Lt;ТEXTAREA> тәгі
Бұл тәг бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізуге арналған өріс құру үшін қажет. <TEXTAREA> …</TEXTAREA> тәгтері арасына, алдын ала келісім бойынша, енгізу өрісіне шығарылатын кез келген мәтін жолдарын орналастыруға болады. Бұл тәгтің атрибуттары:
NAME – өріс атын анықтайды, міндетті түрде болуы тиіс;
ROWS – өріс биіктігі бойынша орналасатын жолдар санын береді;
COLS – өріс енін, яғни жол ұзындығын символдар санымен береді.
Мысалы, әр жолына 15 символ мәтін сиятын, екі жолдан тұратын өріс былай жасалады:
<HTML>
<BODY>
<FORM>
<TEXTAREA Name="Студент" ROWS=2 COLS=15>
Қабдиева Әйгерім
</TEXTAREA>
</FORM>
</BODY>
</HTML>
Мұның нәтижесі 9 суретте көрсетілген.
ROWS және COLS атрибуттары арқылы кез келген көлемдегі өріс құруға болады. Бұл атрибуттар міндетті түрде қажет болмағанмен, олардың алдын ала келісім бойынша бекітілген белгілі бір мәні жоқ (кез келген броузер үшін бұл мәндер әр түрлі), сондықтан олардың мәнін әрқашанда ашық көрсетуге тырысу керек.
9 сурет
Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 1831;