HTML құжатының құрылымын анықтау тәгтері

HTML құжатының кез келгені <HTML> тәгінен басталып, соған сәйкес </HTML> түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.

Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікте <TІTLE> ... </TІTLE> тәгтерімен шектелетін құжаттың терезе маңдайшасында тұратын ресми атауы орналасады. Көптеген броузер­лер оны терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.

Осы құжатты принтер арқылы баспадан шығарғанда, броузер оны әр парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмағаны дұрыс, әдетте ол 64 символдан аспауы керек.

Жазылатын мәтін құжаттың негізгі тұлғасы деп аталатын <BODY> ... </BODY> тәгтерінің ортасына жазылады. Бұл қос белгі HTML-құ­жат­тың негізгі мазмұндық бөлігінің басын және соңын білдіреді.

Жоғарыда келтірілген төрт тәг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. Бірақ <HTML>, <TІTLE> тәгтерін жазбай кетсе де болады, дегенмен HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушы­ның қандай броузер пайдаланатыны, он­ың қалай жұмыс істейтіні программа құрушыға белгісіз болады ғой.

Түсініктемелер. Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер (ком­ментарий) жазыла­тыны сияқты мұнда да программаның орында­луына әсер етпей, яғни экранға еш мәлімет шығармай, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады. Түсініктеме мәтін <CОMMENT>...</COMMENT> тәгтері орт­а­сын­да орналасады.

HTML тілінің комментарийлерін тәг жазбай-ақ, арнайы символ­дар­дан <!-- кейін жалғастырып жазуға болады. Түсініктеме мәтін соңына --> символдары жазылуы тиіс. Түсінік мәтін “үлкен” таңбасы­нан (>) өзге кез келген символ­дардан құрастырыла береді.

<!-- мынау түсініктеме мәтін тізбегі -->

Программаны оқу ыңғайлы болуы үшін әрбір жол тиісінше қосымша шегіністер арқылы жазылады, бірақ жалпы HTML құжаты үшін оның қажеті жоқ. Тіпті, броузерлер HTML-файлдардағы жолдың соңы символын және көптеген бос орындарды есепке алмайды. Тәгтерді оқу жеңіл болуы үшін, олардың төмендегі мысалдағыдай жол басынан ығыстырылып орналасуы дұрыс деп есептеледі:

<html> <head> Менің алғашқы парағым <tіtle> 1-ші мысал </tіtle> </head> <body> <H1> Сәлем! </H1> <P> Бұл HTML – құжаттың ең қарапайым мысалы.</P> <P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады. </P> </body> </html>
Жоғарыдағы программалық мәтін нәтижесі
Сәлем! Бұл HTML – құжаттың ең қарапайым мысалы. Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады.







Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 4380;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.