Дәріс. Қаңылтырлы қалыптау үрдістерінің және операцияларының жіктелуі
Барлық суықтай қалыптау жұмыстары келесі негізгі топтарға бөлінуі мүмкін: бөлгіш операциялары, пішінөзгеретін операциялар, престеу операциялары, көпоерациялы және қалыпқұрастырушы операцияларына бөлінеді.
Бөлгіш (бөлу) операциясы кезіңде материалдың жабық қарамы және жабық емес қарамы бойынша бір бөлігін екіншіден бөлу арқылы іске асады. Бұл операцияларға мыналар жатады: кесіп алу, шағу (кесу), тесу, керту, қиып кесу, қию, тазарту және просечка.
Пішінөзгеру операциясы кезіңде жазық немесе іші қуыс дайындамадан керек пішінді материалдың қалыңдығы өзгермей кеңістікті тетік алынады. Бұл операцияларға мыналар жатады: ию, кермелеу, түзету, бедерлі қалыптау, көмкеру, қорамалау, жаншуы және кеңеюі, сонымен қатар материалды жіңішкеруімен кермелеу (созып тарту).
Престеу операцияласы кезіңде қаңылтырлы материалдың қалыңдығы өзгеруімен іске асады. Бұл операцияларға мыналар жатады: безеулеу, белгілеу (нүктелеу), таңба басу (таңба) және суықтай сығымдау.
Көпоперациялы қалыптау кезіңде әртүрлі бөлек бірнеше технологиялық операциялардың үйлесімділігімен іске асады. Мысалы: кесіп алу және ию , шағу және кермелеу, кермелеу және бедерлі қалыптау және басқа да технологиялық комбинациялары болуы мүмкін. Операциялардың үйлесу әдісіне байланысты көпоперациялы қалыптау: қосарластырылған, бірізділі және қосараластырған-бірізділі болып бөлінеді.
Қосарластырылған қалыптау кезіңде тетік қалыптың бір әрекет жүрісі арқылы және дайындаманың қалыпта бір рет орнатуы арқылы алынады.
Бірізділі қалыптау кезіңде дайындаманың қалып бойымен қозғалу арқылы бірнеше баспақ жүрісінің әртүрлі сотан көмегімен дайындамадан тетік алады. Сонымен қатар үрдіспен орнатылған әрбір баспақ жүрісінен кейін дайын бұйым алынады.
Ал қосараластырылған-бірізділі қалыптау кезіңде бір қалыпта бірнеше әрекет арқылы қосараластырылған және бірізділі қалыптауды үйлестіру жолымен дайын тетік алынады.
Қазіргі кезде қаңылтырлы қалыптау операциялардың бірлік терминологиясы құрастырылған. сыртқы күштердің металға әсер ету әдісіне және олардың пайда болған деформация сипатына байланысты операциялар үш бөлікке (А,Б,В) және бес топқа (I—V) бөлінген. 1 кестеде осы операциялардың жіктелуі көрсетілген.
А. Материалдың бөлінуі (бөлуі):
I. Кесіп алу.
Б. Жартылай өнімнің немесе дайындаманың пішінін өзгеруі:
II. Ию.
III. Кермелеу.
IV. Қорамалау.
V. Престеу (қаңылтырлы дайындамадан).
В. Көпоперациялы қалыптау: кесіп алу және ию, шағу (кесу) және кермелеу және т.б.Сонымен қатар әр топ бірнеше технологиялық операциялардан тұрады. Осы кестеде операция аталуына сәйкес қалып аталуы да келтірілген.
Қалыпталынатын қаңылтырлы тетіктердің өлшемдік ауқымы өте үлкен – габарит бойынша бірнеше миллиметрден 6-7м дейін; ал қалыңдығы бойынша миллиметрдің оннан бір бөлігінен бастап 100мм дейін және одан да жоғары болып келеді. Қалыпты қалыптау кезіңде тетіктерді жасау дәлдігі 4-5 класс дәлдігіне дейін жетеді, ал қосымша тазарту және мөлшерлеу кезіңде МЕСТ бойынша 3-2 класс дәлдігіне дейін жетеді.
1 – сурет. Қаңылтырлы қалыптауда қалыптар аталуы және операциялардың, үрдістердің жіктелуі
Ұсынылған әдебиет: Нег. 1[12-15] қос. 2[56-61]
Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 2437;