Дәріс. Ұңғыма оқпаны өсінің кеңістіктегі орнын анықтау
Ұңғыманың кеңістіктегі орны туралы бастапқы ақпаратты (оның траекториясы профилі) алу зениттік бұрыштар мен азимуттарды өлшеудің нәтижесі болып табылады. Оларды ұңғымада арнайы аспаптар-инклинометрлермен белгілі интервалдан кейін орындайды. Осы мәліметтерді алу процесі инклинометрия деп аталады. Жалпы жағдайда ұңғыманың кеңістіктегі орнын анықтаудың мақсаты, ұңғыма траекториясының қисықтығын сипаттайтын параметрлер туралы белгілі сұлба бойынша ақпаратты алуға және өңдеуге алып келеді.
Инклинометрлер 3 мән алуға көмектеседі: L нүктесіндегі ұңғыма тереңдігін өлшеу; вертикальдан ұңғыма өсінің ауытқу бұрышы θ; Аm нүктесінде ұңғыманың қисаю жазықтығында магниттік азимутты өлшеу.
Қазіргі кезде қолданыста жүрген инклинометлер КИТ және КИТА өзінің техникалық сипаттамасына байланысты өлшену нәтижелерін келесі қателіктермен алуды қамтамасыз етеді; өлшенетін зенит бұрыштарының диапазоны θ- 0-500; зениттік бұрыштарды өлшеудің рұқсат етілген қателігі Мq -±0,5о; магниттік азимутты өлшеудің диапазоны Аm – 0 – 3600; азимуттарды өлшеудің рұқсат етілген қателігі (θ≥30) болғанда МАm±40.
Геологиялық және техникалық сипаттамасына байланысты ұңғымалар белгіленген жоба бағытынан ауытқиды; вертикаль ұңғыма вертикальдан ауытқиды, ал еңкіш бағытталған - жоба бағытынан. Берілген бағыттан ұңғыманың ауытқуын – ұңғыманың қисаюыдеп атайды.
Кеңістікте қандай да бір L тереңдікте ұңғыма өсінің орны екі элементпен анықталады: -АА// вертикальдан АВ ұңғымасының θ ауытқу бұрышы мен өстің горизонталь проекциясының α дирекциондық бұрышы (15-сурет).
Ұңғыманың планын және профилін құру үшін, оқпан бойынща ұңғыма тереңдігін және оның вертикаль тереңдігін қосымша білу қажет. Бұл тереңдіктердің айырмашылығы ұңғыма оқпанының ұзару шамасы болады, онымен қазбаның жобалық тереңдіктен ауытқуын анықтауға болады. А нүктесін ұңғыманың сағасы деп қабылдаймыз. Онда ұңғыма өсінің В нүктесінің кеңістіктегі орны ℓ интервалында А бетінен мына формула бойынша анықталады:
ХВ=ХА+∆Х,
УВ=УА+∆У,
ZВ=ZА+∆Z,
мұндағы ХА, УА - ұңғыма бетінің тік бұрышты координаталары; ZА – ұңғыма бетінің абсолюттік биіктігі.
Координаталардың өсімшелерін былай анықтаймыз
15-сурет. Ұңғыманың ауытқу сұлбасы
мұндағы S – ұңғыма өсінің lитервалының горизонталь проекциясы, αоның дирекциондық бұрышы;
АІАВ үшбұрышынан мынаны аламыз
S= ,
Онда бұл теңдеу мына түрге айналады
Ұңғыма оқпанының lинтервалында ұңғыманың қисықтыққа түзетуі аталатын ∆l ұзаруы былай анықталады
Әрбір l интервалында θі және αі элементтеріне өлшеу жүргізілгендіктен, анықталатын кез келген К нүктесінің координата өсімшелері ұңғыманың бетіне байланысты соңғы нүктелерінің координаталар өсімшелерінің жиынтығына тең болады
Олай болса, қисаю элементтерінің өлшеулері жүргізілген ұңғыма өсінің К нүктесінің кеңістіктегі координаталарын мына формулалар бойынша есептеуге болады
Жоғарыдағы формулаларды ескере отырып осы формула мына түрді қабылдайды:
Ұңғыма өлшенетін магниттік азимуттан дирекциондық бұрышқа ауысуы өлшенген шамаларға түзетулер енгізу арқылы мына формулаға байланысты анықталады
a = Ам + d -g,
мұндағы δ – магнит нұсқарының бұрылу бұрышы, γ – меридиандардың жақындасу бұрышы; δ және γ бұрыштары формулаға өзінің таңбаларымен қойылады. Олардың шамалары топографиялық карталарда көрсетіледі.
Кеңістіктегі ұңғыма оқпаны өсінің орнын бақылау. Ұңғыма оқпаны өсінің траекториясы әрдайым жобадағыға ұқсамайды. Рұқсат етілген кенорнын өндіру, ұңғымаларды бұрғылау және оларды пайдалану талаптарын ескере отырып анықтайды. Кенорнын игеру жобасында әрбір ұңғыма үшін тиімді горизонтты ашудың белгілі нүктесі қарастырылады. Сонымен бірге ашу нүктесінің жобалық-технологиялық құжаттарда қарастырылғаннан, бұрғылау алаңының геологиялық құрылымын, қабаттың физикасын, бұрғылаудың технологиялық факторларын, ұңғыманы жүргізу және оның кеңістіктегі орнын анықтаудың қателіктерін есепке алатын кейбір ауытқулары рұқсат етіледі.
Ұңғыманы бұрғылау және пайдаланудың тиіді шарты үшін ұңғыма оқпаны өсінің жалпы қисаю бұрышын, оқпанның қисаю қарқындылығы (жалпы қисаюдың градуспен ұңғыма интервалының ұзындығына қатынасы, ондық метрлермен көрсетіледі).
Жалпы қисаю бұрышы φ мынадан анықталады:
Ұңғыма оқпаны өсінің жалпы қисаю бұрышының қателігі мынаған тең
мұндағы θі, θі-1 – интервал басындағы және аяғындағы ұңғыма оқпаны өсінің вертикальдан ауытқу бұрышы; αі, αі-1 - өлшеу интервалының басындағы және соңындағы азимут; mө - ұңғыма оқпаны өсінің вертикальдан ауытқу бұрышын анықтаудың орташа квадраттық қателігі; mα – азимутты анықтаудың орташа квадраттық қателігі.
Ұңғыма оқпаны өсінің өзгеше нүктесінің дәлдігін бағалаудың критериі ретінде орташа квадраттық қателігі алынады.
Ұңғыма оқпаны өсінің өзгеше нүктесінің орнын жазықтықта және кеңістікте сәйкес эллипс немесе эллипсоид қателіктері арқылы бағалауға болады.
Ұңғыма оқпаны өсінің өзгеше нүктесінің нақты орнын, оның жобадағы орнымен салыстыру үшін 1:500 – 1:2000 масштабтағы ұңғыманы жүргізудің, ұңғыма оқпаны өсінің жобалық және нақты трассасы бейнеленген кезекші планы болу керек.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының дәлдігін маркшейдерлік бақылау. Оған кіретіндер: ғимараттар мен құрылыстардың, оларды монтаждау процесінде конструкциясының нақты орнын (планда және биіктігі бойынша) тексеру; тұрақты орнатылған конструкциялардың нақты орнын атқарушы түсіру.
Маркшейдерлік тексеруге ғимарат және құрылыстың барлық тіреуші және қорғаушы конструкциялары, сонымен бірге инженерлік коммуникациялар жатады.
Атқарушы түсіруге ғимараттар мен құжаттар, тек қана келесі монтаждаудың дәлдік талаптарын орындайтын конструкциялары жатады. Атқарушы түсіруге жататын конструкциялар тізімі, жұмысты орындау жобасына байланысты.
Конструкциялардың нақты орыны (тіктігі, тегістігі, т.б.) құрылыстың барлық кезеңдерінде, құрылыс-монтаждау мекемесімен анықталуы керек. Оның орындарының дұрыстығын жұмыс сызбаларында көрсетілген размерлері және биіктіктерін салыстыру арқылы және СНиП-та белгіленген шегінің шамалары арқылы тексереді.
Конструкцияның пландық орнын бақылауды, өстері немесе конструкция қырлары арасындағы арақашықтықты өлшеумен, биіктік орнын бақылауды-геометриялық нивелирлеумен, тіктігін бақылауды-механикалық тәсілмен (5м дейін биіктікте) көлбеу жобалау әдісімен, ал 50 метрден жоғары биіктікте зенит аспаптарымен орындайды.
Геодезиялық өлшеудің қателігі СНиП-та немесе техникалық жобамен қаралған шек шамасынан 0,2-ден көп болмауы керек.
Атқарулық түсіру нәтижесімен атқарулық сұлбалар құрастырылады, олармен жұмыс сызбаларында көрсетілген конструкциялардың нақты орнының размерлерге және биіктіктерге сәйкестігі дәлелденеді.
Нег. 1 [95-102]
Бақылау сұрақтары:
1.Ұңғыма оқпаны өсінің кеңістіктегі орны қалай анықталады?
2.Кеңістікте ұңғыма оқпаны өсінің орны қалай бақыланады?
3.Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың дәлдігін бақылау қалай орындалады?
№11 дәріс. Мұнай және газ кенорындарын игеру кезіндегі маркшейдерлік түсірулік жұмыстар
Маркшейдерлік пландардың мазмұны және дәлдігі. Кенорындарының маркшейдерлік пландары теодолиттік, мензулалық, тахеометриялық, фотограмметриялық немесе аэрофотограмметриялық түсіру нәтижелері бойынша құрастырылады. Кенорнының маркшейдерлік планында мыналар көрсетілуі керек: топографиялық жүктеме (жер бедері, гидрография, тұрғылықты пункттер және т.б); мемлекеттік, геодезиялық торлардың және геодезиялық жиілету тораптарының пункттері; барлау, өндіру ұңғымалары; магистральді тасымалдау құбырлары; инженерлік коммуникациялар; компрессорлық станциялар; өндірістік нысандар.
Жер бетінің жақсы көрінетін нысандары мен контурларының пландағы орнының түсіру негіздерінің жақын орналасқан пункттеріне байланысты орташа қателігі 0,5 мм-ден аспауы керек, жабық, жүруге қолайсыз және таулы аймақтарда – 0,7 мм. Көп қабатты және нақты құрылысты аумақтарда нүктелердің өзара орнының шекті қателігі 0,4 мм-ден аспауы керек.
Жер бедерін түсірудің, түсіру негіздеріне жақын жатқан нүктесіне байланысты орташа қателігі, жер бетінің көлбеу бұрышы 2°-қа дейін болғанда қабылданған биіктік жер бедері қимасының ¼ биіктігінен аспауы керек; масштабы 1:5000, 1:2000 пландар үшін көлбеу бұрыш 2-6° және масштабы 1:1 000 және 1:500 пландар үшін 10°-қа дейін болғанда қабылданған рельеф қимасының 1/3 биіктігі қабылданады. Масштабы 1:5000 және 1:2000 пландарында жер бедерінің қимасы 0,5 м болғанда 1/3 биіктігінен аспауы керек. Орманды жерлерде көрсетілген шектер 1,5 есе ұлғаяды. Көлбеу бұрышы 6°-тан жоғары учаскелерде масштабы 1:5000 және 1:2000 пландар үшін және 10° жоғары масштабы 1:1000 және 1:500 пландар үшін горизонтальдардың саны, ылдидағы анықталған биіктік айырымына сәйкес келуі керек; ал жер бедерінің нүктелерінде анықталған биіктіктің орташа қателігі биіктігі, жер бедері қимасының биіктігімен алынғаннан 1/3 аспауы керек.
Өндірістік бірлестіктер, мұнай–газ өндіретін және бұрғылау басқармаларында маркшейдерлік графикалық құжаттардың 9 кестеде көрсетілген комплексі болу керек.
9 кесте
Графикалық құжаттардың аты | |
1. Өндірістік бірлестіктер - жұмыстың жүргізілуіне байланысты бірлестіктердің көлемді зерттелген аумақтың топографиялық- геодезиялық картограммалары - бірлестіктер мен басқармалардың аумақтың топографиялық картасы - аудан бойынша ұңғымалардың беті мен ішінің орналасу сұлбасы | 1:2 000 000- 1:100 000 1:100 000- 1:10 000 1:10 000- 1:1 000 |
2. Мұнай-газ өндіруші басқармалар - жұмыстың жүргізілуіне байланысты кәсіпорындардың көлемді зерттелген аумағының топографиялық- геодезиялық картограммалары - кәсіпорындар аумағының топографиялық картасы - өндірілетін кенорнының маркшейдерлік пландары | 1:500 000- 1:50000 1:100 000- 1:10 000 1:10 000- 1:2 000 |
- коммуникациялардың планы, сұлбасы (қажет болса) - өндірістік зоналардың өндірістік нысандарының планы және т,б - жердің және кеннің жер бөліктерінің карталары мен пландары | 1:100 000- 1:2 000 1:2 000- 1:500 1:25 000- 1:5 000 |
3. Бұрғылау кәсіпорындары - жұмыстың жүргізілуіне байланысты кәсіборындардың көлемді зерттелген аумағының топографиялық- геодезиялық картограммалары - кәсіпорындардың аумағының топографиялық картасы - коммуникациялардың планы (қажет болса) - ұңғымалардың беті мен ішінің орналасу планы - фотопландар және аэрофототүсірілімдер (қажет болса) | 1:500 000- 1:25 000 1:100 000- 1:10 000 1:25 000- 1:5 000 1:100 000- 1:10 000 |
Топографиялық-геодезиялық зерттеулердің картограммасында көрсетілуі керек:
түсіру шекаралары (түсіру масштабы мен уақытының көрсетілуімен); мекеме аймағындағы геодезиялық торлар пункттері дәлдік класына байланысты диферренциялаумен.
Коммуникация планына енгізіледі: координаталық тор, түсіру негіздерінің пункттері, ұңғыма беті, жармалық сызықтар, түрлі мақсаттағы тасымалдау құбырлары, құрама пункттер, топты өлшеуіш қондырғылар, мұнай, газ және су дайындау қондырғылары, тауарлы резервуарлар, басты ғимараттар, жер бетінің бедері, электр тасымалдау, байланыс, телебасқару сызықтары.
Ұңғымалардың беті мен кенжарын орналастыру планында көрсетілуі керек: координаталық тор, кен телімдерінің шекарасы (игеріліп жатқан кен орындары үшін), саға мен кенжар, оқпан бойынша басқа ерекше нүктелер, ұңғыма оқпандарының горизонталь орналасуы; ұңғыманың нөмірі, топографиялық жүктеменің қажетті элементтері. Өндіріс нысандары пландарында көрсетілуі керек: координаталық тор, технологиялық комплекстің барлық ғимараттары және қондырғылары, жер бетінде орнатылған геодезиялық тораптардың пункттері, жер бетінің бедері.
Жер телімдерінің планында көрсетілуі керек: гидрография элементтері және байланыстың негізгі жолдары, пайдаланатын жердің шекаралары, ұзақ уақыт қолдануға берілген жердің шекарасы, ауылшаруашылық және басқалар пайдаланатын жер шекарасы, өндірістің балансындағы жерлердің ағымдағы өзгерісі, сондай-ақ қайтаруға немесе пайдалануға дайындалған жерлер.
Жерасты коммуникацияларын түсіру. Жерасты коммуникацияларын түсіру келесі жұмыстардан тұрады: жер учаскесін рекогноцировкалау және коммуникацияларды оржолдарда, құдықтар мен шурфтарда тексеру; сыртқы ерекшеліктеріне байланысты коммуникациялардың орналасу сұлбасын құрастыру құбыр, кабель іздегіштермен, шурфтарды жүрумен және оларды жер бетінде белгілеу; пландық – биіктік геодезиялық түсіру тораптарын құрастыру; коммуникация тораптарының элементтерін олардың ішіндегі құрылыстармен өлшеумен қоса пландық – биіктік түсіру.
Түсірілуге құдықтардың люктарының және камералардың центрі, құбырлар мен кабельдердің жер бетіне шығатын жерлері, су колонкалары, трансформаторлық будкалар және подстанциялар, жылулық пункттер және басқа да жерасты коммуникацияларымен техникалық байланысты құрылыстар тиіс. Жерасты желілерінің бұрылу бұрыштарын, түзу сызықты учаскелердегі нүктелерді 50 метрден жиі емес, қисықтың бас нүктелері, еңістің өзгеру жерлерін, құбырлыр габариттерін, тармақтану орындарын, қосылыстар түсіріледі.
Жұмыстардың аймағын рекогносцировкалауда жерасты коммуникацияларының түрлері мен орындарын бекітеді, құбыр, кабель іздегіштердің көмегімен ізделінуге (табылуға) тиіс тасымалдау құбырлары мен кабельдердің учаскелерін анықтайды.
Коммуникациялардың жалпы сұлбасын алдағы түсіру масштабынан үлкенірек (ірірек) масштабта құрады. Сұлбада шартты белгілермен коммуникация трассалары, олардың міндеті, трассалардың бұрылу бұрыштары, коммуникациялардың қиылысатын жерлері, нөмірленген құдықтар, конденсат жинайтын орын, компенсаторлар, міндеті бойынша коммуникациялардың сипаттамасы көрсетіледі.
Камералдық рекогносцировкалауда барлық графикалық материалдарды қолданады: топографиялық және маркшейдерлік пландар, жұмыстық және атқару сызбалары, құрылыстың технологиялық сұлбасы, бекітулердің сұлбасы, абристер және т.б.
Жерасты коммуникацияларының пландық орнын мемлекеттік геодезиялық тораптар мен түсіру негіздерінің нүктелерінің пункттерінен, арнайы жүргізілген теодолиттік жүрістер немесе күрделі ғимараттар мен құрылыстардың нақты нүктелерінен, үйлердің фундаменттерінен, тас және темір бетонды қоршаулардан анықтайды. Түсірудің полярлық, перпендикулярлық, қиылыстыру, мензулалық әдістері қолданылады.
Жерасты коммуникацияларының желілік элементтерінің пландық орнының шекті қателіктері 0,2 м-ден артық болмауы қажет.
Ұңғыма бетінің пландағы орнын анықтау. Ұңғыма бетінің пландағы орнын анықтау үшін іздеу, барлау және игеру алаңдарында түсіру негіздері қолданылады. Бұрғылау ұңғымаларының бетінің пландық орыны негізінен бұрыштық және сызықтық қиылыстырулармен анықталады. Төменде ұнғыманың пландағы орнын тура қиылыстырумен анықтау қарастырылған.
Егер түсіру негізінің екі А және В пунктінде маркшейдерлік пункт пен анықталатын ұңғыманың Р бағыттарының арасында екі бұрыш в1 мен в2 өлшенсе, онда оның координаталарын Юнг формуласы бойынша есептеуге болды.
АР қабырғасы бойынша тура геодезиялық есепті шешкенде Р ұңғымасының координаталары мыналардан анықталады
Ары қарай АВР үшбұрышынан синустар теоремасы негізінде алатынымыз
мұндағы в1- АВ қабырғасының ұзындығы.
дирекциондық бұрыш aАР тең болады:
aАР = aАВ - b 1
Ары қарай мыналарды табамыз
DХАР = X P – XA= S1CosaAP
DУАР = УР – УА = S1SinaAP
Теңдіктерді ескере отырып, осы теңдікті мына түрде қайта көшіріп жазамыз
Синустар және косинустар үшін тригонометрияның формулаларын қолдана отырып екі бұрыштың айырмашылығын және бөлшектің алымы мен бөлімін Sinb1, b2 ға бөліп табамыз
Мынадай болғандықтан
в1 × CosaАВ = Xв – ХА
в1 × SinaAB = УВ – УА
формулалар мынадай түрде болады
Сонда координаталардың өздерін есептеу формуласы
Жалпы алымына келтіргеннен кейін алатынымыз
және аналогия бойынша
Р ұңғымасының координаталарын тексеру, олар түсіру негіздерінің В және С пункттеріне байланысты, осы пункттерде өлшенген β'1 және β'2 бұрыштары бойынша анықталады.
Пландар мен қималарды маркшейдерлік құрастыруды майыспайтын негізде орындау керек.
Планда масштабсыз көрсетілген өндіріс обьектілері шартты белгілермен көрсетіледі және түсініктемелер жазумен беріледі.
Мұндай жағдайда, егер планда масштаб шарты бойынша жақын орналасқан коммуникацияларды көрсетуге болмаса, онда соның біреуі негізгі ретінде алынып, оның орнына байланысты түсіріледі.
Егер де коммуникациялар бір-бірінің үстінде орналасқан болса планда сәйкес келетін болса, онда үлкенірек масштабта тік қимасы құрылады.
Әрбір планшет көршілес планшетпен рамкасы бойынша түйісуі керек. Планшеттердің түйісу сызығының негізгі контур мен горизонталь ауытқулары 1мм аспауы керек, ал негізгі емес – 1,5 мм. Биіктік бойынша айырмашылық, түсіру негіздеріне байланысты жер бедері түсірудің рұқсат етілген орташа қателігінің 2 есе шамасынан аспауы керек. Жаңа планшеттерді ескі планшеттермен түйістіргенде түзетулер жаңа түсірудің планшеттерінде орындалады. Айырмашылықтар әрбір планшетке теңдей бөлінеді.
Құрастырылған план жер бетінде негіздермен салыстыру және бақылау түсірулерін жүргізумен тексеріледі.
Планнан және бақылау өлшеулерінен алынған арақашықтықтар арасындағы айырмашылық план масштабында 0,44 мм аспауы керек.
Пландарды жаңарту үшін, өзгерістерді қазіргі заманғы түсірулермен қамтамасыз етіп, жаңадан салынған құрылыстар мен коммуникацияларды әр уақытта есепке алып отыру керек. Айтылған сызбалар болмаған жағдайда бөлу жұмыстарының, ағымдағы түсірудің, жер бетіндегі зерттеулердің және аэрофототүсірулердің материалдарын қолданады.
Пландарды жаңарту технологиясы учаскедегі өзгерістердің санын, жер бетінің сипатын және қолданылатын материалдар мен аспаптарды есепке ала отырып таңдайды.
Нег. 1 [104-123]
Бақылау сұрақтары:
1.Жерасты коммуникацияларын түсіруді не үшін орындайды?
2.Жерасты коммуникацияларын түсірудің ерекшеліктерін айтыңыз.
3.Жерасты коммуникацияларын түсіру қандай кезеңдерден тұрады?
4.Түсіру материалдарынан қандай материалдар құрастырылады?
№12 дәріс. Желілік құрылыстарды салу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
Мұнай газ құбырларының ізденіс жұмыстары. Мұнай және газ кенорындарын игергенде, мұнай және газ құбырлары оларды өндіретін орыннан жинақтау пунктіне және басты құрылыстарға тасымалдауға арналған. Мұнай тасымалдағанда, мұнай құбырларының құрамына кіреді: скважинадан топталған өлшеу қондырғысына дейінгі шығару сызықтары; топталған өлшеу қондырғысынан, сығу сорғы станциясына дейінгі жинақталған мұнай құбырлары; сығу сорғы станциясынан мұнайды дайындау қондырғысына дейінгі мұнай құбырлары; мұнайды дайындау қондырғысынан магистральдік мұнай құбырларына дейін; құбырларда қажетті қысым жасайтын, бас сорғы станциясынан тұратын, бас ғимараттар және мұнайды жинайтын және сақтайтын орындар паркі.
Құбырлар желісі газды, суды, мұнайды тасымалдау және жинақтау жүйесінің негізгі бастапқы элементі болып табылады. Оларды төсеу және пайдалану үшін көп шығын қажет. Құбырларды жобалау үшін алдымен трасса таңдалады. Шығынды азайту үшін жолды түзу сызықты, табиғи және жасанды кедергілермен аз қиылысатын етіп белгілейді. Егер бұл талаптарды орындау қиын болса, онда трассаның бірнеше вариантын белгілейді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру арқылы тиімдісін таңдайды. Өзі ағатын құбырларды сұйықтың қозғалатын жағына қарай еңістікпен төсейді, ол үшін жер бетінің рельефін қолданады. Ең көп тараған түріне құбырларды жер асты төсеу жатады. Оны орындағанда өндіріс аумағы үйіліп тасталынбайды ұңғыма өнімі және құбырлар атмосфераның әсерінен қорғалады, ал құбырдың қабырғалары - механикалық бұзылудан сақталады.
Құбырларды жерасты төсегенде оны жердің мұздау тереңдігінен төмен немесе мұздау зонасында механикалық бұзылудан сақтау үшін құбырдың бетіне дейінгі 0,7-1,0 м тереңдікте жатқызылады.
Құбырлардың еңістігін негізінде жер бетінің бедеріне параллель жобалайды. Сондықтан құбыр ұзындығын дұрыс анықтау үшін пикетажды жер бетінің еңістігімен бөледі. Еңіс арақашықтықтарымен бойлық профиль салынады.
Горизонталь қисықтың радиусын мына шарт бойынша жобалайды:
R ³ 0,9 Дн ,
мұндағы R-радиус, м; Дн- құбырдың сыртқы диаметрі,мм.
Бастапқы және соңғы пункттрді таңдағаннан кейін, техникалық шарттарды қанағаттандыратын және құрылысына аз шығын қажет құбырлардың қысқа трассасына ізденіс жұмыстарын орындауға кіріседі.
Таңдалып алынған пункттер арасындағы ең қысқа бағыттағы трасса варианттарын алғашында топокартада белгілейді.
Мұнда мүмкіндігінше трассаны бар темір және автомобиль жолдарына, яғни оларды құбырларды құрғанда және пайдаланғанда қолдану үшін жақындатуға тырысады.
1:10000 -1:12000 масштабында варианттардың белгіленген жолы бойынша маршруттық аэрофототүсіруді жүргізеді. Жер бетінде геодезиялық негіздерді бөледі, аэрофотосуреттерді пландық-биіктік байлауды және далалық дешифрлеуді орындайды. Бір уақытта маршруттық инженерлік-геологиялық түсіруді орындайды, батпақты, тұзды немесе ағынды сулармен ластанған учаскелерді анықтайды. 1:5000-1:10000 масштабында құрастырылған фотопландар (пландар) және инженерлік-геологиялық түсірудің материялдары ең тиімді трассаларды және құбырларды пайдалануды белгілеуге мүмкіндік береді.
Мұнай-газ құбырының орнын таңдауда төмендегі талаптар сақталуы керек: трасса игерілуі оңай жер бедері мен грунтты бірқалыпты учаске бойында болу керек; мұнай-аз құбырлары тез коррозияға ұшырамау үшін ағынды сулармен ластанған, тұзды және батпақты жерлерден тыс орналасуы керек; грунттың коррозиялылығы, грунттық судың деңгейі және басқа да факторлар ескерілуі керек; трассаны едәуір ұзарту мақсатында бұрылу бұрыштарын 20-30° тан мүмкін болғанша үлкен алмау керек; мүмкіндігінше үлкен орманды массивтерге, тасты грунтты учаскелерге, жарлы жағалы өзендерге, батпақтарға, сонымен қатар жақын өтетін электр тасымалдау жүйелеріне паралель орналасқан бағыттарға, елді мекендерге трассалар 200-300 м-ден жақын орналаспауы тиіс; мұнай құбырының трассасы елді мекендер биіктігінен төмен өтуі, ал газ құбыры жоғары орналасуы тиіс; құбырлар желісімен байланыс желісі жақын орналасуы және жақын маңда грунтты жол өтуі керек; трасса бойындағы тілім алқабының ені 15-20 м болу керек, ал ормандарда ені 12 м жол жасайды; құбырлар желісінің екі қатарының аралары 10 м болу керек; трасса жергілікті атқару органдарының келісімімен жүргізілуі керек.
Камералдық трассалау топографиялық карта мен пландарда орындалады және олардың масштабы жобалау кезеңдеріне байланысты болады.
Фотограмметриялық трассалау кезінде стереожұптаы аэрофото- суреттердің бағдарлауын тірек нүктелерімен, яғни жай түрде орындайды. Жер бедерін және жергілікті жердің ситуацияларын, геологиялық жағдайларын стереоскопиялық анықтағанда трассаның бірнеше вариаттарын белгілейді. Жазық аймақтарда трасссалау бірнеше әдіспен, яғни белгіленген варианттар бойынша қимасын фотограмметриялық жолмен анықтайды және ең тиімдісін таңдайды. Стереомодель бойынша камералды әдіспен трассалау көп еңбекті қажет ететін болып саналады. Стереотопографиялық әдіспен ізденіс пландарын құрауға және оларды камералды трассалау кезінде, алаңдық ізденістерде қолдану өте ыңғайлы.
Трассаның жұмыс сызба ұсқасының жобасын құрғанда құбырлардың далалық трассалануы келесідей тәртіппен орындалады: жобадан жер бетіне көшіру, желіні қадалау; бұрылыс бұрыштарын өлшеу, сызықтық өлшеу және пикеттік журналды жүргізе отырып пикеттерді бөлу, өтпелі және дөңгелек қисықтарды бөлу; трассаны нивелирлеу, трасса бойымен реперлерді орнату; трассаны бекіту; трассаны геодезиялық негіз пункттеріне байланыстыру; 1:500-1:1000 масштабында алаңдарды, өткелдерді, қиылысуларды түсіру; далалық материалдарды өңдеу, 1:5000-1:10000 масштабында трассаның планын және бойлық профилді құру.
Құбырларды салу кезіндегі бөлу жұмыстары. Құбырларды салу алдында бұрылыс бұрыштары, трассаның пикеттері қалпына келтіріледі және орнықтырылады, қисықтарды толық бөледі, реперлердің торларын (1км сайын) жиілетеді, сызықтардың бақылау өлшеулерін және нивелирлеуді қайта орындайды. Жоба бойынша трассаны қалпына келтірумен қатар құдықтар мен өтпелерді бөледі және орнықтырады. Бекіту нүктелері жер жұмыстарынан тыс, яғни өстен екі жаққа қарай 5 км-дей орналастырады.
Нег. 1 [125-138]
Бақылау сұрақтары:
1.Тасымалдау құбырларын жобалауға қандай талаптар қойылады?
2.Мұнай, газ тасымалдау құбырларының түзу сызықты бөліктерінде бағыт қалай беріледі?
3.Мұнай тасымалдау құбырларының ізденіс жұмыстары қандай кезеңдерден тұрады?
4.Жер бетіндегі трассалау қандай жұмыстардан тұрады?
5.Қисықтың бас нүктелері қалай бөлінеді?
6.Қисықтарда толық бөлудің тәсілдерін айтып беріңіз.
7.Трассаны нивелирлеу қалай орындалады?
8.Трассаны түсірудің негізгі пункттеріне бекіту қалай орындалады?
9.Трассалаудың материалдарын өңдеу нелерден тұрады?
10.Жер бетіндегі трассалаудың нәтижесінде қандай құжаттар құрастырылады?
Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 3693;