Дезактивтендіру,дегаздау,дезинфекция деген не?

Дезактивация дегеніміз радиоактивті заттармен ластанған нәрселерді тазалау, оларды денелердің үстінен жуып немесе сыпырып кетуге болады. Осы мақсатта жуғыш ерітінділерді пайдаланады, майлы жердегі не қуыс қуыстағы радиоактивті заттарды әбден кетіреді. Бұдан кейін сумен жақсылап шаю керек. Осы мақсатта жер қабатын, қардың біршама бетін сылып алып тастайды. Мысалы: Чернобль 1986 жыл.

Киімнен, жиһаздан, басқа да ұй заттарынан радиоактивті заттарды шаңсорғышпен, қағумен, щеткамен тазалап та кетіруге болады. Міне, осындай жұмыстарды дизактивация д.а. Қаланың ауқымын, өндіру іс орындарын, көлік тазартуды т.с.с жұмыстарды тек дизактивация, дегазация жүргізетін машиналары қондырғылары бар АҚ күштері өткізеді. Киімді, аяқ киімді басқа қорғаушы киімдерді дезактивациялау АҚ адамдары жұмыс істеп жатқан алаңдарда және киім тазалайтын әдейі орындарда өткізеді. Дезактивация ластанбаған әдейі алаңдарда немесе тұрақты жуу пунктерінде өткізіледі.

Дегазация дегеніміз ластанған денелерден уланған заттарды жою. Дегазация жұмысы былайшыа жүргізіледі: Химиялық заттармен ластанған ауданда, адам денесінде, киімінде улы заттардың тамшылары болса, ол жерді шелектегі сұйықпен тазалайды, пакет болмаса орамалмен тамшыларын сүртіп алып, улы заттарға қарсы таблетка ішіп, уланған ауданнан тезірек шығуға тырысады.Осыдан кейін олар толық санитарлық тазалықтан өтеді. Алдымен, қорғаныс киімдерді шешпестен бұрын ашық учаскелеріне түскен улы заттарды тазалайды, себебі теріден өтіп кеткен улы заттар көп зақымға ұшыратады. Содан кейін сыртқы және қорғану киімдерін, дененің ашық жеріне ішкі киімге тигізбей, әлеуі противогазды, соңынан қолғапты шешеді.

Дезинфекция деп ауру жұқтыратын немесе ауру тасмалдайтын микробтарды жоюға арналған шараларды айтады. Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғарғы температураны пайдаланып және 2-3 сағат қайнатып ғана жоюға болады. Дезинфекция жұмыстарын өте сақтықпен жүргізіледі. Тек противогаз, респиратор не шаңға қарсы тігілен маска киіп жұмыс істеу керек. Бұларды жұмыс біткен соң, қауіпсіз жерде шешуге рұқсат етіледі.








Дата добавления: 2014-12-04; просмотров: 5617;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.