Желі топологиясы

Желі топологиясыоның негізгі қызметтік элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Шиналық топология.Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау үрдісінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

 

 

8.1-сурет. Шина топологиясының үлгі сызбасы

 

Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады (8.2-сурет). Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

 


8.2-сурет. Жұлдызша топологиясының үлгі сызбасы

 

Сақиналық топология.Мұндай байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады (8.3-сурет). Бұл топологияның кемшілігі кез келген бір жұмыс станциясының істен шығу жалпы байланыста бұзады.

 

Жұмыс станциясы


Жұмыс станциясы Жұмыс станциясы

 

 

Жұмыс станциясы Жұмыс станциясы

8.3-сурет. Сақина топологиясының үлгі сызбасы








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 6135;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.