Педагогикалық қарым-қатынас міндеті
Отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесуде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев олардың сұрақтарына жауап бере отырып: «Біз экономиканы өрлетуді бастаған қазіргі шақта әлеуметтік саламен шындап айналысатын кез келді. Шешім күткен мәселелердің қордаланып калғаны да осы жерорта және жоғарғы білім берудегі реформаларды жеріне жеткізу керек» - деп атап көрсеткен еді.
Білім беру жуйесін реформалау мен дамыту мәселелерімен айналысып жүрген ғалым ретінде ел ішінде басталған жаңа урдістер, әлемдік тенденциялар туралы қарастырайық.
Білім беру жүйесін дамыту мәселесі еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап-ақ, Кеңес өкіметі жылдарында жинақталған жетістіктерді сақтау және елде қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, білім беру жүйесінің жаңа моделі құрудағы ізденістер негізіндегі екі үлкен бағытта жүргізілді.
Бір жағынан, білім беру жуйесінің нормативтік-құқықтық базасы курылды: «Білім туралы», «Жоғары білім туралы», «Ғылым туралы» заңдар мен Үкімет Қаулылары қабылданды, екінші жағынан, жүргізіліп жатқан реформалардың кажеттігін түсіну бағытында да көптеген шаралар ұйымдастырылып жатты. Мұндай жұмыстар елімізде Кеңес үкіметі кезінде жүргізілмеген еді, себебі білім беру саласының идеологиясы орталықта жасалатын.
Қазіргі уақытта әртүрлі ғылыми пәндерде қарым-қатынас феномені белсенді зерттеліп келеді. Адамзат қарым-қатынасының табиғатын анықтайтын көптеген философиялық және психологиялық еңбектер жазылды. Осы мәселемен айналысып жүрген ғалымдар әр түрлі теориялық бағытты ұстай отырып, қарым-қатынас феноменін классификациялап, анықтап және заңдылықтарын ашып көрсетті.
Жоғарғы оқу орындарындағы инженер-педагогтың алдында тұрған басты міндет: біріншіден, тәжірибие жүйесінің негізінде мәдениет элементі ретінде кәсіби іс-әрекетті қайта құру; екіншіден, оны қабылдауға және меңгеруге жеңіл болу үшін түсінікті етіп жеткізу. Мұндай міндеттерді шешу бірнеше функциялардың түрлерін жүзеге асыру процесінде қамтамасыз етіледі. Оқытуда, тәрбиелеуде, дамыту мен оқыту әрекетін дәлелдеуде кәсіби оқыту педагогы мамандығымен тығыз байланысты функцияларды орындау қажет.
Қазіргі уақытта мемлекеттiк деңгейдегі ақпараттандыру бiлiм берудiң тек бір деңгейін - орта бiлiм берудi ғана қамтыған. Осы уақытқа дейiн мектепке дейінгі тәрбие мен бiлiм беруде, жоғары кәсiптік және ЖОО-дан кейiн кәсіптiк білім беруде ақпараттандыру бойынша мақсатты жұмыс жүргiзiлген емес, оқыту процесінде қолданылатын ақпараттық технологиялардың мониторингi жүзеге асырылмаған.
Бастауыш және орта кәсіптiк бiлiм беретiн оқу орындары жүйесiн ақпараттандыру бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде компьютерлік техникамен қамтамасыз етiлу республика бойынша орта есеппен бiр компьютерге 64 оқушыны құрады және ТМД елдерi арасында eң жоғарғы көрсеткiш болып табылады.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша мектептегі білім беру жүйесінің 12 жылдыққа енуі дәстүрлі көркем-өнер кәсібінің технологиялық бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланған. Осындай білім беру жүйесінде, оқыту әдістерін, формаларын, мазмұнын дамытуға байланысты үнемі жаңарып, нақтыланып, анықталады. Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі талап етеді.
Жеке тұлғаның саяси - әлеуметтік көзқарасын дамытып, дүниетанымдық аясын кенетейтін маңызды факторлардың бірі - білім болып табылады. Егеменді елімізді өркендететін де, көркейтетін де жастар. Сондықтан еліміздің жоғары сынып оқу орындарында жастарға білім беруде және оларды тәрбиелеуде жаңа талаптар қойылып, ондағы оқыту, білім беру, тәрбие ісінің уақытқа үйлесімді жаңа серпіліс жасауына ерекше мән беріп, білім беруді жетілдіру негізнде білім сапасын арттыру көзделіп отыр.
Оқушыларды оқытудың саласын жетілдірудің жолдарының бірі - білім беруді саралау. Мектептің жоғары сатысында оқушыларды оқытуда саралау екі функция атқарады. Және оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға және қоғамда әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасайды.
Жеке тұлға және қоғам
Кәсіби оқыту педагогының бойындағы кәсіби-жеке тұлғалық қасиеттер дегеніміз – бұл педагогтың кәсіби іс-әрекетінің қорытындысына әсер ететін, әлеуметтік- психологиялық білімнің жиынтығы болып табылатын жоғары құндылықтарды адамның мойындауы.
Оның негізгі орталық түсінігі ретінде кәсіби оқыту педагогының оқушыға деген қарым-қатынасы қолданылады, яғни ол барлық әлеуметтік рөлдердің ішінен бірінші орынға адамды қойып, балаға адам ретінде қарау, оның алға жылжуын ойлау сияқты қасиеттер ең бастысы болып табылады. Кешегі күнде балаға деген қарым-қатынас жеке тұлға ретінде емес, кішкентай өсіп келе жатқан адам, бірақ өзінің болашақ өміріне дайындалушы ретінде қарады. Яғни мұғалімдердің көпшілігінде «ол әзір адам» емес, бірақ болашақ адам деген көзқарас қалыптасты.
Ал бүгінгі күнде балаға деген көзқарас, қарым-қатынас өзгеріп, оларға адамгершілік қарым-қатынасында қарау басты орынға «адам-адам», ал екінші орынға «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы жарияланды. Ал оны әрі қарай дамыту болашақ педагогтардың қолында. Балаға деген адамгершілік қарым-қатынастың практика жүзінде орындалуы кәсіби оқыту педагогының кәсіби іс-әрекет процесі барысында жүзеге асады: педагогтың жұмысы маман ретінде, оның балаға деген қарым-қатынасын іске асыруы және педагогтың кәсіби шеберлік деңгейі де объективті түрде балаға деген қарым-қатынасымен анықталады.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта да әсер етеді. Бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігіне дем берген жағдайда ғана жеке тұлңаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы процес тәрбиенің пансонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие болады. Тәрбиенің пансонификациясы дегеніміз – информациялық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус – қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық психологиялық және идеологиялық процестердің, процестер мен қатынастардың әр алуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлқын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара қатынас әрекеттің күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады.
Алайда, маманның кәсіби еңбегіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру тікелей адамның өз-өзіне және таңдап алған мамандығына деген қарым-қатынасымен байланысты. Егер де ұйымдастырылған еңбек барысында жақсы қасиеттерге иеленген жеке тұлға еңбек субъектісі ретінде алға шықса, онда ол еңбек нәтижелігін және оның қорытындысының жоғары болуын талап етеді. Жеке тұлғаның құндылығы, яғни оның жақсы қасиеттерге ие болуы, педагогтың кәсіби шығармашылыққа жолын ашады, өз күшінде сенімділік тудырады, өзінің кәсіби біліктілігінің маңызын мойындауға және өмірінің негізгі саласы болған, балаларды тәрбиелеу жұмысына сыйластықпен қарауға мүмкіндік береді.
Аталған қатардың ішінен ерекше орын алатын, өмірдегі жеке тұлғалық қабілеттігін бейнелейтін – кәсіби оқыту педагогының руханилығы, мұнда адам өміріндегі сұрақтар мен пайда болған мәселелер және олардың шешімін табу, бұл шешімдер өмірдің көріністеріне сәйкес болуы тиіс. Өмірдің барлық сұрақтарына жауап қайтару мүмкін емес, бірақ оны әрбір адам өз өмірінде және әлеуметтік кезеңде өмірдің мәңгі сұрақтарының мәнін түсіну процесі кезінде жасауға болады. Кәсіби оқыту педагогының рухани жұмысы тәрбие процесін тоқырау, мәселелерінен сақтайды және балалармен жұмыс жасауда төменгі деңгейге түсуіне жол бермейді.
Кесте 1 - Қарым-қатынас мәдениеті
№ | Көрсеткіш | Белгі |
11. | Балаға деген адамгершілік қарым-қатынас | -баланың ішкі дүниесіне қызығушылық туғызу; - оның болашақ қамын ойлау; - бала тұлғасын адам ретінде сыйлау |
22. | Педагогтың өз қызметіне, жұмысына жауапкершілікпен қарауы | -кәсіби міндеттерді адал міндетпен орындау; -педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіру; -баланың дамуына әсерін тигізу және әр уақытта шығармашылықпен айналысу |
33. | Педагогтың өз-өзіне қарым-қатынасы | -кәсіби қасиеттері мен іскерлік қабілеттері; -қоршаған ортадағы адамдардың адамгершілігін мойындаудан шығатын сыпайылық;- кез-келген адамды құрметтей білу іскерлігі |
44. | Кәсіби ынтымақтастығы, педагогтың өзінің әріптестеріне қарым-қатынасы | - ұжыммен бірігіп жұмыс істеу және оған кәсіби жауапкершілікпен қарау; -әріптестеріне көмек беру, жолдастық; - кәсіби сыпайылық пен әдептілік |
55. | Педагогтың азаматтық бағыты | -өмірдің әлеуметтік нормаларын мойындау; -мемлекеттің конституциялық заңдарын сақтау; - Отанға сүйіспеншілік көзқараспен қарау |
66. | Өмірді сыйлау, оған қарым-қатынасы | -әртүрлі өмірлік көріністерге қатысу, оның мән-мағынасын қабылдау; -өмірді әрқилы озбырлықтан қорғау және оның гүлденуіне әрекет жасау |
77. | Педагогтың руханилығы | -педагогтың қалыптасқан дүние-танымы; -жоғары құндылықтарды мойындау; басқа да көзқарастарды сыйлау |
Қарым-қатынас мәдениеті күнделікті сана деңгейінде қоғамның жоғары, сапалы деңгейін, этикет нормасын, сыпайылықты сақтауды белгілейді. Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ халқының қайта рухани өркендеуі жағдайында болашақ кәсіби оқыту педагогының дүниетанымын қалыптастыруда мәдени құндылықтар, ұлттық менталитет пен озық үлгідегі дәстүрлерге үйлестіре қабылдауымыз керек. Өйткені, әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер, халықтың тарихи дамуының барысында қалыптасатын жеке адамдардың өзара қарам-қатынасын, қоғамдық қатынастарды реттейтін әдет-ғұрып, санаға сіңген тәртіп, әдеп қалыптастырған рухани мәдениет.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа парадигмасын жасауды қажет етеді. Өйткені, өмір сүріп келген жүйе үнемі даму үстінде болып отырған қоғамның сұраныстарына жауап бере алмайды. Жалпы білім беретін орта мектептің білім беру мазмұны оқушылар мен ата-аналардың сұраныстарын қанағаттандырмай келді. Оның үстіне білім деңгейлері арасындағы сабақтастық үзіліп, жалпы орта білім беру мен жоғары білім жеке құрылымдар ретінде өмір сүріп келді. Бұл жағдай өз кезегінде мектеп бітірушілерді жоғары оқу орнында білім алу үшін қосымша даярлау тәрізді артық жүйенің ресми емес түрде пайда болуына алып келді. Осындай жағдайда кәсіби бағдарлау жұмыстары өз мәнінде нәтижесін бере алмай отыр. Міне, осы жағдайлар мектеп бітірушілерде өзінің болашағын жоспарлауда таңдауының бұлдырлығын тудырды.
Сондықтан бұл мәселеге мемлекеттік деңгейде үлкен мән беріліп, білім саласын жүйелі реформалау, түбегейлі өзгерістер енгізу қолға алынды. Қалыптасқан жағдайдан шығудың бір шешімі ретінде «Қазақстан Республикасында білім берудің дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» орта білімнің жоғары сатысында бейінді оқытуды енгізу жоспарланған болатын.
Бейінді оқытудың негізі - білім мазмұнының тұлғалық бағытталған бағдары білім беру кеңістігінде өзін-өзі іске асыру, өмірлік шығармашылық, мәдени сәйкестілік, даралану сияқты тұлғаның базистік құндылықтарын іске асыруды көздейді. Бұл жалпы орта білім жүйесінде білім бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Бейінді оқыту дегеніміз - оқушының мамандық таңдауда, мектептен кейінгі білім алуында өзінің қабілеті мен бейіміне сәйкес, сол сияқты қоғамдық өмірдің сұраныстарына орай әрекет ете алуы болып табылады. Міне, сондықтан да көптеген мектептер өздерінің басты мақсаты етіп өзгермелі өмір айдынында еркін бағдар ұстайтын, қоғамдағы өзінің функциясын адекватты іске асыра алатын, жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыруды қойды.
Бейінді оқыту – білім беру процесінің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырылуына өзгерістер енгізу арқылы оқушылардың қызығушылығы, бейімі мен қабілеттерін толық есепке алуға, оқушыларға олардың кәсіптік сұраныстары мен білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндіктеріне сәйкес оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы. Бейінді оқыту тұлғалық-бағдарланған оқу процесін іске асыруға бағытталған. Оның негізгі мақсаты болып қабілетіне, дара ерекшеліктеріне және қызығушылықтарына байланысты оқушылардың толық білім алуына жағдай жасау табылады.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай мұғалімдердің алдында тұрған оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде, оқушының өзіндік, шығармашыл ойлауын дамыту және білім деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету міндеттерін маңызды күрделендірді. Көп уақытқа дейін барлық оқыту және тәрбие әдістемесі оқушының орташа деңгейіне бағытталды. Онда оқушылар сыныбы жекелеген тұлғалардан тұрады, яғни олардың әрқайсысының өзіне тән психологиялық және адамгершілік ерекшеліктері, өзінің қызығушылығы және бейімділігі, шындықты көруі болды. Мұндай құбылыстың себебі тәрбиелей және дамыта отырып оқыту тұлғаға тікелей емес, оның дамуында "ішкі жағдай" арқылы әсер етті.
Негізгі әдебиет: 1-[225-232]; [2–[246-267]; 7-[18-20]; 7 –[230-251].
Қосымша әдебиет: 9 – [20-22]; 10– [18-20]; 11 –[100-111].
Бақылау сұрақтары.
1. Оқу сабақтарының қандай түрлері бар?
2. Семuнарлар. Лабораториялық-практикалық сабақтар.
3.Кәсіби оқыту педагогы қызметінің мазмұны қандай болады?
4.Жеке тұлға және қоғам.
5.Тұлғаның қарым-қатынас мәдениеті қалай қалыптасады?
Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 4140;