Бір құжат аймағында сілтемелер жасау
Мұндай сілтемелер екі бөліктің болуын талап етеді, олар: белгі және сілтеме. Белгі сілтеме бойынша ауысып баратын осы құжат ішіндегі бір нүктені анықтайды. Сілтеме белгі атын пайдаланады. Броузердің алдын ала тағайындалатын параметрлеріне сәйкес сілтемелер басқа түспен ерекшеленіп тұрады немесе оның асты сызылады.
Сілтеме былай сипатталады:
<A HREF="#ДС"> Дүйсенбі </А>
Сілтеме арқылы ауысып баратын нүктедегі белгі (ДС)алдына #символы қойылады. Белгі атынан кейінгі “>” және “<”символдары арасына ауысу үшін тышқанмен шертілетін сілтеме сөз (“Дүйсенбі”) жазылады.
Осы Дүйсенбі гиперсілтеме сөзін шерткенде баратын нүктеде төмендегідей белгілер тұруы тиіс:
<A NAME="ДС">Дүйсенбі</А>
1. Бұрынғы 79 беттегі ФНИ.HTM файлы мәтінін Web-парақтың алдыңғы жағына жазылатын апта күндерінің аттары жазылған кестелермен толықтырайық. Ол үшін қалың қаріппен жазылған
...<FONT COLOR="RED" SIZE="6" FACE="KZ ARIAL">
<B> ФНИ – 1 топтарының сабақ кестесі </B>
</FONT></P> <BR> ...
жолдарынан кейін мынадай тәгтер тізбегін жазайық:
...<TABLE WIDTH=100%> <TR> <TD>Дүйсенбі</TD> <ТD> Сейсенбі </ТD> <TD>Сәрсенбі</ТD> <TD>Бейсенбі</TD> <TD>Жұма</TD> <TD>Cенбі</TD> </TR> </TABLE> <BR> ...2. Бұл фрагменттен кейін (RASP.НТМ файлы) Дүйсенбі сөзіне сілтейтін белгі қоямыз, яғни <B> Дүйсенбі </B> </FONT> сөздері орнына:
... <B> <A NAME="ДС"> Дүйсенбі </A></B></FONT> ... сөздерін жазу керек.3. Енді кесте ішіндегі Дүйсенбі сөзіне гиперсілтеме жасаймыз, яғни <TABLE WIDTH=100%> <TR> <TD>Дүйсенбі</TD> <TD> Сейсенбі</TD> <TD> Сәрсенбі</TD>... сөздері орнына:
<TABLE WIDTH=100%> <TR> <TD> <A HREF= "#ДС">Дүйсенбі</А> </TD> <TD><A HREF= "#СС">Сейсенбі</А> </TD> <TD><A HREF= "#СР">Сәрсенбі</А> </TD> ...сөздерін жазамыз.4. Файлды дискіге жазып сақтаймыз.
5. Осының нәтижесінде алынған Web-парақты қарап шығыңыздар. Экранда 26 суреттегікөрініс бейнеленуі тиіс.
26 сурет
6. Енді Дүйсенбі сөзін, сонан соң Сейсенбі сөзін, т.с.с. күн аттарын тышқанмен таңдап шертіп көріңіздер. Гиперсілтемелердің дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіздер.
15 тапсырма. Басқа HTML-құжатқа сілтеме жасау.
Ерекшеленіп тұрған сілтеме сөздерді шерту арқылы басқа файлдарға да көшуге болады. Төмендегідей сілтеме жасайық:
<А HREF="RASP.HTM">ФНИ</А>
Файл атынан (RASP.НТМ) кейін “>” және “<”символдары арасында сілтеме сөз (“ФНИ”) орналасқан, осы сөзді шерту жолымен оның алдында аты көрсетілген файлға ауысуға мүмкіндік бар.
1. Броузер терезесіне RASP.HTM файлын жүктеңіздер.
2. Осы файлға төмендегідей өзгертулер енгізіңіздер:
<HTML> <HEAD> <TITLE> Менің алғашқы парағым </TITLE></HEAD> <BODY BGCOLOR="#FFFFFF" TEXT="#330066"> <CENTER> <FONT COLOR= "#008080" SIZE="7"><B>Сейсенбі күнгі</B> </FONT><BR> <FONT SIZE="6"> <I> сабақ кестесі </I> </FONT><BR> <IMG HSPACE=150 VSPACE=10 SRC="ЧАСЫ.JPG"> <TABLE WIDTH=60%> <TR><TD><A HREF="RASP.HTM"> ФНИ - 1 </А></TD> <TD> ФНИ - 2</TD> </TR> <TR><TD> ФНИ - 3</TD> <TD> ФНИ - 4 </TD> </TR> <TR><TD> ФНИ - 5 </TD><TD> ФНИ - 6</TD> </TR> </TABLE> </CENTER> </BODY></HTML>3. Файлды сақтап, терезені жауып, оның нәтижесін броузер арқылы қарап шығыңыздар. Экрандағы көрініс 27 суреттегідей болуы тиіс.
ФНИ – 1 гиперсілтемесін шертіңіздер, сонда ФНИ-1.htm файлына ауысуларыңыз керек. Артқа (Назад– броузердің жоғарғы сол жақ бұрышында) батырмасын шертіңіздер, сонда RASP.HTM файлына қайтып ораласыздар.
16 тапсырма. Басқа HTML-құжатқа суретпен сілтеме жасау
1. ФНИ.НТМ файлының соңғы жағына алғашқы параққа – ФНИ топтарының сабақ кестесі (файл RASP.HTM) парағына сілтеме жасау қажет. Сілтеме ретінде төмендегідей түрде графикалық файлды пайдаланыңыздар:
27 сурет
... </TR>
</TABLE><BR>
<CENTER>
<А HREF="RASP.HTM"> <IMG SRC="HOME.GIF" BORDER="0"> </A>
</CENTER>
</BODY>
</HTML>
2. Осының нәтижесінде алынған Web-парақты қарап шығыңыздар. Экранда 28 суреттегідейпарақ болуы тиіс.
Мұнда сілтеме рөлін оң жаққа және жоғары бағытталған тілсызық түріндегі сурет атқарады, ол HOME.GIF файлында жазылған.
28 сурет
17 тапсырма. Соңғы өзіндік тапсырма.
Өз топтарыңыз немесе отбасыңыз жайлы мәлімет беретін Web-парақ жасаңыз. Алғашқы параққа топ туралы, куратор мұғалімдеріңіз (ата-аналарыңыз) жайлы қысқаша әңгіме жазыңыздар. Бірге оқитын достарыңыз туралы мәліметті жеке парақтарға орналастырыңыздар. Алғашқы парақтан достарыңыз туралы мәлімет беретін парақтарға сілтемелер жасаңыздар. Достарыңыз туралы Web-парақтардан алғашқы параққа қайтатын сілтеме жасауды да ұмытпаңыздар.
Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 3555;