Бөлім. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
$$$ 9
Төтенше жағдайлардың қандай түрлері Қазақстан Республикасының табиғатына тән емес?
А) жер сілкінісі, су тасқыны;
В) өрттер, апаттар;
С) жанартаулардың атқылауы, тайфундар, циклондар;
D) қар көшкіні, сел;
Е) катастрофалар.
$$$ 10
Стихиялы зіл-зала – деген…?
А) ТЖ туындататын жойқын құбылыс;
В) технологиялық үрдістің бұзылуы;
С) әдетте аяқ астынан және қас қағым сәтте болатын, материалдық құндылықтардың жойылуына, адамдардың өліміне әкеп соқтыратын және көптеген адамдардың күнделікті тіршілік қалпын бұзатын жойқын табиғат құбылысы мен үрдісі;
D) үймереттердің, механизмдер мен қондырғылардың зақымдалуы;
Е) стихиялы зіл-зала салдарынан туындаған ТЖ.
$$$ 11
Қауіпті фактор деген не?
А) жарақаттануға немесе денсаудықтың күрт төмендеуіне әкеп соқтыратын фактор;
В) ауруға шалдықтыратын фактор;
С) өткір улануға әкеп соқтыратын фактор;
D) жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтыратын фактор;
Е) өлімге әкеп соқтыратын.
$$$ 12
Зиянды фактор деп нені айтамыз?
А) жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі мен ауруға шалдықтыратын фактор;
В) жарақаттануға әкеп соқтыратын фактор;
С) улануға әкеп соқтыратын фактор;
D) өткір улануға әкеп соқтыратын фактор;
Е) денсаулықтың аяқ астынан, күрт төмендеуіне әкеп соқтыратын фактор.
$$$ 13
Табиғи апаттар – дегеніміз…?
А) жердің ішкі және сыртқы үрдістерінен туындайтын қауіптер;
В) табиғи құбылысқа тән, адамдар мен құрылымдарға немесе экономикаға қауіп келтіретін және катастрофаға әкеп соқтыратын қауіптер;
С) ауа-райының құбылыстарынан туындайтын қауіптер;
D) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан туындаған оқиға;
Е) аталғанның барлығы.
$$$ 14
Катастрофа – деген…?
А) әдетте аяқ астынан және қас қағым сәтте болатын, материалдық құндылықтардың жойылуына, адамдардың өліміне әкеп соқтыратын және көптеген адамдардың күнделікті тіршілік қалпын бұзатын жойқын табиғат құбылысы мен үрдісі;
В) жер қыртысының белгілі-бір аймағында орын алатын спецификалық құбылыс;
С) техногенді сипаттағы ТЖ;
D) табиғи сипаттағы ТЖ;
Е) белгілі-бір объект тарихында айтарлықтай нұқсан келтіретін немесе адамдардың өліміне әкеп соқтыратын, табиғи немесе техногенді ТЖ салдарынан туындаған оқиға.
$$$ 15
Қазақстан Республикасының аймағында болып тұратын стихиялы зіл-залалар?
А) циклондар, тайфундар
В) су тасқыны, бұршақ, найзағайлар, жер сілкінісі, сел, сырғымалар, орман өрттері, құрғақшылық, опырылмалар, қар көшкіні;
С) цунами, шымтезек өрттері
D) жанартаулардың атқылауы;
Е) аталғанның барлығы.
$$$ 16
Жер бетіндегі жерсілкінісінің туындауының негізгі себептері?
А) мантиядағы немесе жер қыртысындағы аяқ астынан болатын ығысулар мен қақтығыстар;
В) жанартаулардың атқылауы;
С) космостық құбыжықтар;
D) ядролық жарылыстар;
Е) айдың әсері.
$$$ 17
Жерсілкінісінің болжаулары?
А) уақытша және жедел қысқа мерзімдік;
В) жедел қысқа мерзімдік және жедел орта мерзімдік;
С) жедел орта мерзімдік және ұзақ уақыттық;
D) ұзақ уақыттық және аралық;
Е) жедел қысқа мерзімдік, жедел орта мерзімдік және ұзақ уақыттық.
$$$ 18
Адамдарды жерсілкінісінен қорғаудың басты мәселесі – ол:
А) болжам;
В) жеке қорғаныс құралдары(ЖҚҚ);
С) жерсілкінісінің салдарын жою;
D) материалдық шығындар;
Е) психологиялық тұрақтылық.
$$$ 19
Жер сілкінісі кезінде стөлдің немесе партаның астына тығылудың маңызы бар ма?
А) ия;
В) жоқ;
С) бәрібір;
D) маңызды емес;
Е) рұқсат етілмейді.
$$$ 20
Жер сілкінісі кезінде бөлме ішіндегі қауіпсіз орындарды атаңыз?
А) негізгі бағандардың жаны, ішкі есік қуыстарында және ішкі қабырға бұрыштарында;
В) балконда;
С) сыртқы қабырға маңында;
D) шкафтардың жанында;
Е) терезе жанында.
$$$ 21
Сель (селдік ағын) – деген…
А) топырақ массасының өз салмағының әсерінен төменге қарай ығысуы;
В) тау беткейі бойынша қар массасының жалдам сырғуы;
С) таудан төмен қарай судың, топырақтың, құмның, тастың ірі сынықтарының және ұсақ тастардың араласқан ағынының қатты күшпен ағысы
D) су деңгейінің күрт көтерілуі;
Е) аталғанның барлығы.
$$$ 22
Көптеген су тасқындарның басты себептері неде?
А) нөсерлі жауын-шашын, қардың қарқынды еруі, өзен арнасындағы желдің бағытының өзгеруынен немесе жаға толқындарының салдарынан өзен суларының арнасына асуы;
В) қар көшкіні, сырғымалар;
С) боран, құйын;
D) тау жыныстарының сынықтары мен судан тұратын сазды немесе тасты сазды ағын;
Е) өз салмағының әсерінен топырақ массасының төменге қарай сырғуы.
$$$ 23
Сырғымалар ненің салдарынан туындайды?
А) жер полюстарының ығысуымен;
В) су деңгейлерінің күрт көтерілуімен;
С) тау беткейі бойынша қар массасының ығысуынан;
D) нөсерлі жауын-шашын мен топырақ эрозиясынан;
Е) аталғанның барлығы .
$$$ 24
Сырғымаға қарсы іс-шараларды атаңыз?
А) жеке қорғаныс құралдарын пайдалану;
В) зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету;
С) азаматтық қорғаныс бөлімшелерін құру;
D) дамбалар мен платиналар тұрғызу;
Е) беткейлік суларды бұру, ағаштар отырғызу, демеуші инженерлік үймереттерді орналастыру, сырғыма массасының топырағын құрғату мақсатында траншея қазу.
$$$ 25
Селдің туындау себебі:
А) нөсерлі жауындар;
В) қардың қарқынды еруі;
С) су қоймаларының бұзылуы;
D) жерсілкінісі;
Е) аталғанның барлығы.
$$$ 26
Селді болжау әдістері?
А) эмпирикалық және статистикалық;
В) статистикалық және белсенді;
С) есептік және болжамдық;
D) эмпирикалық, статистикалық және есептік;
Е) аталғанның барлығы.
$$$ 27
Қандай іс-шараларға селден қорғанудың кешенді әдістері кіреді?
А) ұйымдастырушылық – шаруашылық (административті);
В) агротехникалық;
С) лесомелиоративті;
D) гидротехникалық;
Е) аталғанның барлығы.
$$$ 28
Алматы қаласын селден қорғауға арналған Кіші Алматинка бойында орналасқан Медеу шатқалындағы платинаның биіктігі қанша?
А) 50м;
В) 70м;
С) 90м;
D) 110м;
Е) 150м.
$$$ 29
Мекен ету ортасы –деген …?
А) адамның денсаулығына, іс-әрекеттеріне және ұрпағына әсерін тигізу қабілеті бар факторлар жиынынан тұратын, адамды қоршаған орта;
В) жануарлар әлемі мекен ететін биологиялық орта;
С) адам мекен ететін белгілі бір аймақ;
D) қоршаған ортаны түрлендіру мен өзгерту;
Е) аталғанның барлығы.
$$$ 30
Әлеуметтік қауіптер – деген…?
А) белгілі бір адам топтарының, санаттарының және жеке тұлғалардың басқа да адамдарды (алдын-ала ойластырылған немесе абайсызда) жоюға бағытталуы;
В) өмірге маңызды жағдайлардан айыру;
С) азаматтардың, адам топтарының немесе толық адам қоғамының әлеуметтік жағдайына кері бағытталған әрекеттер;
D) кеңістік-уақыт аралық сипаттағы қауіптердің жойқын потенциалы;
Е) қоғамға деген арнайы ұйымдастырылған немесе стихиялы теріс әрекеттер
$$$ 31
Лаңкестік – деген…?
А) ауқымды қиратуларды жүзеге асыру;
В) физикалық тұлғаларға немесе белгілі-бір ұйымға келтірілетін зорлық-зомбылық немесе оны қолданумен қорқыту, сонымен қатар мүлкіне немесе басқада материалдық объектілерді жою (зақымдау) немесе жою (зақымдау) арқылы қорқыту;
С) қоғамда кикілжің туындату;
D) мемлекет саясатына немесе әрекетіне қысым жасау;
Е) нақты бір тұлғаларды өлтіру.
$$$ 32
Тұтқынға алу әлеуметтік қауіпке жата ма?
А) ия;
В) жоқ;
С) міндетті емес;
D) кей кезде;
Е) әр-кезде әр қалай.
$$$ 33
Кибернетикалық лаңкестік – деген…?
А) ақпараттық жүйелерді қолдану;
В) күшті электромагнитті өрістерді пайдалану, сонымен қатар объект жұмысын тоқырату мақсатында арнайы электротехникалық қондырғыларды пайдалану;
С) компьютерлік желілердің қызметін бұзу немесе істен шығару мақсатында арнайы «программа-вирус» пайдалану;
D) қоғамда кикілжің туындату үшін СМИ көздерін, интернет желілерін және басқа да ақпараттық құралдарды пайдалану;
Е) аталғанның барлығы.
$$$ 34
Діни секталар әлеуметтік қауіпке жата ма?
А) ия;
В) жоқ;
С) міндетті емес;
D) кей кезде;
Е) әр-кезде әр қалай.
$$$ 35
Қазіргі таңда сектанттар адамның жеке қорғанысын «бұзудың» жалпы үш түрін қолданады, олар...?
А) медикоментозды, жеңіл гипноздық әдіс, адамның қажуы арқылы қорғанысын толық жою;
В) сана-сезімді улау, діни элитизм, қасиетті жазбаларды бұрмалау;
С) сектаның культ басшысы, ішкі қатаң тәртіп, қатаң иерархия;
D) зомбия ету, тұлғалық культ, сана-сезімді улау;
Е) аталғанның барлығы.
$$$ 36
Эпидемия дегеніміз – ол …
А) ауру тасымалдайтын микроағзалардан туындаған аурулар;
В) адамдар арасында пайда болатын және таралатын инфекциялық аурулар;
С) белгілі бір аумақта әдетте тіркеуге алынатын инфекциялық аурулардың деңгейден асып, кеңінен таралуы;
D) аурудың бір қатар елдер арасында, толық континентте ерекше кеңінен таралуы;
Е) аталғанның барлығы.
$$$ 37
Пандемия деген –…
А) ауру тасымалдайтын микроағзалардан туындаған аурулар;
В) адамдар арасында пайда болатын және таралатын инфекциялық аурулар;
С) белгілі бір аумақта әдетте тіркеуге алынатын инфекциялық аурулардың деңгейден асып, кеңінен таралуы;
D) аурудың бір қатар елдер арасында, толық континентте ерекше кеңінен таралуы;
Е) аталғаның барлығы.
$$$ 38
Ауру жұқтырған адамдармен аз уақыт әрекеттескеннен жұғатын аса қауіпті жұқпалы аурулар?
А) туляремия, сібір ойығы;
В) оба (чума), тырысқақ (холера), оспа (шешек);
С) іш сүзек және бөртпе сүзек (тиф);
D) ботулизм, безгек (лихорадка);
Е) сары ауру (гепатит), диарея.
$$$ 39
Жыныстық қатынастар арқылы жұғатын инфекциялық аурулар
А) шешек, педикулез;
В) бруцеллез, көк жөтел (туберкулез);
С) туляремия, сібір ойығы;
D) гонорея, сифилис, трихомониаз, СПИД;
Е) оба, тырысқақ, шешек.
$$$ 40
Барлық инфекциялық аурулар қандай топтарға бөлінеді?
А) тыныс жолдарының инфекциясы;
В) ішек инфекциясы;
С) қан инфекциясы;
D) тері қабаттарының инфекциясы;
Е) аталғанның барлығы.
$$$ 41
Қандай аурулар вирусты ауру болып табылады?
А) шешек, құтыру, тымау, энцефалит, қызылша(корь), свинка, қызамық (краснуха), гепатит және басқа;
В) оба, көк жөтел(туберкулез), шешек, тырысқақ, дизентерия, менингит және басқа;
С) қан қысымының артуы, атеросклероз, қант диабеті, бауыр циррозы, өттің ауруы және басқа;
D) асқазан жарасы, ұлтабар жарасы және басқа;
Е) дизентерия, дифтерия және басқа.
Дата добавления: 2014-12-04; просмотров: 2378;