Lt;FRAME> тәгі
<FRAME> тәгі жеке бір фрейм қасиеттерін анықтайды. Ол FRAMESET контейнерлік – екі жақты тәгтер ішінде орналасатын, жабылмайтын жалқы тәг болып табылады. Мысалы:
<FRAMESET ROWS="*, 2*"> <FRAME> ... <FRAME> ...</FRAMESET> <FRAME> тәгтерінің саны <FRAMESET>тәгінде ашылған кадрлар санына тең болуы тиіс. Жоғарыдағы мысалда екі фрейм ашылған, бірақ әлі тәгтер атрибуттары толтырылмаған.<FRAME> тәгінің фрейм қасиеттерін анықтайтын алты атрибуты бар: NAME, MARGINWIDTH, MARGINHEIGHT, SRC, NORESIZE және SCROLLING. Олардың қолданылу ережелері төмендегідей:
<FRAME SRC="URL" NAME="терезе_аты" SCROLLING=yes|no|auto MARGINWIDTH="мәні" MARGINHEIGHT="мәні" NORESIZE> Барлық атрибуттарды пайдалану міндетті емес. Көбінесе тек SRC атрибуты ғана пайдаланылады. SRC= ...осы фреймде орналасатын гипермәтіндік құжат атын, яғни фреймде көрсетілетін файлдың URL-адресін анықтайды. Үйрену кезінде бұл файл әдетте FRAMESET тәгі жазылған бумада орналасқан кәдімгі HTML құжаты болады. Мысалы, <FRAME SRC="м1.htm">м1.htm құжатында HTML, HEAD, BODY, т.с.с. тәгтер болуы тиіс немесе ол суреттік файл да бола алады (орман.gif). Егер SRC атрибуты көрсетілмесе, фрейм бос тұрады.
MARGINWIDTH=n атрибуты фреймнің сол және оң жақтарындағы пиксель санымен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды.MARGINHEIGHT=n, фреймнің жоғары және төмен жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды. Бұл екеуінің мәні әрқашанда абсолютті түрде пиксельмен беріледі. Мысалы: <FRAME MARGINHEIGHT="5" MARGINWIDTH="6"> кадрдың жоғары және төмен жағында 5 пиксельден, ал сол және оң жақтарында 6 пиксельден орын қалдырады. Әдетте бос кеңістік 1-ден 6-ға дейінгі мәндерді қабылдайды. SCROLLING=...фрейм бойынша жылжу жолақтары. Егер жылжу жолағы болуы керек болса – SCROLLING=YES , ал олар болмайтын болса – SCROLLING=NO, ал егер жолақтардың болуын/болмауын броузер анықтайтын жағдайда – SCROLLING= AUTO деп жазылады. Егер бұл атрибут көрсетілмесе де, келісім бойынша AUTO мәні қабылданады. Мысалы: <FRAME SCROLLING=yes>NORESIZE атрибуты фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсетеді. Мысалы: <FRAME NORESIZE> BORDERCOLOR атрибуты <FRAMESET> және <FRAME> тәгтерінің екеуінде де қолданыла береді. Оның мәні стандартты түс атауларына немесе түстің он алтылық жүйедегі RGB-мәндеріне сәйкес келеді. Мысалы: <FRAMESET BORDERCOLOR="red" ROWS="*,*"> <FRAME SRC="М1.htm" BORDERCOLOR="#FF00FF"> <FRAME SRC="М2.htm"> </FRAMESET>Мұнда <FRAMESET> тәгінің BORDERCOLOR атрибуты жақтауларға қызыл түс тағайындайды, ал <FRAME> тәгінің осындай атрибуты күлгін түс (#FF00FF) береді. Осылардың нәтижесінде екінші кадр түсі толық анықталмай қалған, сондықтан оның бірінші кадрмен жанасатын шекарасы күлгін түсті, ал басқа жағы – қызыл түсті болып қалады.
Егер екі кадрдың әрқайсысында өз BORDERCOLOR атрибуттары болса, онда ол екеуі де әсерін жояды. Олардың жақтаулары сыртқы FRAMESET тәгінің BORDERCOLOR атрибуты бекіткен түспен боялады.Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 2399;