Халықты қалайша санитарлық тазалаудан өткізу.
Ғимараттар мен құрылыстарды, өндірістік орынжайларды, аумақтарды және шаруашылықтың басқа да нысандарын санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес келтіру мақсатында 2010 жылғы сәуірдің 10-нан мамырдың 10-на дейін бекітілген аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша айлық өткізіліуі ұйымдастырылды.
Айлық кезінде барлық өндірістік телімдерде келесі жұмыстар ұйымдастырылды: аумақты тазарту, қоқысты шығару, темір-терсекті жинау, субұрғыш жыраларды тазалау, өрт сөндіру мүккәммалын сырлау, су және құм қорын толықтыру, ғимараттар мен құрылыстарды әктеу және сырлау, жас көшеттер отырғызу, ағаштарды және жиектерді әктеу.
Қала мен аудан орталықтарында көп пәтерлi тұрғын үйлердiң қасбеттерiн, балалар алаңдарын, кiшi сәулет құрылыстарын жөндеу, қоршауларды сырлау және ағаштарды ақтау мен отырғызу, бұталарды, гүлдердi егу бойынша жұмыстар белсендi өткiзiлдi.
Елдi мекендердi санитарлық тазалау мен көгалдандыру бойынша айлық кезiнде жүргiзiлген жұмыстар көлемiне қарамастан, кемшiлiктер анықталынды.
Қазiргi қатты-тұрмыстық қалдықтар полигондары санитарлық нормалар мен ережелерге сай емес, жиналатын қалдықтардың көлемi полигондар қуатынан артқан. Ауылдық аймақтарда қоқыс үйiндiлерiн жайластыру бойынша iс-шаралардан тек топырақпен көму ғана жүзеге асырылады.
Мамандырылған ұйымдардың жеткiлiксiздiгi және қоқыстың уақытында шығарылмауы «иесiз» аумақтарда, саяжайлар серiктестiгi мен гараж кооперативтерi аумақтарында, тұрғындармен демалу мақсатында пайдаланылатын су қоймалары жағаларында қоқыс үйiндiлерiнiң пайда болуына әкеледi.
Өскемен қаласындағы саяжайлар серiктестiгi, Семей қаласындағы пәтер иелерi кооперативтерi аумақтарындағы және Көкпектi, Глубокое, Ұлан, Бородулиха, Бесқарағай, Күршiм, Катонқарағай аудандарының елдi мекендерiндегi анықталған қоқыс үйiндiлерi толық жойылмаған, оларды шығару бойынша жұмыстар жалғасуда.
Санитарлық тазалау айлығы барысында анықталған бұзушылықтар бойынша 313 заңды және жеке тұлға әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, 144 адам ескертiлдi.
«Тазалаған жер таза емес, ластанбаған жер таза» деп айта келе, кәсiпорындардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, ПИК-нiң басшыларын және облыс халқын тұрғын үйлер мен нысандар аумақтарын күнделiктi таза ұстауға шақырамыз.зеді.
Дата добавления: 2014-12-04; просмотров: 2556;