Интернеттің негізгі түсініктері
Барлық компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі мақсат-олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.
Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, бағдарламалық және ақпараттық. Ақпараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б жатады.
Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық ресурстардықұрайды.
Компьютерлік желілерді аппараттық және бағдарламалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты бағдарламалар қызмет етеді.
Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды (глобальды) желілер (CompuServe, America On Line, MS Network және басқалар) бар, бірақ солардың ең танымалысы – Интернет желісі.
Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютерлер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпарат жүйесі болып отыр.
Бүгінде осы ақпараттық кеңістікте 120 млн. аса пайдаланушылар қосылған. Олардың әрбірі одан өзіне қажеттісін тауып, оған қажетті дегенді бере алады. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.
Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET оқу орындарын, әскерлер мен әскери мердігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зертеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған. ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютерге бағдарлама енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұған файлдарды, электронды поштаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET-тің өсуіне орай және басқа желілер де дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі қызметтеріне электрондық пошта қызметімен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы интернет арқылы жүзеге асырылады.
Интернетте жұмыс істеу дегеніміз – шындығына келгенде толығымен алғандағы интернетте емес, тек оның көптеген қызмет түрлерінің біреуіне жұмыс атқару.
Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандай да бір ережелерге сай өзара қарым–қатынаста болатын хаттама деп аталатын бағдарлама жолы. Осы жұп бағдарламасының біреуі сервер, екіншісі –клиент деп аталады.
Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. Мысалы, Интернетке файлды жіберу үшін арнайы ҒТР қолданбалы хаттамасы пайдаланылады. Сәйкесінше, Интернеттен файл алу үшін мынадай іс-әрекеттер жасау қажет:
● компьютерде ҒТР клиенті болып табылатын бағдарлама орнату;
● ҒТР қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату;
Интернетте жұмыс істеу үшін:
● компьютерді Бүкіләлемдік желінің бір торабына жалғау;
● IP-адресті алу/Интернетке қосылған адамның тораптық адресі /;
● таңдап алынған Интернет қызмет түрінің бағдарлама-клиентін орнату және баптау қажет.
Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер Интернет қызметін қоюшылар немесе сервис-провайдерлер деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім-шарт бойынша провайдерлер атқарады.
Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшелінген және коммутаторлық. Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі кабельдік, радиоарналық, спутниктік тәсілмен жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметтерді жіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелермен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады. Ал, коммутаторлық байланыс-уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті. Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі. Телефон сымдары ток жиілігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп /модуляцияланып/ торапқа түседі және керісінше жүреді.
Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады. Ішкі модемдер аналық тақтаға орнатылады.
Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін желіге қашықтан қатынау бағдарламасын баптау қажет.
Бағдарламаны баптау кезінде Интернет қызметін қоюшы мынадай мәліметтерді алдын-ала енгізіп қоюы керек:
· байланыс жүргізілетін телефонның нөмірі;
· қолданушының аты (login);
· құпия сөзі (password);
· сервердің адресі.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 5648;