Кепілдікке алу-адамдарға белгілі бірталаптарды орындату үшін адамлдарды кепілдікке алу.
5)терроризм-физикалықтүрде жойып жіберуге дейін баратын үрдіс.
6)нашақорлық-наркотикалық заттыңкөмегімен организмнің ұстап тұруына бейімделуі.
7)маскүнемдік-спиртті ішімдіктердіжүйелі түрде пайдаланудан туындайтын созылмалы ауру.
8)шылым шегу-кейбіршоқтанатын өсімдік өнімдерінің түтініне демалу.
Экологиялық қауіп- литосфераның ластануының негізгі көздері: өндірістік өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, ауыл шар-ғы, мал шар-ғы, мұнай өнеркәсібі. Литосфераның құнарлылығын бұзушылар: хим-қ заттар(пестициттер,гербицидтер,тыңайтқыштыр), мұнай төгілуі, топырақ және су эрозиясы, топырақ шөлейттенуі.Атмосфераның ластанушы негізгі көздері: жылу электр станциялары, өнеркәсәптер,, автотранспорт. Атмосфераны негізгі ластаушылары: газдар күйі, шаңдар, микроағзалар.
4.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің міндеті.
Қауіпті жағдайларды зерттеу, анықтау, оларға баға беру: қауіпті және зиянды факторлардан қорғану және оларды жою жолдарын үйрету: болашақ мамандарға сыртқы ортамен қауіпсіз өмір сүру жөнінде жаңа сана-сезім қалыптастыру. ТЖ жағдайларда адамдардың өзін-өзі ұстау және саналы шешім қабылдауға үйрету.
Міндеті:
l қауіпті жағдаларды зерттеу, анықтау, оларға баға беру;
l қауіпті және зиянды фаторлардан қорғану және оларды жою жолдарын уйрету;
l болашақ мамандарға сыртқы ортамен қауіпсіз өмір сүру жөнінде жаңа сана-сезім қалыптыстыру;
l ТЖ жағдайларда адамдардың өзін өзі ұстау және саналы шешім қабылдауға уйрету;
Болашақ мамандарды өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларды жасау жөнінде теориялық білім және практикалық дағдымен қаруландыру.
Адамзаттың қоршаған ортамен (табиғи, өндірістік, тұрмыстық) қауіпсіз қатынасын қамтамасыз етуде төтенше жағдайлардан қорғануда барлық білім жиының біріктіру.
Қоршаған ортаның негативті факторларының адамның физиологиялық күйіне әсерін, шығу тегі мен мәнін білм жетістігіне сүйіне отырып тереңірек оқыту, қауіптерді сандық және сапалық жақтан талдау.
Тіршілік қауіпсіздігінің принциптері мен жалпы стратегиясын болжау, әр түрлі экспериментальды оқиғалар мен аурулар кезінде сауатты шешім қабылдай білу.
ТҚ нормативті және құқықтық базасымен танысу, ТЖ дайындық, қорғаныс және тж зардаптарын жою жүйесімен танысу, азаматтық қорғаныспен бірігіп халыққа алғашқы медициналық жәрдем беруге, әр түрлі шаруашылыққа көмек көрсетуге үйрету
Жеке бастың және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауакершілікпен қарау, зерделі көзқарас қатынасын қалыптастыру.
Қоршаған ортаның зиянды, қауіпті факторларын ажыратып оған баға беруіне дағдылану
Олардан қорғануға және зардаптарын жоюға үйрету
Өмір тіршілігіне қауіп төнгенде өз өзіне және басқаға көмек көрсету жолдарын үйрету.
5. Сыртқы ортаның антропогпендік ластаушылары қалайша жүйеленеді.
Антропогендік факторлар-адамның қатысуымен қоршаған ортаға организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды. Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін әсері мол қоршаған ортаның құрамы мен қасиетін көптеген өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігінің азаюы мен жойылып кетуіне әкелуде. Антропогендік факторлар организмге тікелей (ағаштарды кесу,аң аулау) және жанама әсер ету (ортаның ластануы,өзендерге су қойаларының салу) болып бөлінеді. Антропогендік ортаға техногендік факторлар (радиация,ластану,құрғату жұмыстары,электромагнитизм және т.б.) да жатады. Жалпыға белгілі факторлар классификациясынан (абиотикалық,биотикалық,антропогендік) басқа экологиялық факторлардың басқа да классификациялары кездеседі.
Антропогендік ластаушылар – табиғи ортаға адам әрекеттерінің әсер ететін шаруашылық факторлар жиынтығы. Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін ісері өте мол: қоршаға ауаның құрамы мен қасиетіне, өзендерге, теңіздерге, мұхиттарға, сонымен қатар жер бетіндегі топырақтарға, жай ластау емес, радиобелсенділігі бар заттармен ластау, экожүйелердің құрамы мен құрылымын бүлдіру.
Соның ішінде тіпті қоғамға пайдалы көптеген жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жойылып кетуі. Мысалы, зиянды көмірқышқыл газын жұтып, оттекті көп мөлшерде шығаратын тропиктік ормандардың жойылуы, көпьтеген биоценоздардың қалыпты жүйесінің бұзылуы.
6.Атмосфераның негізгі уландырғыш заттары, олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
Атмосфера –әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын жердің газ тәрізді қабықшасы.Ол биосферадағы физико – химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен арақашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады.
Атмосфераны ластаушы заттар:
Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті. Көміртегі (ІІ) оксидінің көп мөлшері өте қауіпті, бірақ ол тұрақсыз және жылдам СО2 мен басқа да қосылыстарға айналады. Химиялық белсенділігінің жоғары және тұрақты көп мөлшерде 150 – 200 млн тн шығарылуына байланысты күкірт диоксиді немесе күкіртті ангидриттің қауіптілігі зор. Ол өткір иісі бар, түссіз газ. Оның сумен қосылыстары адам мен жануарлардың тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, зақымдайды. Ұзақ уақытқа созылған улану қан айналымының бұзылуы мен өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Күкіртті газ, әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Өсімдіктер газдың ошлардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауын – шашынмен келіп түсуі нәтижесінде зақымданады. Бұл газ – өазіргі кездегі қоршаған ортаның әр түрлі элементтері мен биотасына әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы.
Күкірт ангидриттен басқа атмосфераға күкірттің басқа да зиянды қосылыстары келіп түседі. Оларға күкіртсутек жатады. Бұл газдың жоғары концентрациясымен улану өкпенің ісінуіне, тынс алу параличіне және өлімге әкелеп соқтырады. Табиғатта ол көбінесе су қоймаларында, шайынды суларда, ақуыздардың бактериалды ластану өнімі ретінде минералдық бұлақтарда кездеседі.
Күкірткөміртек улы қосылыс, түссіз, оңай жанатын сұйық. Ауамен жарылғаш қоспа түзеді. Адам ағзасына тыныс алу жолдары мен тамақпен бірге түседі. Орталық жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауын туғызады, есірткілік әсері бар.
Атмос-қ ауаның әртүрлі зиянды заттармен улануы, адамдар органының ауыруынан тыныс мүшелерінің ауыруына әкеліп соғады. Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әртүрлі қосындылар әр кезде де болады. Атм-ң ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсәп орындарының кейбір салалары, автокөлік және жылу энергетикасы жатады. Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші деңгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп қосылатын бірден-бір қосылыстар.ҚР-ң қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңнын аммиактык, фенолдың, қорғасынның және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлдеқайда атық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100есе артып кеткен.
Атмосфераның ластануының негізі көздері:
1. жылу электр станциялары;
2. өнеркәсіптер(химиялық, мұнай, түрлі-түсті металлургия т.б. );
3. Автотранспорт;
l Атмосфераның негізгі ластаушылары:
1. газдар (азот, көмір, күкірт тотықтары, көмірсутектер т.б.)
2. күйе;
3. шаңдар;
4. Микроағзалар т.б.;
Ауаны тазарту арқылы жабық орындарда және сыртқы орындарда қажетті температураны, ылғалдылықты, газдық және иондық құраманы, ауа орталарындағы иістерді, сонымен қатар ауа жылдамдығын ұстауға болады.
Әдетте қоғамдық және өндірістік орындарда ауа ортасының тек көрсетілген параметрлерін ұстауға болады. Ауаны тазарту жүйесі, ауаны өңдеуді (фильтрлеу, желдету, салқындату) жүзеге асыратын, техникалық құрылғылар кешенін құрайды. Ауаның жылу ылғалды-лығын өдеуге және оны тазалауға қажетті құрылғы, ауаны тазарту құрылғысы немесе желдеткіш деп аталынады.
Ауаны тазарту өндіріс, жұмыс орындарында, қалыпты технологиялық процестің жүруіне қажетті микроклиматты қамтамасыз етеді.
7.Автокөліктерден шыққан газдардың құрамына қандай уландырғыш заттар бар? Оларды қалайша зиянсыздырады.
Атмосфераны ластаушылардың негізгілері транспорт түрлері, әсіресе автомобильдердің жанармайларының жану өнімдері болып табылады. Автокөліктерден бөлінген газдың құрамында көмірқышқыл газы 9% , көміртегі оксиді 4 %, көмірсутектер 0,5%, оттек4%, сутек 2%, альдегиттер 0,004%, азот оксидтері 0,06%, күкірт оксидтері 0,006%, барлығы 200 – ге жақын компоненттер бар.
Қоршаған ортаға көміртек, күкірт және азот оксидтерімен бірге бензиннің құрамына кіретін концерогенді заттар, мысалы 3,4 – бензопирен мен қорғасын өте зиянды әсер етеді.
Атмосфераға транспорттардан бөлінген газдардың құрамында 25 – 27% қорғасын болатыны анықталған. Және оның 40% диаметрі 5мкм – ге дейін болатындықтан ауада ұзық уақыт сақталып, онымен бірге адам организміне түсетіндігі белгілі болды.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде шамамен 500млн. аса автокөлік жүріп тұрса, үлкен қалалардағы ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті. Мысалы, Лос – Анджелес қаласының ауасын үнемі 2,5 млн.автокөлік, Парижде 900 мың тағы сол сияқты ластайды. Ал, әрбір мың автокөліктерден күніне ауаға 3000 кг көміртегі оксидтері және тағы басқа отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Бұл физико – химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.
· Қазақстанның үлкен қалаларында автокөл-ң зиянды заттарды шығырудағы үлесі 60-80пайыз құрайды. Ол Алматы қаласында 90 пайыз. Ең көп тарайтын улы заттар-көміртегінің оксиді, күкірттің диоксиді, азоттың оксиді, көмірсутегі және қатаң заттар.
Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығарады. Мысалы, фтордың қосындысы хлор, қорғасын, сынап, бенз(а)пирен. Осы күндер атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен-күнге ұлғаюда.
8.Смог деген не?
Үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қауіпті ластануы. Оның 2 тұрпаты байқалады. Түтіннен немесе өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман: фотохимияляқ смог-өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансызжиынтығы, ол күннң ультракүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралды. Әрі өте улы келеді. Смог ауасы қатты ластанған үлкен қалалар мен индустрия орталықтарында кез келген табиғи және климаттық шарттарда қалыптаса береді. Жылдың жылы кезеңдерінде, желсіз шуақты ауа райында, ауаның жоғарғы қабаты жылы болып тұрған кезінде ауа массасының вертикальды айналымын тоқтатуды смог айтарлықтай қауіпті. Бұл құбылыс әсіресе желден табиғи қоршаулармен қорғанатын жерлерде, таулар мен холмдарда кездеседі. «Смог» терминді ең бірінші 1905ж доктор Генри Антуан өзінің «Туман и дым» деген мақаласы арқылы енгізген. Смог ағылшын тілінен түтінді тұман дегенді білдіреді- аэрозоль, түтін, туман және шаннан тұрады. Алғашында смог мағынасында көп көлемдегі көмірдің жануынан пайда болған түтін қолданылған. Ал 1950ж смогтың жаңа түрі анықталды, яғни фотохимиялық, ол ауадағы келесі ластандырғыш заттардың араласу нәтижесі болып табылады: азот оксиді, азот диоксиді, (қазбалы жанармайдың жану нәтижесі) трофрсфералық азон, ұшатын органикалық заттар (бензин, краска, растварительдердің булары және басқа химиялық заттар) нитритті перекисі.
Аталған химикаттардың барлығы жоғарғы химиялық белсенділікке ие және тез әрекеттеседі, сондықтан фотохимиялық смог қазіргі өркениеттегі ең негізгі проблема.
Фотохимиялық смог Лос-Анджелес қаласында байқалған, қазір де ғаламшарымыздың барлық дерлік бұрыш-бұрыштарында көрінеді. Смог көз көрерлікті төмендетеді. Металдың тотығуын күшейтеді,денсаулыққа кері әсер етеді әрі тұрғындардың өлімін көбейтіп, аурушаң етеді.
9 Гидросфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
Гидросфера – біздің планетамыздың аса маңызды құрам бөліктерінің бірі.Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады.
Гидросфера жердің басқа элементтері- атмосфера және литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір – бірімен байланыс-тырып, біртұтас жабық жүйе:мұхит – атмосфера – құрлықты түзеді.
Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.
Жер планетасындағы судың жалпы мөлшері 1386 млн.км3. Бұл судың 96,5 % әлемдік мұхитқа тиесілі.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруа – да пайдаланылған судың 4\3 бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1тн бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңінде 1500 тн, 1 тн күрішке 7000 тн, мақтаға 10 мың тн су жұмсалады.
Өнеркәсіпте 1 тн өнім алу үшін болат, шойын – 15 – 20 м3 , кальциленген сода - 10, күкірт қышқылы 25 – 80, азот қышқылы 80 – 180, синтетикалық жібек 300 – 400, синтетикалық талшық 500, мыс 500, пластмасса 500 – 1000 м3 су жұмсайды. Қуаты 300 мың квт. – сағат жылу электр станциясын жылына 300км3 су қажет.
\Соңғы жылдары өзен, көл, теңіз бен мұхит суларының ластануы қатты байқалуды. Табиғи суларды ластаушы негізгі көзге мыналар жатады:
1. өндіріс орындарынан шыққан полютанттар бар ағызынды сулар;
2. фекаллилер, детергенттер, микроорганизмдер бар тұрмыстық сулардан құралған ағызынды сулар;
3. улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштармен ластанған ауыл шаруашылық ағызынды сулары;
4. атмосферадағы ластаушы заттар, газдар мен қатты заттар;
Дата добавления: 2014-12-04; просмотров: 2364;