Кредиттік жүйені енгізудің алғашқы қадамдары.

Президенттің 2004 жылғы 11 қазандағы жарлығымен бекітілген ҚР-ның 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында "оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген барынша кең тараған және мойындалған 3 сатылы кадрлер даярлау болып табылады: бакалавариат-магистратура-доктарантура PhD. Ол ыңғайлы және тиімді болып табылады, академиялық тұрақтылықты және тез өзгермелі еңбек рыногы жағдайында оқуды тәмамдаушылар қажеттілігін қамтамасыз етеді".

Біздің университет Қазақстанда алғашқылардың бірі болып кредиттік жүйеге көшуді қуаттады, оған ауысуды 2002-2003 оқу жылында-ақ іске асыра бастады. 2008-2009 оқу жылынан бастап университет барлық мамандықтар бойынша кредиттік оқу жүйесіне көшеді.

Типтік оқу жоспарлары пәндердің үш: жалпы білім беру (ЖББ),базалық (БП), кәсіби пәндер (КП) циклдарынан тұрады. Әр циклге міндетті компонент саналатын пәндер тізімі және кредиттердің көлемі көрсетілген таңдауы бойынша компоненттер кіреді. Міндетті компонент саналатын пәндер үшін кредиттер саны оқу бағдарламасы бойынша міндетті түрде белгіленеді. Таңдауы бойынша пәндерге берілетін кредиттерді оқу орнының өзі жеке бөледі.

Кредиттер көлемі жалпы білім беру, базалық және кәсіби мамандықтар бойынша анықталып бітті. Алдағы уақытта оқу жоспарлары студенттердің қолайлы санына, оқу тобының өзін-өзі ақтауына қарай жеке оқу жоспарлары негізі болып қалады.Таңдаған мамандықтар бойынша оқу жоспарларының әртүрлілігі мен қолайлылығы оқитындардың болашақ кәсіп түрлерін ескереді, оқу процесі деңгейін көтереді және бітірушілер сұранысын арттырады.

Қысқа мерзім ішінде оқу процесін ұйымдастыру туралы Уақытша ереже, пәндердің оқу- әдістемелік кешендерін рәсімдеу және пәндердің жұмыс бағдарламаларын құрастырудың ұсыныстары, студенттердің сабаққа қатысу жорналдары, 1-курс үшін анықтама-жолбасшы, жаңа үлгідегі есеп кітапшасы басып шығарылды. Бұйрықпен университет бойынша Тіркеу-қызметі офисі ұйымдастырылды. Ол оқитындардың барлық жетістігі тарихын тіркеп отырады. Оның ұйымдастырылуының мақсаты- оқу процесі мен білімді бағалау процесін ажырату сондай-ақ студенттерді аралық және қорытынды аттестациялау болып табылады.

Кредиттік жүйедегі оқу процесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Академиялық кезең аралығында тьютор студенттердің ағымдық және аралық білімін тексереді. Баға әр пәнге 100 %-дық шкала бойынша қойылады.Аралық бақылау нәтижесі "оқытушы жұмысы есебі жорналына" және "рейтингілік ведомосқа" енгізіліп, сессияға дейін Тіркеу офисіне жіберіледі. Студент екі аралық бақылау қорытындысы бойынша 50%- дан (Pcp=(P1+P2)/2) кем балл алса, әрі дәлелді себептермен оған қатыспаса, емтиханға дейін аралық бақылаудан өтуге құқылы, ал кейбір кезде оған ОӘЖ проректорының рұхсаты бойынша жіберіледі.

Жазғы семестр оқу процесінің мамандықтар мен курстарға жасалған академиялық күнтізбесімен анықталады. Жазғы сессия көшіруші сессия болғандықтан, келесі курсқа көшіру үшін сессияны жақсы бағаға тапсыру жеткіліксіз. Студенттерді курстан курсқа орташа көшіру GPA -сы Тіркеу офисінде анықталып, былай қойылады: екіншіде -2-ден кем емес, үшіншіде- 2.25-2,5-тен, төртіншіде-2,5-3,0-тен кем емес. Тіркеу офисі оқып жүргендерді келесі курсқа оқуы үшін 1 қыркүйекке дейін төлесе ғана ауыстырады. Егер студент GPA-ны белгіленгеннен төмен деңгейде жинақтаса, ол сол курсқа қайтадан қалдырылады, бұрынғы жеке оқу жоспарын келесі жылы толтырады.

Кредит жүйесі бойынша оқып жүрген студент кредитке тек қысқы сессиядан соң ғана бұрынғы босаған орынға ауыса алады. Біз университетте кредиттік жүйенің іске асырылып жатқан кейбір жайларын ғана айттық.

Қазақстан Республикасының жоғары білім саласында оқытудың кредитті технологиясы ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейде мойындату және студенттер мен оқытушылық-профессорлық құрамның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Оқытудың кредитті технологиясы - білім технологиясы, жекелендіру, оқу процесін және кредит түрінде білім көлемін есепке алу негізінде өздігінен білім алу деңгейін көтеруге және білімді шығармашылықпен игеруге бағытталған.

Кредит - студенттің оқу жұмыстары көлемін өлшеудің екшеленген бірлігі. Бір кредит студенттің академиялық 15 аптаға тең кезең ішіндегі бір аптадағы 1 академиялық сағатына (50 минут) тең.

Оқудың аяқталуының міндетті шарты студенттің белгіленген кредит мөлшерін компоненттер бойынша: міндетті және таңдауымен кемінде 128 теориялық оның ішінде кемінде 8 сағат ағылшын тілін үйрену білімін алу болып табылады.

Бір оқу жылы 34 аптадан тұрады, оның 30-ы теориялық оқыту, 4-і аралық/қорытынды бақылау.Оқу жылы екі семестрге немесе үш триместрге бөлінеді. Оқытуда талаптарды қанағаттандыру үшін жеделдетілген, қосымша оқыту және оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарды жою үшін жазғы 10 апталық жазғы семестрді енгізуге рұқсат етіледі.

Оқушының таңдаған бағдарлама бойынша (кредиттердің қосындысы сомасының оқытылып жатқан кезеңдегі пән бойынша қорытынды бағасы балдарының сандық эквивалентіне қатынасы) қол жеткізер деңгейлік орташа таразылық балы- орта балл (GPA).

ЖОО (жоғары оқу орны) курстан курсқа өтудің өту балын GPA белгілейді.

Егер оқуға түсуші мемтапсырыс бойынша жұмысшы оқу жоспарында көрсетілген қажетті кредиттер мөлшерін ала алмаса, оның тиісті курсты ақылы негізде қайта оқуына құқығы бар.

4 жылдық бакалавариат бағдарламасы 40 оқу пәнінен тұрады.

Оқу пәнінің көлемі тұтас кредит санынан тұруы керек. Әр пән бір академиялық кезең оқытылады.

Академиялық кезең ішінде студенттер білімін тексерудің түрлі ағымдық бақылау түрлері белгіленеді.

Жалпы білім беру пәндері (OOД-GER) -( әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндер циклі) 35-45 кредиттен тұрады. 7 пән: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шет тілі, Математика, Ақпараттану міндетті саналады. Денешынықтыру қосымша пәндер аумағында жүзеге асырылады және жалпы кредит көлеміне енгізілмейді, қосымша элективті пәндер даярлау бағыты бойынша таңдалып алынады. Барлық тәжрибе түрлері мен оқудың басқа түрлері қосымша білім бағдарламасы аумағында іске асырылады, жалпы кредиттер көлеміне енгізілмейді.

Студент өз білім бағдарламасын тәлімгердің (эдвайзер) жетекшілігімен құрады.

Студенттерге оқу пәндерін игеруіне көмек көрсету үшін институтқа тьюторларды жасақтау ұсынылады.

Білім процесін іске асыру үшін оқытушы мен студенттің әр пән бойынша оқу-әдістемелік кешені, басылымдық және электрондық түрдегі курс мағұлматтары, студенттің өздігінен білімді игеруінің СӨЖ деңгейін бақылау және оны өткізудің мерзімі көрсетілген болуы тиіс.

СӨЖ-дің жоғары тиімділігін қаматамасыз ету үшін студенттің оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы СОӨЖ, оның кестелік сағаттары көрсетілуі тиіс. СӨЖ-дің басқа сағаттары студенттен күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тьютордың тапсырмаларымен бекуі керек.

Әр студент анықтама-жолбасшымен және әр пәнге арналған әдістемелік кешенмен қаматамасыз өтілуі тиіс.

Анықтама-жолбасшыда; студенттің құқығы мен міндеттері, ар Кодексі, оқу аралығына жұмыс оқу жоспары, GPA-ны есептеудің әдістемесі, қорытынды мемлекеттік аттестациялау талаптары бар.

Оқу пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінде; оқу бағдарламасы (Syllabus) тәжрибелік сабақтар жоспары, студенттің өзіндік жұмысы бойынша тапсырмалар және б. бар.

Сабақтар белсенді шығармашылық үлгіде ( кеис-стади, тренинг, пікірталас, алқа қотан отырыс, семинар т.б) өткізілуі тиіс.

Қорытынды аттестация дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтиханды тапсыру түрінде өткізіледі.








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2367;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.