Желі туралы алғашқы түсінік
Ең қарапайым желі (network) минимум 2 компьютердің, бір-бірімен кабель арқылы байланысынан тұрады. Ол мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желінің дүниеге келуі тәжірибе қажеттілігімен қатар мәліметтерді қоса пайдаланудан туындады. Дербес компьютер – құжат, кесте дайындау, графикалық мәлімет және басқа да ақпараттарды құру үшін өте жақсы құрал. Бірақ тез арада өзінің ақпаратымен басқалармен бөлісу мүмкіндігін туғыза алмайды. Бірнеше компьютердің және олардың басқа құрылғылармен байланысын желі деп атайды.
Тұжырымдамалық байланыс және бірге қолданушы компьютер қоры желілік әрекеттестік деп аталады. Желіде компьютермен бірге принтерлерді, модемдерді, өзге де құрылғыларды қолдануға болады.
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасындағы ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желіні құрайды.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және бағдарламалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздеріңіз оқитын компьютерлік кластағы бірнеше компьютердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Сондай-ақ, бір мезгілде жүздеген тіпті мыңдаған компьютердің қатысуымен ұйымдастылылатын темір жол қатынасына билет сату жүйесін де желіге мысал ретінде келтіре аламыз.
Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер және басқа қымбат құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында құрылады.
Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.
Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы бағдарламаларды және принтер, факс тәрізді сыртқы құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.
Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады.
· құжаттарды бірге пайдалану;
· құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ, әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
· компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;
· сервердегі қолданбалы бағдарламалармен оңай байланысу;
· қымбат тұратын қорларды - принтерлерді, CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы бағдарламаларды (мысалы, мәтіндік процесссорларды немесе мәліметтер қорын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б.
Аймақтық – таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдарды тасымалдау үшін жиі қолданылады.
Компьютерлер желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады. Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша немесе модем қажет. Жергілікті есептеуіш желілер – саны шектеулі (әдетте 100-ге дейін) компьютерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте желі әртүрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық және технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік үрдістерді автоматтандыру, әртүрлі құжаттарды жеңіл өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс орындары, өлшеу кешендері мен байланыстыру бөлімдерінен тұратын байланыстыру жүйелері жұмыс істейді. Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір–бірімен қысқа желілік байланыс желісі арқылы (әдетте он, жүз метр) біріктірілген, сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың берілуі сапалы болуы үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгелу шамасы артып кетеді.
Корпоративті есептеуіш желілерқашықта орналасқан бөлімдегі: филиалдардағы, қонақ үйлердегі т.б. тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі желісі – Banknet, негізгі банктің компьютерлерін оның барлық филиалдарының компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қоса) біріктіреді.
Корпоративті желі жергілікті желілер арасында аса көрнектілерінің бірі. Өйткені, территорияның аумағы шексіз. Қазіргі кезде компьютерлік желі күрделі дамуда және бұл желіні көбінесе интранет деп атайды. Интранет интернет технологиясының негізі болғандықтан, оның кең мүмкіндіктері бар. Бұл желі пайдаланушының шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады. Ол интернет желісі және жергілікті желі топологиясын қолдану негізінде фирмалар байланысына немесе фирма құрылымындағы ақпаратты өңдеуге, беруге, сақтауға және енуге құпия сөздер (пароль) арқылы рұқсат ету қолданылады.
Корпоративтік ақпараттық жүйе дегеніміз – территориялық аймағы жағынан түрлі корпорацияларға бөлінген интегралдық байланыстыру жүйесі. Басқаша айтқанда, кеңейтілген мәліметтер талдауының негізінде әртүрлі шешімдерді ақпараттық жүйе арқылы қолдану, электрондық құжаттар алмасу және іс-құжаттар жұмыстарын жүргізу және т.с.с. болып саналады. Корпоративтік ақпараттық жүйе ақпараттық телекоммуникативтік технология арқылы бизнес –тұжырымдама, яғни, байланыстыру немесе біріктіру негізінде құрылған.
Корпоративтік байланыстыру жүйесінің құрылымы басты төрт блоктан тұрады: байланыстыру объектісі; байланыстыру блогы; әртүрлі ресурстар; математикалық модельдер.
Корпоративтік ақпараттық жүйе қызметіне келесі желілік платформалар жатады:
1) желідегі сегменттердің өзара байланысы және желілік хаттамалар, жалпы желілік топология құрылымы.
2) жүйенің ресурстармен байланысы, яғни серверлер мен клиенттер арасындағы файл алмасу байланысы және қағазға басып шығару жұмыстары.
3) Windows Server 2000, 2003, 2008, т.с.с. кез келген қауіпсіздік жағдайларымен, жоғары сапалылығымен сипатталатын желілік операциялық жүйе. Windows Server 2000 операциялық жүйесі бірден, жай ғана шағын кәсіпорын арасында жергілікті желі құруға және екіншіден, үлкен территориядағы корпоративтік желінің күрделі жұмыстарын қамтамасыз ете алады. Жалпы желіні құру үшін желілік хаттамаларын таңдап алу қажет. Мысалы аталмыш операциялық жүйе JPX, SPX, TCP/IP хаттамалары арқылы жүргізіледі.
1) Microsoft SQL Server мәліметтер базасының серверлері –интернет қызметтерімен өзара байланысын және қызметтің қауіпсіздігін қажет етеді. Ол жоғары және сапалы өнімділігіне байланысты МҚБЖ клиент–сервердің алдыңғы қатарының біріне жатады.
2) Microsoft Exchange Server электрондық почта сервері –интернеттің ашық стандарттарын және автоматты түрде топпен (группа) А жасауды қамтамасыз етеді. Бұл серверді көптеген компаниялар корпоративтік стандарт ретінде таңдайды. Мысалы, DSS, Siemens, General Electric, т.с.с. компаниялар. Windows Server 2000 операциялық жүйе негізіндгі корпорация желісінің негізгі сервистік қызметтері қалыптасқан.
Толық қызметтік Интернет келесі базалық желілік технологияны: желілік басқару (администрирование), барлық қызметтер мен ресурстарды көрсететін желілік каталогты пайдалану, желілік файлдық жүйелер мен мәліметтер базасын қолдану, мәліметтер қорын басқару жүйесіне (СУБД) сәйкес келетін корпоративтік мәліметтер жинағына қол жеткізу, мәліметтер айналымының (телеконференция, факс, электрондық почта және т.б.) мүмкіндіктерін пайдалану, www (World wide web) жүйесінде жұмыс жасау, желі арқылы ақпаратты қағазға басып шығару, әр түрлі қауіп- қатерлерден ақпаратты қорғау сияқты қызметтерді қамтамасыз етеді.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 15519;