Кәсіпке баулу оқытушыларының педагогикалық шеберлігін құраушылар.

П.Р.Атутовтың, В.А. Поляковтың ғылыми жұмыстарында әрбір оқыту пәні үшін білімді таңдаудың негізгі қағидалары құрастырылды:

- таңдалып алынған материалдың ғылыми маңыздылығы;

- материалдың оқып жатқандар үшін игеру жеңілдігі;

- түсініктер мен тәжірибелік әрекеттердің жалпылығы;

- білімді басқа да әрекеттерге ауыстыра алу мүмкіндігі;

- ақыл ой мен дене еңбегінің, шығармашылық және атқарушылық әрекеттерінің тиімді үйлесімділігі;

- білімнің басты ғылыми-техникалық прогреспен сәйкес келуі.

Мамандықтың мазмұнын таңдау проблемасы, оның ішінде, педагогтарды технологиялық дайындау үшін кәсіби оқыту мен осы сала маманының моделін жасау туралы соңғы жылдары Ю.К. Васильевтің, В.А.Сластениннің, В.Д.Симоненконың, Д.А.Тхоржевскийдің еңбектерінде көп жазылған.

«Технология» білім беру саласының қалыптасуына байланысты қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім беруде кәсіби оқыту мұғалімдерін даярлауда нақты бір қадамдар жасалып жатыр. Бұл біріншіден жалпы білім беретін мектептердегі оқытылатын технологиялардың артуына байланысты. Екіншіден, мектепте графика, көліктік және тұрмыстық техника, құрылыс пен жөндеу-жабдықтау жұмыстарымен байланысты.

Көрсетілген тараулар бойынша қолданылу аясы тар мамандықтағы мұғалімдерді даярлау оларды мектепте оқу жүктемесімен қамтудың қиындықтарына байланысты. А.А.Вайсбургтің еңбегінде қолданысы кең және қолдану аясы тар мамандықтардың өзін-өзі ақтамайтындығын айтады. Сондықтан бүгінгі күні қолданыс аясы кең кәсіби оқыту мұғалімдерін аздаған айырмашылықта даярлауға тура келіп отыр.

«Технология» білім беру саласында біріктірілген оқыту пәндерінде қазіргі заманғы жалпы білім беру мектептерінің барлық сыныптары төменгі сыныптан жоғары сыныпқа шейін барлығы қамтылады. Ол бастауыш сыныптар мұғалімдерінің технологиялық дайындығын арттыруды талап етеді.

Мектептегі білім беру стандарттарына сәйкес мектепте техникалық және көркем-сәндік шығармашылыққа, жобалауға көп көңіл бөлінеді. Сондықтан мұғалімдерді даярлау кезінде олардың шығармашылықтарын дамытуға көп көңіл бөлу керек








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2584;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.