HTML-құжатты дайындау

HTML-құжат – бұл аты аты.htm түріндегі қарапайым мәтіндік құжат. Мынадай HTML-құжатты Блокнотта теріп шығыңыздар:

<html> <head> Менің алғашқы парағым <tіtle> 1-ші мысал </tіtle> </head> <body> <H1> Сәлем! </H1> Бұл HTML-құжаттың ең қарапайым мысалы. <P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер, дыбыстық әуендер орналастыруға да болады. </P> </body> </html>

Енді осы терілген құжатты, мысалы, Айна.htm деген атпен дискі­де сақтау керек. Сонда оның белгішесі болып өзгеріп Интернетте, яғни Internet Explorer программасымен көруге болатын түрге айна­лады.

Бұл Айна.htm файлын бір мезетте Іnternet Explorer-де және Блок­нотта ашып, оларды түрлендіре отырып, қатарластыра көруге болады. Ол үшін файлды Іnternet Explorer-де ашқаннан соң, Түр – HTML түрін­де (Вид – В виде HTML) командаларын орындау қажет. Сонда файл­дың алғашқы мәтіні Блокнотта ашылып, оны түрлендіріп өзгерту мүмкін­дігіне ие боламыз. Қажетті өзгертулер енгізіп оны қайта дискіге жазып сақтап қою қажет. Осы өзгертулердің HTML-құжатта іске асқанын көру үшін, қайта Іnternet Explorer-ді ашып Түр – Жаңалау (Вид – Обновить) командасын орындау керек немесе Саймандар тақтасын­дағы осы командаға сәйкес батырманы басу қажет.

Сонымен ішіне тәгтер жазылған кез келген программа мәтінін Блокнотта тергеннен кейін, оған өз қалауыңызша ат беріп, *.htm(* – кез келген ат) түрінде сақтау керек. Тергеніңіздің нәтижесін экранда көру үшін, оның атын тышқанмен екі шерту керек немесе Іnternet Explorer-де оны ашу қажет.

Келесі тарауларда HTML тәгтерін толығырақ қарастырып, олар­дың құжаттарды бейнелеуінен нақты мысалдар келтірейік.

Бақылау сұрақтары:

1. Web-парақ дегеніміз не және олар қалай жасалады?

2. HTML тілі қандай қызмет атқарады?

3. HTML тілінің мынадай терминдеріне түсінік беріңіздер: тәг, гипермәтін, броузер.

4. HTML тәгтерінің қандай түрлері бар? Олардың жазылу синтаксисі қандай?

5. Тәг атрибуттары не үшін қолданылады? Олардың жазылу ережелерінен мысалдар келтіріңіздер.

6. Ескейп-тізбектер қандай мақсатта қолданылады, қалай жазылады?

7. HTML құжаттары қалай дайындалады? Оларды қалай өзгертуге болады?

 









Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 6673;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.