Lt;EMBED> тәгін пайдалану
Жоғарыдағы айтылған мультимедиалық мүмкіндіктердің бәрін web-құжатқа <EMBED> тәгі арқылы енгізуге болады. Оны жабу міндетті емес. Бұл тәгті пайдалану кезінде дыбыс ойнайтын құралдың басқару элементтерін сурет тәрізді көрсету мүмкіндігі бар. <EMBED> тәгінің бірсыпыра параметрлерін келтіре кетейік:
8 кесте
Атрибут | Атқаратын қызметі |
1 | |
SRC | Іске қосылатын объектінің толық маршруты көрсетілген файлының аты. Бұл параметр міндетті түрде жазылуы тиіс. |
PALETTE | Іске қосылатын объектінің палитралары типтері (түстер палитрасы), мәндері: foreground, background |
TYPE | Объект файлының типі |
HIDDEN = false ½ true | Объектінің экранда көрсетілу типі, мәндері: false – объект көрсетілмейді (келісім бойынша), true – объект көрсетіледі |
CONTROLS= console ½ smallconsole | console – терезеге дыбысты басқару тақтасы шығарылады, оның ойнату, тоқтату, дыбысты реттеу тәрізді батырмалары көрсетіледі; smallconsole – терезеге шағын басқару тақтасы шығарылады, оның да ойнату, тоқтату, дыбысты реттеу тәрізді батырмалары көрсетіледі; |
HEIGHT=n | дыбысты басқару тақтасының немесе бейнефильм кадрының пиксельмен берілген биіктігі; |
WIDTH=n | дыбысты басқару тақтасының немесе бейнефильм кадрының пиксельмен берілген ені; |
LOOP= true ½ false ½ n | true – аудио не бейнефайл тұрақты ойналады; false – аудио не бейнефайл бір рет ойналады; n – аудио не бейнефайл n рет ойналады. |
Бұл тәгтің басқа атрибуттары <IMG> тәгінің атрибуттарына ұқсас (жалпы HTML құжаты ортасына объект енгізу тәсілі бірдей десе болады), сондықтан NAME, ALT, BORDER, ALIGN, HSPACE, VSPACE сияқты атрибуттарды қарастырмаймыз.
Мультимедиялық мүмкіндіктерді сүйемелдей алмайтын басқа броузерлер үшін <NOEMBED> элементі көрсетіледі де, оның ашылу және жабылу тәгтері арасында түсініктеме мәтін жазылады.
Мысалдар:
<EMBED SRC=nature.wav>
тәгі nature.wav музыкалық файлын фон ретінде тыңдауға мүмкіндік береді. Құжатқа PDF (Adobe Portable Document Format) форматындағы JS.PDF файлын енгізу үшін мынадай жолды жазу керек:
<EMBED SRC=js.pdf width=500 border=0 align=left>
Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 2566;