Lt;FRAMESET> … </FRAMESET> тәгтері

Фрейм жасау <FRAMESET> тәгінен басталады. Мұнда <BODY> тәгі қолданылмайды. Бұл тәгтер фреймдер орналасатын төртбұрышты контейнерлерді, яғни мәлімет орналасатын екі жағында да ашылу және жабылу шекара­лық жақтаулары бар тәгтерді анықтайды. Олардың пайдалануға бола­тын атрибуттарымен бірге жазылу синтаксисі:

<FRAMESET [COLS="col1,col2,col3,..."] [ROWS="row1,row2,row3, .„"] [FRAMEBORDER="1 немесе 0"] [FRAMESPACING="integer"] >

××××××××××××××××××××××××××××××

</FRAMESET>

<FRAMESET> тәгінің мынадай атрибуттары бар.

COLS– фрейм бағаналарының пайызбен (%), пиксельмен немесе салыстырмалы бірлікте (*) берілген ендері. Мысалы, COLS= "25%, 100,*" үш бағанадан тұратын фреймдерді анықтайды, біріншісінің ені – терезенің 25 пайызы, екіншісінің ені — 100 пиксель, ал үшіншісінің ені – броузер терезесінің қалған бөлігі.

Жақтау сызықтарын анықтайтын үш атрибут бар, олар BORDER, FRAMEBORDER және BORDERCOLOR.

FRAMEBORDER – фрейм жақтауларын бөліп тұратын сызық сызады. Ол 1-ге тең болса – дөңес сызық, 0 болса – жай сызық сызылады (мәні берілмесе, келісім бойынша, 1 болып есептеледі).

FRAMESPACING – фреймдер арасындағы бос кеңістік мөлшерін пиксельмен беретін бүтін сан.

BORDER – барлық фреймдер жақтаулары сызығының қалыңды­ғын пиксельмен анықтайды. Мысалы: <FRAMESET BORDER="10"> . Егер оның мәні 0 болса, жақтау сызығы болмайды. Бұл атрибут көрсетілмесе, келісім бойынша, оның мәні 5 болып қабыл­данады. Жалпы оның мәні бестен жоғары болғаны дұрыс, кейбір броузерлер 5-тен төменгі мәнді сызып көрсетпейді. Фреймдердің ішкі бөліктері жақтаулары да FRAMEBORDER және FRA­MESPACING атрибуттары мәнімен анықталады, яғни фрейм жасау кезінде бұларды сыртқы тәгте бір рет көрсету жеткілікті.

BORDERCOLOR атрибутының мәні стандартты түс атаула­рына не­месе түстің он алтылық жүйедегі RGB-мәндеріне сәйкес келе­ді.Мысалы: <FRAMESET BORDERCOLOR="red" ROWS="*,*">

ROWS – фрейм жолдарының пайызбен (%), пиксельмен немесе сал­ыс­тырмалы бірлікте (*) берілген биіктігін анықтайды. Мысалы, ROWS="25 %,100,*" үш көлденең орналасқан фреймдерді анықтайды, біріншісінің биіктігі – терезе ұзындығының 25 пайызы, екіншісінің биіктігі – 100 пиксель, ал үшіншісінікі – терезенің қалған бөлігі.

Төмендегі мысалда үш фреймнен тұратын терезе көрсетілген: биіктігі 100 пиксель, ені терезе енімен бірдей тақырып жазу фреймі және оның төменгі жағында екі фрейм орналасқан. Төменгі сол жақтағы фрейм терезе енінің 20 пайызын алып тұрады, оң жақтағы фрейм – терезенің қалған бөлігінде орналасқан.

<FRAMESET ROWS="100,*">

<FRAME NAME="Тақырып" NORESIZE SCROLLING="NO"

SRC="heading.htm">

<FRAMESET COLS="20%,*">

<FRAME NAME="мазмұны" SRC="contents.htm">

<FRAME МАМЕ="нәтижесі" SRC="results.htm">

</FRAMESET>

</FRAMESET>








Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 2519;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.