Фреймдер жасау тәгтері
Фреймдер немесе кадрлар терезені бірнеше бөліктерге бөліп, олардың әрқайсысында жеке web-құжаттар орналастырады.
<FRAMESET>...</FRAMESET>– фрейм жасау тәгтері. Оның параметрлері:
COLS – экранды бірнеше бағаналық (вертикаль) фреймдерге бөледі.
ROWS – экранды бірнеше қатар түріндегі (горизонталь) фрейм жолдарына бөледі.
BORDCOLOR – фреймнің жақтау сызығы түсі
ВОRDER – жақтау сызығы (бордюр) ені
FRAMEBORDER – жақтау шекарасы сызығы (FRAMEBORDER=YES – шекара сызығы бар, FRAMEBORDER=NO – шекара сызығы жоқ, FRAMESPACING=n – шекара сызығы ені)
<FRAME> – фреймді сипаттау тәгі (<FRAME SRC='file.htm">). Оның параметрлері:
SCROLING – жылжыту жолағын реттеу параметрі:
SCROLING=YES – жылжыту жолағы көрсетіледі
SCROLING=NO – жылжыту жолағы көрсетілмейді
SCROLING=AUTO – жылжыту жолағы қажет болғанда ғана көрсетіледі
MARGINWIDHT және MARGINHEIGHT – фрейм ішіндегі суреттерді ығыстырып орналастыруға қажет параметрлер
NORESIZE – фрейм көлемінің өзгертілмейтінін көрсететін параметр.
<A HREF="file.htm" TARGET="frame2"> file.htm</A> – фреймдер арасында байланыс жасау
TARGET – фреймдер арасында байланыс жасау атрибуты, оның бірнеше мәндері бар:
_BLANK – сілтеме көрсетіп тұрған парақты жаңа бос терезеге жүктеу;
_SELF – сілтеме көрсетіп тұрған парақты сол сілтеме тұрған терезеге жүктеу;
_PARENT – сілтеме көрсетіп тұрған парақты фреймдерді ашып тұрған негізгі терезеге жүктеу;
_ТОР – сілтеме көрсетіп тұрған парақты фреймдер құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктеу.
Фреймдерді көрсету қабілеті жоқ броузерлер үшін:
<FRAMESET>
...Мұнда фреймдер орналасады...
</FRAMESEТ>
<NOFRAMES>
<BODY> ...Мұнда фреймсіз мәтін орналасады...
</BODY>
</NOFRAMES>
Фреймдерді көре алмайтын тұтынушылар үшін арнайы тәг ішіне түсініктеме мәтін беріледі.
Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 2240;