Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар.
Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бқлігі болып қалды. Әсіресе күнделікті өмірі мен жұмысы төрт бұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердәң маңызы да зор,одан тиетін зияны да зор. Бәрақ кез келген мәселенің шешімі бар екенің ұпытпаған жөн. Компьтердің монитордағы кескіндер адамдар көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Компьютерлендірудің алғашқы жылдарында ( компьютер-көрермен синдромы (CVS-Computer Vision Syndrome)дисплейлердің қолданушыларында ерекше шаршау байқалған. Оның себептері: дисплейдегі сурет бақылау объектілерінің үйреншікті көздерінен принципті айырмашылығы бар дискретті нүктелерден тұрады; оның нақтылы жиелігі бар, бұл нүктелер жылтылдап, жаңа бастайды да, өшеді; компьтердің түрлі түсті суреті табиғи суретттерге сәйкес келмейді. Компьютермен жұмыс жасаудың пайдалы жағымен қоса, зиянды жағы бар. Комьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулығңына теріс ықпал ететін негізгі факторлар.
1. компьютер алдында өте ұзақ уақыт отыру
2. монитордың электромагнитті сәулелерінің әсері
3. көзге салмақ түсуі
4. шаршау
5. білезіктердің буындарына шамадан тыс салмақ түсуі
6. мәлімет жоғалтуына орай стресс жаңдайы
Адамдар компьютерде босаң қалпында отырады. Ол денесінің қандай тұрғыда қисайғанына мән бермейді. Бұл ағзаға кері әсер етеді; Омыртқа,мойын,бастың бұлшық еті,қол және иықтарға артық салмақ түскендіктен балаларда сколиоз, остехондроз аурулары пайда болады. Көздер мәтін немесе суреттің майда дірілдеулерін, перденің жылтырауын тез тіркейді. Көз шамадан тыс салмақ әсерінен көру қабілетін жоғалтады. Кілегейленген түсті сәтсіз таңдап алу, шрифтер, терезелердің құрастырылымы, перденің теріс орналастырылуы көзге теріс әсер етеді. Микрожарақаттану- бұл күн сайынғы салмақ түсу нәтижесінде ағзаның біртіндеп тозуы. Ағзада көп жиналған микрожарақаттанулар болады. Ол қол немесе аяқтың сынуы сияқты тез пайда болмайды. Сіз ауруды сезінбес бұрын, бірнеше айлар өтеді. Ауру әр түрлі сезіледі. Ішкі ағзаның қыжылдауы, шаншу түрінде кездеседі. Компьютермен жұмыс жасау барысында оның зияндылығынан сақтанудың бірден бір жолы жұмыс үстелі басында дұрыс отыру және жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуында болып табылады. Егер біз әр бір екінші адамның үйінде компьютер барын ескеретін болсақ ол балалардың болашағы қалай болады деп ойлайсыз. Қорыта айтқанда компьютер адам өміріне өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көруде мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасы мен қоса зияны да бар. 1. дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан сколиоз ауруы қалыптасады. 2. көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды 3. Саусақ ұштарына пернетақтадан элетрленген сәулелер зиян әсер етіп, қол буындары ауырады.
Дата добавления: 2014-12-04; просмотров: 3082;