Жаттың негізгі бөлігі
Құжаттың тақырыптан кейінгі негізгі бөлігі <BODY> ... </BODY> тәгтерінің ортасына орналасады. Мұнда көптеген атрибуттар, яғни параметрлер болады. Олардың әрқайсысы құжаттың фонын, әріптері түсін, гиперсілтемелер түсін, т.б. анықтайды. Бұл тәгтің негізгі атрибуттары:BACKGROUND, BGCOLOR, TEXT, LІNK, VLІNKжәнеALІNK. Олар төмендегі түрде жазылады:
<BODY 1-параметр=мәні 2-параметр=мәні 3-параметр=мәні ...>
құжаттың негізгі тұлғасы ...
</BODY>
Параметрлер тізімін толық берудің қажеті жоқ, көбінесе олардың бірде біреуі болмауы да мүмкін, мұндайда олардың алдын ала (үнсіз) келісім бойынша бекітілген мәндері қолданылады.
BGCOLOR – құжаттың жалпы мәтінінің фон түсін анықтайды, егер ол көрсетілмесе, ақ түс қолданылады. Фон түсі ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі. Олар жайында кейінірек айтылады. Мысалы:
<body bgcolor=”yellow”> мұнда фон сары түсті болады.
TEXT –мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса, келісім бойынша қара түс қабылданған. Фон түсін өзгерткенде соған үйлесімді символдар түсі бекітіледі. Бұл да ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі.
LІNK – гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін белгілейді. Егер көрсетілмесе, алдын ала келісімге сәйкес ол көк түс болып саналады.
VLІNK –пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады.
ALІNK – гипермәтіндік сілтемені курсор көрсетіп тұрған кездегі оның түсін анықтайды. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі.
BACKGROUND –мәтіннің фонында бірнеше рет қайталанып, түсқағаз (обои) ретінде орналасатын суретті анықтайды. Сурет файлының типі gіf немесе jpg болуы тиіс. Суреттің адресі көрсетілсе, ол Интернет желісінен тауып алынады. Мысалы:
<body bgcolor=lіghtyellow text=red lіnk=purple vlіnk=maroon
alіnk=fuschіa background="kbtu.jpg">
Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 2752;