Дәріс. Мұнай-газ өндіретін аймақтағы геодезиялық тораптарды және түсіру негіздеуін дамыту
Мемлекеттік геодезиялық тораптар туралы түсінік. Пландық мемлекеттік геодезиялық тораптар бір бірінен өлшеу дәлдігі, тор пункттері арасындағы арақашықтық және жасалу ретінің өзгешелігімен 1,2,3 және 4 класты тораптарға бөлінеді.
Жер бетінде мемлекеттік геодезиялық тораптардың пункттері арнайы жерасты белгілерімен-центрлермен бекітіледі, сонымен бірге олардың сақталуына мүмкіндік туғызатын шаралары қарастырылады. Жерасты центрлерінің үстіне пункттер арасында бірін-бірі көруді қамтамасыз ететін сыртқы белгілер-пирамидалар, сигналдар орнатылады, олар жер бетінде жақсы бағдар болады.
Мемлекеттік нивелирлік торап І,ІІ,ІІІ және ІУ класты тораптарға бөлінеді. І және ІІ класты тораптар бірыңғай биіктік жүйесін құрудың негізі болады, ІІІ және ІУ кластар-топографиялық түсірулерді және әртүрлі мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді. Тораптарды құру геометриялық нивелирлеумен орындалады.
Геодезиялық жиілету тораптары және түсіру тораптары.Геодезиялық жиілету тораптары кейбір жағдайларда, мемлекеттік геодезиялық торап пункттерінің жиілігі, мұнай және газ кенорындарын игеруді маркшейдерлік қамтамасыз етудің нақты мәселелерін шешуді қамтамасыз етпегенде құрылады.
Олар триангуляция әдісімен жетілдіретін 1 және 2 разрядты аналитикалық тораптарға және полигонометриялық әдісімен жетілдіретін полигонометриялық тораптарға бөлінеді. Биіктік жиілету тораптары – бұл геометриялық нивелирлеу әдісімен жасалатын техникалық нивелирлеудің тораптары.
Түсіру негіздері мемелекеттік геодезиялық тораптар, геодезиялық жиілету тораптары және техникаллық ниверлерлеу пункттерінен жетілдіреді. Түсіру тораптары трангуляциялық түсіру тораптарын құрумен, теодолиттік, тахеометрялық және мензулалық жүрістерді салумен, тура, кері және аралас қиылыстырулармен жасалады. Сонымен бірге нүктенің пландық және биіктік орны анықталады.
Пландық-биіктік түсіру тораптары пункттерін жер бетінде ұзақ уақыттық белгілермен бекітеді, тек әрбір планшетте 1:5000 масштабында түсіргенде 3 нүкте және 1:2 000 масштабында 2 нүкте болуы керек.
Түсіру негіздерін құру дәлдігін масштабтың дәлдігіне байланысты анықтайды, планда оның орташа мәнін 0,2мм- ге тең деп қабылдайды. Пландық негіздеу нүктелерінің орнының орташа қателігі, негізгі геодезиялық торларының жақын орналасқан пункттеріне байланстырып, ашық аудандарды топографиялық түсірулер пландарын жасау масштабында 0,1мм-ден аспауы керек және жабық (орманды) аудандарда – 0,15мм.
Түсіру тораптарын құру әдістері. Түсіру тораптары ашық жерлерде қарапайым тораптар- үшбұрыштар тізбегі түрінде микротриангуляциялық әдіспен жетілдіріледі, пункттер тура, кері немесе аралас қиыстырулар арқылы анықталады. Екіден көп анықталатын пункттерді қосатын микротриангуляция, кем дегенде екі негізгі қабырғаларға түйісуі керек (9-сурет).
Микротриангуляциялық пункттердің нүктелерінің биіктігі жер бедері 2 және 5 м, кейбір жағдайларда 1 м-ден кейін қиғанда түсіруді қамтамасыз ету үшін, тура және кері бағыттарда үш қыл жіп бойынша бір айналдыру тәсілімен немесе бір қыл жіп бойынша екі айналдыру тәсілімен анықталады. Станцияда нөл орнының және вертикаль бұрыштардың әртүрлі бағыттардан алынған ауытқулары ±45// аспауы керек. Тура және кері өсімшелер арасындағы айырмашылық 100 м-ге 4 см-ден аспауы керек, ал жүріс бойынша рұқсат етілген қателік мына формуламен есептеледі
мұндағы Sм – жүріс қабырғасының ұзындығы; n – жүрістегі қабырға саны;
Қателік қабырғалар ұзындығына пропорциональ етіп бөлінеді.
9-сурет. Микротриангуляция сызбасы
М нүктесі егер тірек пункттерінің арасында тікелей байланыс болмаған жағдайда тура қиылыстырумен орындалуы мүмкін (10,б-сурет)
10–сурет. Теодолиттік жүрістерді құру сұлбасы.
а-тұйықталған емес; б-тұйықталған; в-бос тұйықталған; г-жүрістер жүйесі; д-аспалы;
Сырттағы М нүктесінің орнын теодолиттік жүрістің А және В пункттерінен қиылыстырулармен анықтауға болады, ол үшін b1 мен b2 бұрыштары өлшенеді. Дирекциондық бұрышы белгілі АЕ және ВГ жүріс қабырғаларының дирекциондық бұрышын біле отырып, АМ және ВМ қиылыстыру сызықтарының дирекциондық бұрышын табады.
aАМ = aАЕ - b1; aВМ =aBF -b2
М нүктесінің координаталарын мына формулалар арқылы есептейді.
Кері қиылыстыруда анықталатын М пунктінде (10,в- сурет) А, В және С тірек пункттарының арасындағы a және b өлшенеді. Тірек нүктелері А, В, С және М нүктелері бір шеңберде немесе оған жақын жерде орналаспауы керек. М нүктесінің координаталарын мына формулалар арқылы есептейді
тексеру үшін γ- бұрышын және координаталарды, басқа екі келесі бұрыштарды қолдана отырып, мысалы ά және γ – есептейміз.
Аралас қиылыстыру (10,г-сурет ) тура және кері қилыстырулардың элементтерінің жиынтығы болып есептеледі. АВМ үшбұрышында А және М нүктелерінде бұрыштар өлшенген, бұл В нүктесіндегі бұрышты есептеуге, содан кейін М нүктесінің координаталарын қиылыстыру формулаларымен есептеуге мүмкіндік береді. М нүктесінде АМС бұрышы өлшенген, бұл тексеру үшін кері қилыстырудың формулаларымен оның координаталарын есептеуге мүмкіндік береді.
Қиылыстыру арқылы алынған нүктенің биіктігін анықтау үшін өсімшені. тригонометриялык нивелирлеумен өлшейді және оларды мына формула бойынша есептейді
H = s tg n + i-v+ f ,
мұндағы n- вертикаль бұрыш, i -аспап биіктігі, n- дәлдеу биіктігі, ƒ- жердін қисықтығына және рефракция үшін түзету.
Вертикаль бұрыштарды үш айналдыру тәсілімен дөңгелектің екі жағдайында өлшейді. Вертикаль бұрыштардың және нөлдің орнының ауытқу шамалары ±15// аспауы керек.
Геодезиялық түсіру тораптарын жабық аудандарда құрудың көп таралған тәсілі теодолиттік және тахеометриялық жүрістерді орындау болады.
1-разрядты теодолиттік жүрістері 1:2000 салыстырмалы қателікпен салынады, 2- разрядты теодолиттік жүрісте - 1:1000, тахеометриялық жүрістер- 1:500.
Нег.1 [57-62]
Бақылау сұрақтары:
1. Жиілетудің пландық торабы деп нені түсінеді?
2. Түсіру негіздерінің пландық тораптарының міндеті.
3. Пландық түсіру негіздері қандай тәсілдермен жасалады?
4. Теодолиттік жүріс деп нені түсінеді, оның міндеті неде?
5. Микротриангуляция нені көрсетеді?
№8 дәріс. Мұнай және газ кенорындарын жайғастыруды маркшейдерлік қамтамасыз ету
Бұрғылау ұнғымаларының категориясы және мақсаты. Мұнайды өндіру негізінде ұнғымалар арқылы орындалады. Бұрғылау ұнғымасы - дөңгелек қима диаметрі 59-1000 мм, бұрғылау нәтижесінде пайда болатын кен қазбасы. Ұнғыманың жер бетіндегі басталатын орны беті саға (устье), ал төменгі жағы кенжар (забой) немесе түбі деп аталады. Бұрғылау ұңғымалары былай бөлінеді: ұсақ-тереңдігі - 2000 м дейін (оның ішінде көбі бірнеше жүз метрге дейін); орташа - 4500м дейін; терең - 6000 м дейін; өте терең-тереңдігі 6000 м ден жоғары.
Ұнғыма өсінін орнына және конфигурациясына байланысты бұрғылау ұнғымалары былай бөлінеді: вертикаль, горизонталь, көлбеу, тармақталмаған, тармақталған, және шоқ-шоқты.
Мақсаты бойынша бұрғылау ұнғымалары былай бөлінеді: зерттеулік-жер қыртысын зерттеуге арналған; эксплуатациялық-пайдалы қазба кен орындарын игеру үшін; құрылыстық-әртүрлі құрылыстарды салу үшін (көпірлер, причалдар, фундаменттер, сұйықтар мен газдарды жерасты сақтайтын орындар); кен-техникалық бұрғылау ұңғымалары- кен құрылыстарын салу және пайдалану үшін.
Зерттеулік бұрғылау ұнғымалары былай бөлінеді: құрылымдық-іздестіру, тірек геологиялық, тірек-технологиялық, инженерлік-геологиялық, параметриялық, іздестірулік және барлау.
Эксплуатациялық бұрғылау ұнғымалары былай бөлінеді: өндірілетін кеннің түріне байланысты-мұнайлық, газдық және сулық; орындалатын функциясына байланысты-қазып алушы, айдамалау, бағалау, бақылау; эксплуатациялық жағдайына байланысты-іздеудегі, жөнделудегі, істемей тұрған, жабылған және жойылған.
Кен-техникалық бұрғылау ұңғымалары былай бөлінеді: қопарушы, қатайтушы, тампонаждық, желдетуші және т.б.
Бұрғылау ұнғымалары мақсатына және категориясына байланысты ұңғыманы құрғанда орындалатын маркшейдерлік жұмыстардың құрамы және дәлдігі анықталады.
Ұңғыма бетінің орнын жер бетіне көшіру тәсілдері. Ұңғымаларды орналастыру жобасы кенорнының геологиялық немесе құрылымдық картасында құрастырылады. Жобалау ұңғымалары бетінің координаталары геологиялық (құрылымдық) карталарымен анықталады, содан кейін қолда бар ең үлкен масштабты топографиялық картаға салынады. Топографиялық картада салынған ұңғымаларды орналастыру жобасының негізінде, бұрғылау ұңғымаларының жобадағы орнын жер бетіне көшіру орындалады.
Бұл жұмыстардың құрамына кіретіндер:
· жобаны жер бетіне көшіру үшін маркшейдерлік мәліметтерді дайындау;
· ұңғымалардың жобадағы орнын жер бетіне көшіру;
· ұңғыманың қазылатын орнын жер бетіне бекіту;
· ұңғыманың қазылатын орнының алдын ала абсолюттік биіктігін анықтау.
Ұңғымалардың жобалық орнын жер бетіне көшіру топографиялық карталарды қолдану арқылы орындалады, егер олардың масштабы және сапасы қажет дәлдікті қамтамасыз ететін болса. Егер ондай карта болмаған жағдайда, жобаны жер бетіне көшіру геодезиялық тор пункттерінен орындалады.
7 кесте
Ұңғымалардың жобалық орнын көшірудің талабы және дәлдігі
Ұңғыманың түрі (категориясы) | Шекті қателер, м | |||
Жобаны жер бетіне көшірудегі | Ұңғыма бетінің биіктігін алдын ала анықтаудағы | Ұңғыма бетінің пландық орнын анықтаудағы | Ұңғыма бетінің биіктік орнын анықтаудағы | |
1. Жеке тірек және параметрлік ұңғымалар | 5,0 | |||
2. Алаңдар мен профильдер бойынша орналастырылатын құрылымдық және іздестіру ұңғымалары | 1,0 | |||
3. Барлау ұңғымалары | 0,5 | |||
4. Қолданылатын алаңдардағы ұңғымалар | 0,3 | |||
5. Акваторияларда орналастырылған ұңғымалар | - | 0,5 |
Теориялық және экспериментальдық зерттеулерден белгілі болғандай, картада жер бетіндегі нысандар мен айқын көрінетін контурлардың орнын геодезиялық торлар пункттеріне байланысты рұқсат етілген қателіктермен анықтайды. Орташа квадраттық қателігі картада ±0,5мм, мысалы 1:25 000 масштабта ±12,5 м тең қателікті береді, ал шекті қателік ±25 м, сондықтан бұл картаны 1 және 2 топтағы жоба ұңғымаларын жер бетіне көшіруге қолдануға болады (7-кесте). Басқа жоба ұңғымаларын жер бетіне көшіру үшін 1:10000 және одан ірі масштабты карталар керек. 1 топтың жоба ұңғымасын жер бетіне масштабы 1:100000-нан ұсақ емес карта бойынша көшіруге болады, 2 топ ұңғымаларын - масштабы 1:50000 нен ұсақ емес карта бойынша.
Картада жер бетіндегі нүктелердің абсолюттік биіктігін анықтау дәлдігіне келсек, картадағы контурлық нүктелерді биіктігі бойынша горизонтальдар жақын орналасқан геодезиялық биіктік тораптары пункттеріне байланысты қателіктермен анықталғанын ескеру керек. Бұл қателіктердің шамалары (8-кесте) жер бедерінің сипатына және оның қию биіктігіне, осының негізгі картаның масштабына байланысты.
7 және 8 кестелердің берілгендерін салыстыра отырып, ұңғыманың бұрғылау орнының алдын ала биіктігін, талап етілетін дәлдікпен анықтауға болатын картаны таңдайды. Ұңғыманың орналасу жобасын жер бетіне көшіру үшін бөлу сызбалары құрастырылады, оларда қажет мәліметтер көрсетіледі: горизонталь бұрыштар және сызықтар. Бұл берілгендерді графикалық және аналитикалық тәсілдермен анықтайды.
8 кесте
Жердің нүктелерінің абсолюттік биіктіктерін анықтаудың дәлдіктері
Жердің сипаты | Биіктіктері (алым) және горизонтальдары (бөлім) бар нүктелер биіктіктерін анықтаудың орташа квадраттық қателіктері | |||||
1:2000 | 1:5000 | 1:10000 | 1:25000 | 1:50000 | 1:100000 | |
Жазық далалы (көлбеу бұрышы 20 дейін) | 0,15-0,3 0,15-0,3 | 0,2-0,3 0,15-0,3 | 0,8 1,0 | 1,1 1,2 | 3,0 3,3 | 5,7 6,5 |
Жазық далалы, жаппай орманды азиялық бөліктерде параллелдің солтүстік жағына қарай 560 (көлбеу бұрышы 60 дейін) | 0,3-0,7 0,5-1,0 | 0,3-0,7 0,3-1,0 | 1,0 2,0 | 2,0 4,0 | 3,0 6,5 | 6,5 13,0 |
Адырлы (ашық), (көлбеу бұрышы 60 дейін) | 0,45-0,8 0,45-0,8 | 0,8-1,6 0,8-1,6 | 1,2 1,5 | 2,5 3,0 | 5,0 6,0 | 11,0 12,0 |
Адырлы (жабық), (көлбеу бұрышы 60 дейін) | 0,4-0,8 0,6-1,0 | 0,9-1,6 1,2-2,0 | 1,5 2,5 | 3,5 5,0 | 7,0 10,0 | 14,0 20,0 |
Таулы және тау етегіндегі (көлбеу бұрышы 60 дейін) | 1,0 | 1,8-2,2 | 4,0 | 8,5 | 17,0 | 33,0 |
Жер бедері қимасынан 1,5 тен кем емес қателік |
Графикалық тәсілде-геодезиялық мәліметтерді алу үшін, жоба нүктелеріндегі белгілі сызықтар мен бағыттар арасындағы горизонталь бұрыштарды картада (планда) транспортирмен өлшейді, ал сызық ұзындықтарын масштабты сызғыш бойынша циркуль-өлшегішпен өлшейді.
Аналитикалық тәсілде - горизонталь бұрыштар және сызықтың ұзындықтарын тірек және жоба нүктелерінің координаталары бойынша кері геодезиялық есепті шешу жолымен есептейді. Бұл жағдайда жоба нүктелерінің координаталарын планнан немесе картадан координаталық торлар бойынша графикалық анықтайды.
Жоба ұңғымаларын жер бетіне көшіру келесі тәсілдермен орындалады:
Ұңғыманың орнын жер бетіндегі контурлық нүктемен біріктіру. Топографиялық картада ұңғыманың жобалық орны анық көрінетін контурлық нүктемен біріктіріледі. Жоба ұңғымасын жер бетіне көшіру жер бетінде осы контурлық нүктені тану болып табылады.
Контурлық нүктелерді танудың дұрыстығын одан жер бетінде жақсы көрініп тұрған нысандарға дәлдеумен немесе одан картада жақсы танылатын жер бетіндегі нысандарға дейінгі ара қашықтықты өлшеумен бақылау керек. Жер бетіндегі және картадағы бұрыштар мен арақашықтықтарды өлшеудің нәтижелерінің ұқсас болуы жоба ұңғымасының жер бетіне көшірудің бақылауы болады.
Картада өлшеулерді орындағанда, онда масштабсыз шартты белгімен көрсетілген, жер бетіндегі нысандардың орнын дұрыс анықтау керек. Шартты белгінің қандай нүктесінің орны осы нысанның картадағы орнына біріктірілгенін анықтауға болатын ереже бар.
Топографиялық картада масштабсыз шартты белгілерді жер бетіндегі нысандардың орнына сәйкес келтіріп былай орналастырады:
а) симметриялық геометриялық фигуралы белгінің геометриялық центрі (мысалы, мемелекеттік геодезиялық торап пункті, тұрғын үй, бұрғылау мұнарасы және т.б.);
б) кең табанды фигуралы белгі табанының ортасы (мысалы, жалғыз жатқан тас, ескерткіш және т.б.);
в) табаны тура бұршты белгінің тура бұрышының басы (мысалы, километрлік бағана, жалғыз тұрған ағаш және т.б.)
г) бірнеше фигуралардан құралған белгінің төменгі фигурасының геометриялық центрі (мысалы, мұнай мұнарасы, фабрика, завод тік құбырлары, метерологиялық станция және т.б.)
Жолдарды, орман жолдарын, тасымалдау құбырларын және басқа түзу нысандарды сызықтық шартты белгілермен бейнелегенде, соңғыларды былай орналастырады, олардың бойлық өсі жер бетіндегі осы нысандардың бойлық өсімен сәйкес болуы керек.
Сызықтық контур бойымен өлшеу. Топографиялық картада ұңғыманың жобалық орны, белгілі контурлық нүктесі болатын сызықтық контурда таңдалып алынды (мысалы, орман жолдарында, ал белгілі нүкте орман жолдарының қилысу нүктесі болады). Жобалық ұңғыманы жер бетіне көшіру, жер бетіндегі сызықтық контур бойымен оның белгілі нүктесінен, картада өлшенген сәйкес нүктесінен жоба ұңғымасына дейін арақашықтықты салу болып табылады.
Ұңғыма құрылысында орындалатын маркшейдерлік жұмыстардың мазмұны. Ұңғыма құрылысының толық циклы келесі негізгі кезеңдерден тұрады: дайындық жұмыстары (жолдардың құрылысы мен фундаменттердің орнатылуы, бұрғылау алаңын тегістеу); бұрғылау мұнарасының, биік ғимараттардың құрылыстары; ұңғыманы бұрғылаудың дайындық жұмыстары; ұңғыманы бұрғылау (қазу және тіреу); ұңғыманы мұнай мен газдың ағымына тексеру; бұрғылау мен күш беру жабдықтарын, мұнара мен мұнаралы құрылыстарды бөлшектеу.
Осы барлық кезеңдерде (ақырғы екі кезеңнен басқа) маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар жүргізіледі. Олардың құрамына мыналар жатады: бұрғылау қондырғысына жергілікті жердің учаскесін таңдау және жер бетін тегістеу; ұңғыма бетінің орналасу жобасын жер бетіне көшіру; бұрғылау қондырғысын және биік құрылыстарды салғандағы геодезиялық бөлу жұмыстары; ұңғыма бетін пландық және биіктік бекіту; ұңғыманы жүргізудің жобалық бағытын сақтауды және бұрғылау кезінде ұңғыма өсінің кеңістіктегі орнын анықтаудың дұрыстығын қадағалау.
Нег.1 [71-82]
Бақылау сұрақтары:
1.Ұңғыманы не үшін бұрғылайды?
2.Ұңғыма құрылысы кезіндегі негізгі кезеңдерді атаңыз.
3.Ұңғыма құрылысында қандай маркшейдерлік жұмыстар атқарылады?
№9 дәріс. Ұңғыма құрылысын маркшейдерлік қамтамасыз ету
Бұрғылау қондырғысының алаңын вертикаль тегістеу. Жердің топографиялық бетін жобалыққа келтіру жұмыстарының жиынтығын–жерді вертикаль тегістеу деп атайды. Ұңғыма құрылысында жобалық болып горизонталь беткей алынады, яғни бұрғылау қондырғысының алаңы горизонталь жобаланады. Горизонталь алаңның жобалануы, жер жұмыстарының балансын сақтаумен орындалады: үйінді көлемдері мен қазылған таужыныстар бірдей болуы керек. Экономикалық жағынан тиімді болатындықтан бұрғылау қондырғысы алаңын жер бетінде мүмкіндігінше жер бедері тегіс жерлерден таңдау керек.
Алаңды таңдау алдында инженерлік-геологиялық ізденістер, таужыныстарды зерттеу мақсатында, оның көтеру мүмкіншілігі (бұрғылау мұнарасының және барлық жабдықтардың салмағын ұстап қалу мүмкіндігі), сонымен қатар геологиялық жағдайлары құрылысқа ыңғайсыз жерлер (карстар, жер бетінің ойылуы, батпақты учаскелер, үйінділер). Егер де мұндай ізденіс жұмыстарын жүргізбесе, бұрғылау процесі мен пайдалану жұмыстары мұнараның бұзылуына әкеліп соқтырады, сонымен қатар, жер бетінің ойылуынан, пайдаланған бұрғылау қоспалары құйылатын амбарлардың бұзылуы нәтижесінде, сұйықтық қоршаған ортаға (табиғатқа), орман мен көгалды жерлерге, соның ішінде су қоймаларына түсіп зиянын келтіреді.
Бұрғылау қондырғысы алаңын вертикаль тегістеу жобасын құру үшін мәліметтерді 1:500 масштабта жер бедерінің 0,25-1,0 м-ден қимасымен құрастырылған, осы алаңның маркшейдерлік планынан алады.
Планда қабырғасы 4 см квадрат торларын құрады, ол жер бетіндегі 20 м тең. Квадраттардың қабырғаларын планның координаталық сызықтарына параллель жүргізу ыңғайлы болады. Тура осындай квадрат торларын қағаз бетінде құрады. Маркшейдерлік планда және схемада квадрат ұштарын бірдей нөмірлейді. Маркшейдерлік план бойынша барлық квадраттардың нақты биіктіктерін (абсолюттік биіктік) анықтайды және оларды схемаға жазады.
Алаңды арнайы машиналармен тегістеп болғаннан кейін, оның тегістігі төмендегідей тексеріледі. Алаңның ортасына нивелир орнатылып, жұмысқа дайындалып нивелирлік рейка бойынша алаң нүктелерінен бірнеше есеп алынады. Өлшеулердің ауытқуы 0,1-0,2 м- ге дейін рұқсат етіледі.
Бұрғылау ұңғымасынның құрылысындағы бөлу жұмыстары. Бұрғылау ұңғымасының құрылысы бекітілген жоба бойынша іске асырылады, ол тегіс жерлер үшін 0,25- 0,50 м жер бедерінің қимасымен 1:500 масштабта маркшейдерлік планда құрылады, ал таулы жерлер үшін жер бедерінің қимасы 1м.
Фундаменттерді, бұрғылау қондырғысының негізгі өстерін және биік қондырғыларды геодезиялық бөлу көбінесе полярлық координаталар тәсілімен жасалады. Оқпан центрі болатын, яғни жер бетіне көшірілген жобалық ұңғыма болатын нүктеге теодолит орнатылады. Болашақ ұңғыма оқпанының центрін және түсіру негіздерінің жақын пунктін немесе жер бетінде жақсы танылатын бас планның контурлы нүктесін байланыстыратын сызықтар полярлық өстер болып табылады. Жер бетіне көшірілген нүктеге дейінгі арақашықтық болат рулеткалармен өлшенеді. Планда бұрғылау мұнарасының астындағы фундаменттерді бөлумен қатар, оларды биіктігі бойынша да бөлу керек. Жоба биіктігіне фундаменттерді орналастыру нивелирдің көмегімен жүргізіледі. Бұрғылау мұнарасын монтаждауды, мұнара монтажын құрудың рұқсат етілген ауытқуларына сәйкес фундаменттерді тұрғызғаннан соң орындайды.
Оқпан бойынша ұңғымалардың тереңдігін өлшеу. Ұңғыманы бұрғылау процесінде бұрғылап болған соң және кернды таңдап алғанда, оқпан бойынша ұңғымалардың тереңдігін бұрғылау құбырларының көмегімен өлшейді, ал басқа жағдайларда- каротажды кабельдер көмегімен өлшенеді. Бұрғы құбырының көмегімен оқпан бойынша ұңғыма тереңдігін өлшеу кезінде, бұрғылау колоннасының ұзындығын жеке құбырлардың ұзындығының қосындысы ретінде анықтайды.
Жеке құбырдың ұзындығын бағананы түсіру немесе көтеру кезінде екі рет өлшейді, онда құбырдың ұзындығын өлшеу үшін ұзындығы 20 метрден кем емес компарирленген болат рулетканы, ал құбырларды өлшеу үшін 30-40 метрлік рулеткаларды қолданады. Егер екі өлшеудің айырмашылығы 1:2000 аспаса, онда орташа мәнін нақты нәтиже ретінде қабылдайды. Ал басқа жағдайда өлшеулерді қайта орындайды. Әрбір құбырлардың өлшеу нәтижелері бұрғылау журналына енгізіледі.
Ұңғымалардың тереңдігін соңғы анықтау инклинометриялық өлшеулермен каротажды кабель бойынша анықталады. Каротажды кабель бойынша және бұрғылау колоннасының ұзындығын анықтауды орындағанда өлшеулер нәтижелерінің айырмашылығы оқпан бойынша ұңғыма тереңдігін өлшеудегіден 0,1% аспауы керек. Өлшеу нәтижелері бұрғылау журналында және каротажды диаграммада тіркелінеді. Каротажды кабель көмегімен оқпан бойынша ұңғыма тереңдігін өлшеу кезінде, диаграммада белгіленген көрші белгілер арасындағы ауытқу, сәйкес болатын кабельдегі белгілерден диаграмма масштабында 2мм-ден аспауы керек.
Шамалы тереңдік интервалдарында ұңғымаларды зерттеу кезінде, екі немесе одан да көп белгілер шегінде кабель ұзындығы диаграммада көрсетілуі керек.
Тереңдікті өлшеуді бақылау үшін кабельдегі белгілер бойынша мыналарды орындау қажет: келесі каротажды басқа кабельмен жасау керек; келесі каротажды орындағанда, 50 метрден кем емес бұрын каротаждалған ұңғыма учаскесін өлшеулермен жабу керек; ал аномалиялық жағдайлар болмаса, жабу интервалын аномалия көрінгенше үлкейту қажет.
Каротажды кабельде белгі бойынша тереңдікті өлшеу қателігі, екі тәуелсіз өлшеулер нәтижесімен ұңғыма оқпанының каротажбен жабылған учаскелерінде есептеледі. Бұл өлшеулер сол және басқа да жағдайларда, бірақ әртурлі кабельдер көмегімен жүргізіледі. Кеніш шоғыры немесе кенорнының ауданы, тереңдікті өлшеудің орташа квадраттық қателігі екі өлшеудің айырмасы бойынша есептеледі.
Жоба профилі бойынша ұңғыма оқпанын жүргізүді бақылау. Жоба профилі бойынша ұңғыма оқпанын жүргізуді бақылау мынадай негізгі жұмыс түрлерінен тұрады: ұңғыма оқпанына бағыт беру; ауытқышты бағдарлау; кеңістікте ұңғыма оқпанынан ағымдағы жағдайын (оны жүргізген жағдайда) тексеру; ұңғыма оқпанының трассаға жобасынан ауытқуын тексеру.
Ауытқышты бағдарлау жұмыстары мыналардан тұрады: бағдарлау бағыты жазықтығына қатысты ауытқыштың қозғалу жазықтығының орнын анықтау (олар сәйкес келмегенде); ауытқыштың бұрылу бұрышын анықтау; берілген бағытта ауытқышты қондыру; ауытқышты орнатудың дұрыстығын тексеру. Ауытқышты орнату есептеулері журналға енгізіледі.
Бұрғыланатын ұңғыма оқпанынан кеңістіктегі орынды ағымды бақылау, ұңғыманы бұрғылау регламентіне сәйкес орындалады, бұл жағдайда келесі негізгі факторларға назар аударылады: ұңғыма оқпаны өсінің траекториясының формасы; жұмыстар аймағының геологиялық құрылымы; ұңғыма оқпанын бұрғылау тәсілі және бұрғылау жабдықтарының конструкциясы; қашауға қазу; ұңғыма конструкциясы.
Кондуктор астында ұңғыма оқпанының вертикаль учаскелерінде 200м ұзындықта бірінші инклинометрия, оны жүріп өткеннен кейін жүргізіледі.
Оқпанның көлбеу учаскісін бұрғылағанда бірінші өлшеуді ауытқу бұрышы вертикальдан 4-5 градус көбейгенде интервалды қазғаннан кейін жүргізу керек.
Егер оқпанның көлбеу учаскісінің бірінші өлшеуінің нәтижесінде бағыттау бұрышын өзгертудің қажеті жоқ болса, онда келесі өлшеулер 100-150 м интервалдан (1-2 аттырудан) кейін жүргізіледі.
Азимутты өлшеу кезінде ұңғыма бағытының геометриялық параметрлерін 25-30 метрден кейін, оқпан керек бағытқа бұрылғанша өлшеу керек.
Тұрақтандырушы құрылғыларды қолдана отырып, көлбеу оқпанның түзу учаскелерін бұрғылағанда өлшеулердің интервалдарын ауданның геологиялық құрылысына байланысты тағайындау керек. Егер оқпанды жүргізген кезде геологиялық және кен-техникалық жағдайлары бірқалыпты және оқпан өсінің бағытына онша ықпал етпесе, өлшеулерді 100-150 м қазғаннан кейін орындауға болады.
Егер жаратылыс жағдайлары азимуттың қатты өзгеруіне әкелетін болса, онда өлшеулер арасындағы интервалды қысқарту керек, ал өте қолайсыз жағдай болса одан да азайту керек.
Полярлық координаталар тәсілі. Тірек ретінде жер бетінде жақсы танылатын картаның екі контурлық нүктесі немесе геодезиялық тірек тораптарының екі пункті таңдалады. Р жобалық ұңғыманы жер бетіне көшіру (11- сурет) келесі ретпен орындалады. Р ұңғымасы координаталары планнан анықталады. Одан кейін АР бағытының дирекциондық бұрышы мына формуламен есептеледі
.
Полярлық бұрыш былай анықталады
b = aАР - aАВ.
Полярлық қашықтық S мына формуламен анықталады
мұндағы ХА, УА- түсіру негіздерінің А пунктінің координаталары; ХР, УР-жобалық нүктенің координаталары; aАВ-АВ бастапқы бағытының дирекциондық бұрышы.
11-сурет. Р ұңғымасының жобасын полярлық тәсілмен жер бетіне көшіру
Р ұңғымасының жобалық орнын жер бетіне көшіру үшін, теодолит түсіру негізінің А пунктінде дәл орнатылып АВ бастапқы бағыттан горизонталь бұрыш b салынады. Құрылған бағыт бойынша горизонталь арақашықтық S рулеткамен өлшенеді. Алынған нүкте жер бетіндегі Р ұңғымасы бетінің жобалық орны болып табылады.
Бұрыштық қиылыстыру тәсілі. Бұл тәсіл мынандай жағдайда қолданылады, егер түсіру негіздері нүктесімен жобалық нүктенің арасын өлшеуіш лентамен жер бетінде бөгеттердің болуынан өлшеу мүмкін болмаған жағдайда (12-сурет).
Р жобалық ұңғыманы жер бетіне көшіру үшін міндетті түрде үш түсіру негіздері нүктелері болу керек. Жобалық ұңғыманың координаталары планнан алынады. Одан кейін a, b, g және d бұрыштарының мәндері анықталады.
12-сурет. Р ұңғымасының жобасын тура бұрыштық қиылыстыру тәсілмен жер бетіне көшіру
Алдымен АР,ВР,СР бағыттарының дирекциондық бұрыштары анықталады
Содан кейін бұрыштық мәндері мына формулалармен анықталады
a = aАВ -aАР; b = aВР-aВА; ¡ = aВС -aВР; d = aСР - aСВ
Одан кейін далалық жағдайда теодолит А,В,С түсіру негіздері нүктелеріне ретімен орнатылып, жобалық бұрыштар a, b, g және d құрылады; бағыт беріледі және оның біреуі олардың түйісуі мүмкін жерге жақын орында (А1, А2; В1, В2; С1, С2) екі қадамен белгіленеді. Осы үш бағыттың қиылысуы жобалық ұңғыманың беті болып табылады.
Ұзындық қиылыстыру тәсілі. Бұл тәсіл мынадай жағдайларда қолданылады, егер түсіру негіздері нүктелері мен ұңғыманың жобалық орны арасының ұзындығы өлшеуіш аспаптың ұзындығынан аспаған жағдайда. Түсіру негіздері нүктелерінен Р жобалық ұңғымаға дейінгі горизонталь арақашықтықтар S1, S2, және S3 мына формулалармен анықталады
мұндағы ХР, УР жобалық ұңғыманың координаталары. ХА, УА; ХВ, УВ; ХС, УС - түсіру негіздері нүктелерінің координаталары, aАР, aВР, aСР - АР,ВР,СР бағыттарының дирекциондық бұрыштары (13-сурет)
13-сурет. Р ұңғымасының жобасын ұзындық қиылыстыру тәсілмен жер бетіне көшіру.
Р нүктесін жер бетіне көшіру келесі түрде орындалады. Лентаның ұштары А,В,С түсіру нүктелеріне қатайтылып S1, S2, және S3 доғалары сызылады. Үш доғаның қиылысқан жері Р жобалық ұңғыманың беті болады. Жер бетінде өлшенген үш доғаның бір біріне сәйкестігі жобалық ұңғыманың орнының дұрыс анықталғанын көрсетеді.
Жармалар тәсілі. Бұл тәсіл акваторияда жобаланған ұңғымаларды жер бетіне көшіру кезінде қолданылады (14-сурет). Алдымен a және b бұрыштары мына формулалармен есептеледі
мұндағы aАР, aВР-АР, ВР бағыттарының дирекциондық бұрыштары.
Түсіру негіздеуінің А және В нүктелерінде теодолитпен жобалық a және b бұрыштары құрылады және жер бетінде жармалар нүктелері А/ және В/ белгіленеді, оларға қадалар орнатылады.
14-сурет. Р ұңғымасының жобасын жармалар тәсілімен жер бетіне көшіру.
Содан кейін қайықтан А/ А және В/ В жармалары бойынша қиылысу нүктелерінің орыны табылады, сол жер Р жобалық ұңғыма болады.
Нег. 1 [82-94]
Бақылау сұрақтары:
1.Ұңғыма құрылысының негізгі кезеңдерін айтыңыз.
2.Ұңғыма құрылысында маркшейдерлік қызмет қандай жұмыстарды орындайды?
3.Бұрғылау қондырғысының алаңын тегістеу қалай орындалады?
4.Ұңғыманаң жобадағы орнын жер бетіне көшіру тәсілдерін атаңыз.
5.Бұрғылау ұңғымаларын құрғанда қандай бөлу жұмыстары орындалады?
Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 4868;