Web-парақты тексеріп тестіден өткізу

Серверге өз Web-парақтарыңызды орналастыру алдында оларды тест арқылы тексеріп алған жөн. Жасалған құжат алғашқы тексеруді, яғни “жергілікті тексеруді” өз қатты дискіңіз­дің аумағында өтуі тиіс. Тексеру кезінде әр түрлі броузерлерді пайдаланған абзал. Олардың бір-бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы ықтимал.

Web-құжатты тексеруден өткізу кезінде мынадай жайттар есте болсын:

1. Емле қателерін тексеру. Мәтіннің жазылуын автоматты тексеру арқылы толық қарап шығу керек (ол үшін Microsoft Word редакторын пайдалануға болады, қазақша мәтінді тексе­ретін мүмкіндіктер де бар) немесе басқа кісіні қатесін тексеріп қарап шығуға шақырыңыздар.

2. Навигацияны (ауысуларды) тексеру. Әрбір парақта басқа құжат­тарға, парақтарға ауысу мүмкіндіктері болуы тиіс, солардың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіздер.

3. Сыртқы файлдармен қатынасу тәсілдерінің дұрыстығын тек­серу. Графикалық, дыбыстық және бейнефайлдарының өз орындарын­да тұрғанын қарап шыққан абзал, олардың сол орындарынан дұрыс жүктелетіндігіне көз жеткізіңіздер (файлдар адрестері дұрыс көрсеті­луі тиіс). Графикалық мүмкіндігі жоқ броузерлерге арналған ауыспалы мәтіндік хабарламалардың бар екенін қарап шыққан артық болмайды.

4. Құжаттың жүктелу уақытының шамадан тыс ұзақ болмаға­нына көз жеткізіңіздер.

5. Басқа кісілердің сіздер жасаған Web-парақтарды қарап шығу­ын қамтамасыз етіңіздер. Сіздің құжатыңызбен таныс емес адамдар­дың парақтарыңызды бастан аяқ тексеріп шығуын өтіну керек. Кейде өздеріңіз ешқашан да таба алмайтын қателерді сыртқы көз жылдам байқайды.









Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 2023;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.