Фреймдер құру тәсілдері

Фреймдер құру үшін <FRAMESET> және <FRAME> тәгтері қолданылады да, мұнда әдеттегідей <BODY> тәгі пайдаланылмайды. <FRAMESET> тәгі броузер тере­зесіндегі фреймдердің көлемдері мен олардың орналасу тәртібін сипаттайды, <FRAME> тәгінде фрейм­дердің әрқайсысына шақырылатын құжаттар аттары көрсетіледі. Екі фреймнен тұратын экран құрайтын программа бөлігінен мысал келтірейік:

<html>

<frameset rows="50%,50%">

<frame src="1 файл.htm">

<frame src="2 файл.htm">

</frameset>

</html>

4 сурет

Мұндағы екі фрейм жолдар (rows) бойынша көлденеңнен бірінің астына бірі орналасады, олар экранды 50 %-дан бөліп алады. Үстіңгі фреймде "1 файл.htm" құжаты ашылады да, төменгісінде – "2 файл.htm" орналасады (4 сурет).

<FRAMESET> тәгінің ROWS=... (қатар) атрибуты терезені гори­зон­таль – көлденең бағыт бойынша бөледі де, COLS= ... (бағана) атри­буты тіке – вертикаль бағытта фреймдерге бөледі. Егер осы атрибут­тың екеуі де берілсе, терезе тіке және көлденең төртбұрыштардан тұратын торларға бөлінеді. Атрибуттардың мәндері терезе бөліктерінің көлемдерін (биіктігін немесе енін) анықтайды. Әр бағанаға (жолға) арналған параметрлер пиксель өлшем бірлігі бойынша немесе пайыздармен (%) үтірлер арқылы бөлініп беріледі. Соңғы параметр ретінде қалған көлемді автоматты түрде толық алып тұратын (*) жұлдызша белгісін де пайдалануға болады. Осындай фрейм үшін барлық қалған бос кеңістіктер бөлініп беріледі.

<FRAME> тәгінде фреймдерге шақырылатын құжаттарды анықтайтын SRC=... атрибуты болуы керек. Қалған атрибуттар фреймдер арасындағы бөлу сызықтары параметрлерін және оның басқа кейбір қасиеттерін реттеу мүмкіндігін береді.

Экранды үш тік орналасқан тең көлемді фреймдерге бөлу тәгтері төмендегідей болып жазылады:

<frameset cols="33%,33%,* ">

<frame src="1 бағана файлы.htm">

<frame src="2 бағана файлы.htm">

<frame src="3 бағана файлы.htm">

</frameset>

5 сурет

Осы тәгтер жұмысы нәтижесі 5 суретте көрсетілген. Енді бес тордан – алғашқы бағанасы биіктіктері бірдей екі жолдан, ал екінші бағанасы – бірдей үш жолдан тұратын фреймдер тұрғызатын програм­ма бөлігін келтірейік.

<frameset cols="50%,50%">

<frameset rows="50%,* "> <frame src="1 тор.htm"> <frame src="2 тор.htm">

</frameset>

<frameset rows="33%,33%,* "> <frame src="3 тор.htm"> <frame src="4 тор.htm">

<frame src="5 тор.htm">

</frameset>

</frameset>

Бұл программаның нәтижесі төменде көрсетілген.

6 сурет

Әрбір фрейм көлемі, яғни ұзындығы немесе ені абсолютті түрде пиксельмен, экран мөлшерінің пайызымен немесе салыстырмалы i* (i – бүтін сан) түрінде беріледі. Егер екі-үш мән көрсетіліп, олар әр түрлі бірліктерде берілсе, броузер алдымен абсолюттік пиксель түріндегі мәнді тағайындайды, сонан соң қалғандарын пропорциональ түрде алады. * белгісі 1* деген белгімен парапар. Экранды фреймдерге бөлу солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі.

Экранды үш тік орналасқан фреймдерге бөлейік: екіншісінің ені 250 пиксель (мөлшері берілген сурет еніне тең), біріншісі – қалған көлемнің 25%-ын, ал үшіншісі – 75%-ын алатындай ету үшін мынадай атрибуттар мәнін жазу керек

<FRAMESET cols = ”1*,250,3*”>
××××××××××××××××××××××××××××××

</FRAMESET>

Келесі мысалда 2х3 мөлшерлі төртбұрыштар жиынынан тұратын фреймдар жасалады.

<frameset rows=”30%,70%” cols=”33%,34%,33%”>
××××××××××××××××××××××××××××××

</frameset>

Келесі мысалда терезе биіктігі 1000 пиксельге тең деп қабыл­данған. Бірінші фреймге жалпы биіктіктің 30%-ы (300 пиксель) беріл­ген. Екіншісіне – 400 пиксель, ал қалған екеуіне 300 пиксель тағай­ын­далған, төртінші фрейм биіктігі “2*” түрінде, үшіншісінің биіктігі – * деп анықталған, сондықтан үшінші фреймнің – 100, төртінші фреймнің – 200 пиксель биіктігі болуы тиіс.

<FRAMESET rows=”30%, 400, *, 2*” >
××××××××××××××××××××××××××××××
</FRAMESET>

Егер бір фреймге абсолюттік мән нақты берілген кезде қалған­да­ры­нан белгілі бір көлем артылып қалып, немесе жетпей қалып жататын жағдай туындаса, онда броузер сол қалған фрейм көлемдерін пропор­ци­о­нал күйде көбейтеді немесе азайтады. FRAMESET тәгі бір-бірімен қабаттасып жазыла береді. Келесі мысалда сыртқы FRAMESET терезе­ні үш тең бағаналарға бөледі. Ал ішкі FRAMESET екінші бағананы биік­­тіктері әр түрлі екі жолға бөліп тұр.

<FRAMESET cols=”33%,33%,34%” >
…бірінші бағана фреймі ішкі мәліметі …

<FRAMESET rows=”40%,50%” >

… екінші бағанадағы бірінші жол фреймі ішкі мәліметі …

… екінші бағанадағы екінші жол фреймі ішкі мәліметі..…

</FRAMESET>

…үшінші бағана фреймі ішкі мәліметі …

</FRAMESET>

SRC атрибуты фрейм ішіне орналасатын мәтінді анықтайды. Ол фре­йм­нің ішкі мәтіні сыртқы фрейм жазылған құжатта болмауы керек. Мысалы:

<FRAMESET cols=”33%, 33%, 33%”>

<FRAMESET rows=”*, 200”>

<FRAME src=”1_фрейм_мазмұны.htm”>

<FRAME src=”2_фрейм_мазмұны.gif”>

</FRAMESET>

<FRAME> src=”3_фрейм_мазмұны.htm”>

<FRAME> src=”4_фрейм_мазмұны.htm”>

</FRAMESET>

Бұл тәгтер жұмысының нәтижесінде төмендегі суреттегідей төртбұрышты фреймдер жиыны экранға шығады.

 


7 сурет








Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 8397;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.