Төтенше жағдайлардың зардаптары
Облыс көлеміндегі төтенше жағдайларды алдын алу және жоюды ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы
«Қазақстан-2030» даму Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі ұлттық қауіпсіздік болып табылатыны белгілі, ал төтенше жағдайлар өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге жатады.
Сол себептен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу, ауыртпалықтарын азайту және тиімді әрі жедел жою шаралары басқарма қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып анықталып отыр.
Осы бағыттағы атқарылып жатқан шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2007-2015 жылдарға арналған төтенше жағдайларды алдын алуды және жоюды ұйымдастыру мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №1306 қаулысын жүзеге асыру және облыс әкімінің 2003 жылғы 11 қырқүйектегі №608 қаулысына сәйкес құрылған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия жұмысын үйлестіру щеңберінде атқарылуда.
Облыс көлеміндегі болуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуда кешенді іс-шаралар ұйымдастырып, облыстық мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру және төтенше жағдай орын алған жағдайда жедел түрде оның салдарын жоюдың бірінші кезектегі жолын қарастыру мақсатында 2010 жылдың қантар-шілде айлары аралығында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның 5 отырысы өткізіліп, онда:
- жылдың қыс-көктем айларындағы Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізуді ұйымдастыру;
- адам өміріне өте қауіпті қырым-конго қанды безгегіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыру;
- табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан бұзылған объектілерді (жолдар, көпірлер, мекеме шатырлары, бөгеттер мен гидроқондырғыларды) қалпына келтіру;
- облыс төңірегідегі қауіпті жағдайдағы су қоймаларын жөндеуден өткізу;
- үйірсіз саяқ шегірткелермен күресу шараларын жүзеге асыру;
- шалғай орналасқан елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін орналастыру және әлеуметтік нысандарды нақты өрт қауіпсіздік жағдайына келтіру туралы;
- жазғы кезеңде облыстың су айдындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы мәселелер қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
Төтенше жағдай зардаптарын жою мақсатындағы бөлінген 239,37 млн. теңге қаржының 35,8 млн. теңгеге қыс-көктем айларындағы Сырдария өзені арнасындағы су тасқыны салдарынан бұзылған Қызылорда қаласы аумағындағы өзеннің қорғаныс бөгеті мен Жалағаш, Қармақшы ауданындағы Оң тармақ каналының 343,380 және 419 және 518-606 бекеттерінің қорғаныс бөгеттеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді және Қазалы ауданы аумағындағы Жайықбай, Иланды, Оң жаға учаскелерін қалпына келтіруге жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Сондай-ақ, Сырдария ауданындағы жергілікті маңыздағы жолдар санатындағы Тереңөзек-Шаған автокөлік жолындағы қалқымалы көпірді және Ысқақ-Қайыр учаскесіндегі қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстарының жобалау сметалық құжаттары дайындалу үстінде.
Қазіргі кезеңде облыс әкімінің қолдауымен Бөкейхан 74 көшесіндегі жатақхана, Жібек жолы 2А көшесіндегі орналасқан тұрғын үй ғимараттарына және «Қызылордажылуқуаторталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының турбиндік цехының құлаған төбе жабынына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Осы жұмыстарға бөлінген 148,544 млн теңге қаржының бүгінгі күнге 58,380 млн теңгесі игерілді.
Үстіміздегі жылы сең өту кезеңінде Сырдария өзеніндегі судың мол болуы салдарынан Жалағаш-Жосалы автожолының 32 шақырымдағы жол, көпір және су өткізгіш құрылымдары істен шыққан болатын.
Қазіргі таңда, орын алған төтенше жағдайды жоюға жергілікті бюджеттен 55,0 млн. теңге қаржы қаралып, қалпына келтіру жұмыстарының жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өту үстін
Дата добавления: 2014-12-04; просмотров: 2266;