Желілік бағдарламалық және техникалық құралдар
Компьютерлік желі архитектурасына қажетті бағдарламалық құралдар:
¯ желілік операциялық жүйе,
¯ желіні басқару бағдарламалық құралдары.
Желілік операциялық жүйе(NOS, Network Operating System)–желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын бағдарламалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды, желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.
Желілік операциялық жүйе файлдармен қолданбалы бағдарламалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады да, қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.
Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын сыртқы құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін айқындап отырады. Бұған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу рөлін атқарып каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттілігін жүргізіп, желіні басқару қызметін жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server, Novell Netware, Banyan VINES т.б. жатады.
Желіні басқару бағдарламалық құралдарыжеліні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын, желіні жеке иеленудің жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын-ала жүргізеді.
Желі әкімгерлері басқару жұмыс станциясы немесе World Wide Web қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады, осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді. Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып, олардың әсерлерін азайтады және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады. Желіні толықтыру және күрделендіру мақсатында RMON мен RMON2 сияқты қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі әкімгерлері туындайтын қиыншылықтардың алдын алып отырады.
Бағдарламалық құралдар бұған қоса тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ өзгертулерден сақтайды. Желі әкімгерлері басқаруға арналған жұмыс станциясы арқылы құпия сөз орната алады, тұтынушылардың қандай құрылғыларды пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып тіркеп отырады.
Желілік техникалық құралдар.Желілер архитектурасына байланысты негізгі құраушылар мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады:
Аппараттық құралдар:
¯ кабельдер;
¯ серверлер;
¯ желілік интерфейс тақшалары;
¯ концентраторлар;
¯ коммутаторлар;
¯ аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар;
¯ аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтан қатынас құру сервелері:
¯ аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер.
Серверлер. Клиент – сервер желісіндегі осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы бағдарламаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе орнатылып, ол сыртқы құрылғыларды да басқара алады.
Желілік интерфейс тақшалары үстелге қойылатын немесе алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар.
Модемдержай телефон арналары арқылы интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. Модем деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор-демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал, екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 5787;