірінің бастапкы кезеңінде особьтардың шығынының өте көп болуы. Организмдердің өсімталдығы және шығынымен қатар олардың кеңістікте таралуы (миграция) да табиғаттағы саны немесе тығыздығына тікелей әсер етеді. Популяция өзінің бар мүмкіндігінше ареалын кеңітуге тырысады. Ол кебінесе жаңа үрпақтардың саны мен тығыз-дығына байланысты. Бірақ та, популяциялар өзінің ареалын шексіз кеңейте алмайды. Өйткені, жаңа жерлерде немесе жаңа орта олардың бүрынғы мекеніндей қолайлы болмайды, әрі шектеуші факторлар кедергі келтіреді.
Табиғатта сирек болса да популяциялардың кейбір түрлерінің өсу немесе өлім-жітімі шектен тыс көбейіп кету жәйі кездеседі. Егерде популяция күрт көбейіп кетсе, оны өсімталдыгы жогары типке жатқызамыз. Ондай популяцияларды көбінесе үсақ организмдердің өкілдері күрайды.
Дүниежүзілік тәжірибелерде мүндай фактілер жиі кездеседі. Популяцияның күрт азаюы кейде абиотикалық факторларға да байланысты.
Жалпы, популяциялардың көбеюінің екі типі бар: экспонециальды және логистикалық. Экспонециальды көбею логарифмді жолмсн өседі. Өсу жолын математикалық формуламен өрнектеген А. Лотки (1920). Популяциянын экспонециальды өсуі табиғатта оның тіршілік ортасының түрақтылығы мен шектеуші факторлары жоқ болған жағдайда ғана біраз уақытқа созылады. Аталған өсу жолы көбіне үзаққа бармайды. Өйткені, шектеуші факторлар әсер етіп өсу жылдамдығын, түрақты көбеюде керісінше бәсендеп, одан қайта көтеріліп 8 - тәрізді алмасып отырады.
Популяцияларды сипаттайтын қасиеттердің бірі - оның жастық құрылымы. Жалпы, популяциялардың өсімталдығы мен шығыны олардын жас ерекшеліктеріне тәуелді болады. Көптеген популяциялар жас және жыныстық жағынан біркелкі болмайды. Организмдердің жас ерекшеліктері, олардың үзактығы минуттардан басталып үзақ жылдарға юзылады. Популяцияларға қатысты организмдердің предпродуктивті, репродуктивті және пострепродутивті экологиялық топтарын ажыратады. Жастық күрылымы аз немесе көп болуы әрбір особьтің өмірінің үзақтығына байланысты. Кейбір біркүндіктер деп аталған насекомдардың личинкаларының жасы бірнеше жылға созылса, ал ересектері бірнеше күн ғана өмір сүреді. Бүған жататын организмдер езінің табиғаттағы сан мөлшерін тез арада қалпына келтіреді. Табиғатта популяциялардың санының азаю процесі ондағы жас особьтардің азайып, ересектерінің көбейгендігін көрсетеді. Негізінен жас особь-тардың көп болуы популяцияның сандық және сапалық қүрамын жаңартып, әрі түрақты үстап түруға тікелей әсер етеді. Популяциялардағы особьтардың жасының ұзақтығы, өсімталдығы, көбею жылдамдығы, ұрпақтар жиілігі жыл маусымдарына байланысты өзгеріп отырады.
3.Өмірдің ұзақтылығы. Популяциялардың ареалының кең немесс тар болуы организмдердін дене мөлшері, қозғалу активтілігі, қорек қорына, т.б. көптеген абиотикалық факторларға байланысты болады. Популяцияның табиғаттағы санын озін-өзі реттеу мүмкіндігі бар. Әрбір түрдің көбеюінің жоғарғы және төменгі шегі болады. Одан әрі түр көбейе алмайды. Сондықтан кез келген популяция өзінің сан мөлшерін оптимальды (қалыпты) жағдайда үстап түруға тырысады. Организмдердің табиғаттағы санының ауытқуының тәуліктік және маусымдық кезевдерін байқауға болады.
Популяциялардьщ өсімталдығы, өлім-жітімі (шығымы) және таралуы мен орын ауыстыруы олардың табиғаттағы сан мөлшерінің ауытқуына тәуелді болып келеді. Организмдердің көбею мүмкіндігі өте жоғары. Оны организмнің биотикалық потенциалы дейді. Ғалымдар кейбір организмдердің теориялық өсімталдығын зерттеген кезде көптеген қызьщты фактілерге көздері жеткен. Организмдердің табиғаттағы сан мөлшері олардың шығынына да көп байланысты. Популяцияның шығыны (өлім-жітімі) дегеніміз -белгілі бір уақыт аралығындағы өлген особьтарының саны. Организм-дердің шығыны орта жағдайларына, қорекке, ауруларға, популяцияның жас ерекшеліктері мен т.б. көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Кейбір организмдердің шығыны жас кезінде жоғары болса, ал біразы ересек кездерінде көбірек өледі.
4.Популяцияның санының өсу динамикасы. Популяциялардың табиғаттағы сан мөлшері әлсін-әлсін ауытқып отырады. Оның көптеген ішкі немесе сыртқы себептері бар. Көптеген ғалымдар популяцияның тез кебеюін қорек қорымш байланыстырса, енді біреулері бәсекелестікке, экологиялық орынға тәуелді деп санайды. Шын мәнінде қоректің мол болуы популяция санын кө-бейтуге непз болғанымен, оның жетіспеуі керісінше шектеуші фактор ретінде әсер етеді. Экологтардың бір тобы климаттық факторларды (температура режимі, ылғал, химиялық орта, т.б.) биотикалық факторлардан (паразиттердің әсері, аурулар, табиғи жаулары, т.б) жоғары қояды. Дегенмен де, біраз зерттеушілер популяцияның тіршілік ететін биотоптарыньщ типтеріне қарай факторлардың ролінің арта түсетінін дәлелдейді.
Кейбір жәндіктерде популяцияның ішкі реггелу процесі тығыздық артқан кезде олардың эмиграциясы арқылы жүзеге асады.Ішкі реттелу процесі организмдердің мекеніндегі қоректік қорларға да байланысты. Көптеген сүт қоректілер, қүстар, жәндіктер, т.б. организмдердің өздігінен реттелу механизмі мінез-қүлық сипатына да байланысты. Өсімдіктер популяциясының өздігінен реттелу механизмі де ішкі реттелулермен сабақтас болады. Ол өсімдіктердің тығыз немесе ұйыса өсуімен байланысты. Егер, өсімдік тығыз өссе, оның тұқым беру сапасы кеміп, ауыл шаруашылығына нұксан келеді. Әрине, олардың арасын-дағы тығыздық сипаты өсімдіктердің қоректену қабілетін арттырып, нәтижесінде популяцияның жартысы қурап кетеді. Осыған байланысты өсімдіктер популяциясы табиғи жағдайда мүмкіндігінше аймақтарға біркелкі таралуға тырысады. Оның негізгі реттеушісі жарык, ылғал және минералды заттар екені белгігі.
Кейбір организмдер өзінің популяциясын тұрақты ұстауда топ-танып, үйірленіп немесе колония құрып тіршілік етеді. Біраз сүтқоректілер, күстар, жәндіктер өз мекенін корғауға өте қабілетті екендігін әр түрлі мінез-құлықпен көрсетеді. Жануарларда сирек те болса кездесетін мінез-қүлықтың бірі популяция особьтерінің жұптасып немесе жеке-дара тіршілік етуі. Бұл қүбылыстарда популяциялардың өзіне тән табиғи реттелуін көрсетеді. Ал, популяциялары өмір бойы топ құрып түрақты тіршілік ететін жәндіктер бар. Популяциялардың ерекше қасиеттерінің бірі полиморфизм қүбылысы. Яғни, әрбір популяцияның өзіне тән ерекшеліктері болады. Олар - жас шамалары бойынша топтануы, жыныстык белгілері, маусымдык өзгерістерге байланысты қүбылуы, даму фазаларындағы өзгерістер мен айырмашылықтар. Популяциялардың жыныстық жағынан да топтануын көруге болады. Оны жыныстык диморфизм кұбылысы дейді. Полиморфизм қүбылысы жыл маусымының ауысуына байланысты да байқалады. Табиғатта популяциялардың сан мөлшерінің реттелу механизмінің бір формасы - популяция аралық реттелу. Яғни, биоценоздағы әр түрлі популяциялар бірін-бірі реттеуге тырысып, табиғаттағы жалпы түрақты дамуды жүзеге асырады.
Жоғарыдағы популяциялардың өзін-өзі реттеу немесе олардың ішкі және сыртқы реттелуі процестерінің негізгі түйіні табиғаттағы үрпақтарының сан мөлшерін түрақтандыруға үмтылуы. Бүл процесті жалпы тірі организмдердің, соның ішінде популяциялардың гомеостазы, ал олардың кейбір себептерден сан мөлшерінің ауытқу құбылысын динамикалық тепе-теңдігі дейді. Сондықтан, популяция жалпы биологиялық даму жүйесіндегі сыртқы ортамен үнемі қарымкатынаста бола отырып, өзінің ішкі реттелу механизмі аркылы органикалық дүниенің эволюциялык даму тенденциясын жүзеге асырады.
Лекция
Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 16297;