Негізгі түстердің RGB форматында жазылу кодтары

Түс 16-­лық коды Түс 16-­лық коды
Қара – Black #000000 Жасыл – Green #008000
Күміс түсті – Silver #С0С0С0 Ақжасыл – Lime #00FF00
Сұр – Gray #808080 Олив түсті – Olive #808000
Ақ – White #FFFFFF Сары – Yellow #FFFF00
Қызылқоңыр – Maroon #800000 Қаракөк – Navy #000080
Қызыл – Red #FF0000 Көкшіл – Blue #0000FF
Күлгін – Purple #800080 Көкжасыл – Teal #008080
Қызғыш – Fuchsia #FF00FF Толқын түсті – Aqua #00FFFF
Қоңыр– Brown #996633 Қызғылтсары – Orange #FF8000
Көкжасыл – Azure #00FFFF Қызылкөк– Violet #8000FF

Енді ұзындықты өлшеу бірліктерін қарастырайық HTML тілінің ережелеріне сәйкес web-құжат объектілерінің көлемі екі тәсілмен көр­сеті­леді. Ұзындық нақты пиксель (экранның ең кіші нүктесі) мәнімен немесе негізгі аналық объект (терезенің) көлемінің пайызымен анықта­лады. Егер бір кесте жасап, оның енін 50% деп жазсақ, онда ол броузер терезесінің 50 пайызын алып тұрады. Ал егер кесте бағанасының ені пайыз­бен берілсе, ол осы бағана орналасқан кестенің жалпы енінің не­ше пайызын құрайтынын көрсетеді. Жалпы көрсетілген ұзындық тере­зе көлемі өзгертілген сәтте ішкі көлем сәйкестіктерін толық сақтап оты­­руы тиіс. Объект мөлшерін пиксельмен нақты көрсету кезінде алыс­тағы тұтынушы компьютерінің сипаттамаларының (экрандағы пиксельдер саны) әр түрлі болатынын есепке алып отыру қажет.

Белгілі бір элементтің көлемін пиксельмен беру кезінде оның мүмкін болатын ең кіші мәнін алған дұрыс. Егер бір объектінің ені отыз пиксель болатын болса, оны былайша жазып көрсету керек:

width="30"

Ал оның ені негізгі объекті енінің отыз пайызын құрайтын болса, онда былайша жазу қажет:

width="30%"

Бұл екі тәсілден бөлек тағы бір тәсіл қолданылуы мүмкін. Біз алдыңғы бір көрсетілген пиксельдер мәнін бірнеше есе үлкейтіп пайдалана аламыз. Мысалы, үш жолдан тұратын кесте тұрғыздық делік. Кестенің биіктігі әйтеуір бір тәсілмен тағайындалған болсын. Енді әрбір жолдың биіктігі отыз пиксельге еселеніп (30, 60, 90, ...) берілуі қажет болса, онда әрбір жолды құратын тәгтер параметрлері ретінде мынадай мән жазуымыз керек:

height="3*"

Ұзындық мөлшерінің еселеніп өзгеру белгісі “жұлдызша” (*) символымен көрсетіледі. Жаңа мән есептелуі кезінде жұлдызшаның сол жағындағы сан онға (жиырмаға, отызға,...) көбейтіледі. Броузер осындай объектілерді барынша үлкейтіп бейнелеуге тырысады. Егер кестенің жалпы биіктігі 180 пиксель болатын болса, онда әрбір жол биіктігі 60 пиксель болып тағайындалады. Кесте биіктігі 200 пиксель болса да, осы мәндер алынып, 20 пиксель пайдаланыл­май қалады. Егер жолдар биіктігі бірдей болуы керек болса, онда height="*"

болып жазылады. Егер атрибутта екі мән көрсетілетін кездерде, олардың біреуі “жұлдызша” таңбасымен жазылса, онда ол объектінің алғашқысынан қалған бөлігін алып тұрады деген ұғымға сәйкес келеді. Мысалы, фреймдердегі:

cols=”30,*”

деп жазылған атрибут екі бағана түріндегі фрейм ашылып, оның алғашқысының ені 30 пиксель, ал екіншісі терезенің қалған бөлігін алып тұратынын көрсетеді. Жалпы алдын ала келісім бойынша да, мән көрсетілмеген жағдайда осы тәсіл қабылданған.

 

 








Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 2029;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.