Жаттардағы түстерді анықтау
HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен берілуі де (COLOR="#C0FFC0") мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі он алтылық цифр (С0) қызыл түс бөлігін, келесі екі цифр (FF) – жасыл түс бөлігін, соңғы екі цифр көк түс (C0) бөлігін анықтайды. Бұл жүйенің негізгі үш компоненті – қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue) түстер болғандықтан, оның жалпы аты RGB – осы түстердің бірінші әріптерінен құралған. Әр компонентке он алтылық санау жүйесінің 00-ден ҒҒ-ке (ондық санау жүйесінің 0-ден 255-ке дейінгі сандар) дейінгі санға сәйкес келеді. Содан кейін бұл үш мән алдында # белгісі бар бір мәнге біріктіріледі, мысалы #800080 мәні күлгін түсті береді. Барлық түстерді он алтылық санау жүйесі бойынша бір-бірінен ажырату қиын болғандықтан, HTML тілінде түстердің ағылшын тіліндегі атаулары жиі қолданылады. Төмендегі кестеде негізгі түстердің ағылшын тіліндегі аттары және он алтылық санау жүйесіндегі мәндері келтірілген.
Негізгі түстердің RGB форматында жазылу кодтары 3 кесте
Түс атауы | RGB коды | Түс атауы | RGB коды |
Black (қара) | "#000000" | Green (жасыл) | "#008000" |
Sіlver (күміс түсті) | "#C0C0C0" | Lіme (лимон түсті) | "#00FF00" |
Gray (сұр) | "#808080" | Olіve (олиф түсті) | "#808000" |
Whіte (ақ) | "#FFFFFF" | Yellow (сары) | "#FFFF00" |
Maroon (қызыл күрең) | "#800000" | Navy (қаракөк) | "#000080" |
Red (қызыл) | "#FF0000" | Blue (көк) | "#0000FF" |
Purple (күлгін) | "#800080" | Teal (жасылкөк) | "#008080" |
Fuchsіa (қызғыш, фуксия) | "#FF00FF" | Aqua (ақшылкөк) | "#00FFFF" |
Мысалы: <body bgcolor = whіte text = black lіnk = red vlіnk = maroon
alіnk = fuschіa background = "face.jpg">.
HTML-құжат үшін түстерді анықтаған кезде сіз оның атын немесе он алтылық жүйедегі кодын пайдалансаңыз болады. Мысалы, төмендегі жолдарддың қызметі бірдей:
<BODY BGCOLOR=”#FFFFFF”>
<BODY BGCOLOR=”WHІTE”>
Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 2792;