ОСЫМША. ҚҰЖАТТАРДАҒЫ ТҮСТЕР ЖӘНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ

Web-құжаттарын безендіру кезінде атрибуттар мәндері ретінде әр түрлі объектілердің көлемдері мөлшерлерін көрсету керек және де объектілер элементтерінің түстерін анықтау қажет болады. HTML ортасында түстер мен өлшем бірліктерін анықтаудың стандартты ережелері бар. Түстерден бастайық.

Түстерді екі түрлі тәсілмен беруге болады: код арқылы және ағылшын тіліндегі түс атауын жазу жолымен (black, yellow, т.с.с.). Көбінесе түс мәні он алтылық RGB-кодтарымен беріледі. Кез келген түсті негізгі үш түс арқылы – қызыл, жасыл, көк түстерді белгілі бір мөлшерде араластыра отырып алуға болатынын текемет басатын, кілем тоқитын әжелеріміз ертеден-ақ білген болатын. Осы үш түсті пропорция бойынша аралас­тыра отырып, компьютер экранында 16 миллионнан аса табиғи түстер­ді бейнелеуге болады екен. Мұндай көп түс түрлері негізгі түс мәндері­нің әрқайсысының мөлшерін 0-ден 255-ке дейінгі ондық сандар аралы­ғында (немесе 00-ден FF-ке дейінгі он алтылық сандар аралығында) өз­гер­ту жолымен алынады. Сонымен түстер # таңбасынан басталатын алты разрядты он алтылық сандармен өрнектеледі, оның алғашқы екі разряды – қызыл, келесі екі разряды – жасыл, соңғы екі разряды – көк түс мөлшерлерін бейнелей­ді. Мысалы, color="#FF0000" қызыл түсті көрсетеді, яғни олар “#RRGGBB” түрінде беріледі, мұндағы RR – қызыл түстің он алтылық мәні, GG – жасыл түстің, ал BB – көк түстің он алтылық мәні. Web-палитраға кіретін 216 негізгі түстер алдын ала анықталған алты кодтың өз деңгейлеріне байланысты комбинациялық араласуынан шығады: 00, 33, 66, 99, CC, FF. Төмендегі кестеде түстер палитрасын пайдалану кезінде қолданылатын негізгі 20 түстің RGB форматындағы кодтары берілген,








Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 1949;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.