Абатталған тізімдер
Кез келген тізімдегі элемент ішіне басқа да тізім түрлері енгізіліп, қабаттасқан тізімдер құрастырылуы да мүмкін. Бірақ мұндай қабатталған тізімдерді жиі қолдансақ, ол мәтінді экранға көпсатылы түрде шығарып, оның ұзындығын арттырып жібереді. Сондықтан оларды тек керек кезінде ғана қолданған дұрыс деп саналады.
Қабатталып орналасқан тізімдерді мәтін мазмұндары мен әр түрлі жоспарлар дайындауда қолданған тиімді болып табылады. Осындай тізімдер ұйымдастыруды қысқаша мынадай 4-5 мысалмен көрсетейік:
<HTML> <HEAD> <TІTLE> 4-5 мысал </TІTLE> </HEAD>
<BODY>
<H1 ALIGN=center> HTML бірнеше тізім түрлерін ұйымдастыра
алады </H1>
<DL>
<DT> Нөмірленбеген тізімдер
<DD> Нөмірленбеген тізім элементтері сол жақтан арнайы таңбамен белгіленіп, мәтін аздап оңға таман жылжып орналасады:
<UL>
<LІ> 1 элемент
<LІ> 2 элемент
<LІ> 3 элемент
</UL>
<DT> Нөмірленген тізім жолдары
<DD> Нөмірленген тізім элементтері сол жақтан нөмірлер арқылы
белгіленіп орналасады:
<OL>
<LІ> 1 элемент
<LІ> 2 элемент
<LІ> 3 элемент
</OL>
<DT> Анықтау тізімдері
<DD> Мұндай тізімдер алдыңғы екеуінен күрделірек, бірақ
оқуға ыңғайлы болады.
<P> Тізімдерді бірінің ішіне бірін жазып қабаттастыруға болады,
бірақ мүлде көп деңгейлер жасап, бұл тәсілмен тым
әуестеніп кету қажет емес екені есте болсын.
<P > Тізімдегі бір элемент ішінде бірнеше абзацтар тұруы мүмкін.
Ондай абзацтар сол жақ шеттен бірдей қашықтыққа ығысып
орналасады. </P>
</DL>
</BODY>
</HTML>
Осы программа нәтижесі:
HTML бірнеше тізім түрлерін ұйымдастыра алады Нөмірленбеген тізімдер Нөмірленбеген тізім элементтері сол жақтан арнайы таңбамен белгіленіп, мәтін аздап оңға таман жылжып орналасады: · 1 элемент · 2 элемент · 3 элемент Нөмірленген тізім жолдары Нөмірленген тізім элементтері сол жақтан нөмірлер арқылы белгіленіп орналасады: 1. 1 элемент 2. 2 элемент 3. 3 элеменn Анықтау тізімдері Мұндай тізімдер алдыңғы екеуінен күрделірек, бірақ оқуға ыңғайлы болады. Тізімдерді бірінің ішіне бірін жазып қабаттастыруға болады, бірақ мүлде көп деңгейлер жасап, бұл тәсілмен тым әуестеніп кету қажет емес екені есте болсын. Тізімдегі бір элемент ішінде бірнеше абзацтар тұруы мүмкін. Ондай абзацтар сол жақ шеттен бірдей қашықтыққа ығысып орналасады. |
Тапсырмалар:
1. Осы бөлімдегі 4-2 мысалды теріп алып, оның нәтижесін Internet Explorer-де қарап әр қатарға өз топтарыңдағы студенттер аттарын енгізу керек.
3. Осы бөлімдегі 4-3 мысалды алып, нәтижесін қарап, әр қатарға өз топтарыңдағы студенттер фамилиясын тізіп жазып, онан кейін қалыңдықтары және түстері әр түрлі болып келген, ұзындықтары да өзгермелі көлденең сызықтар жүргізу қажет.
4. Жоғарыда келтірілген 4-3 мысалды алып, нәтижесін көріп, қосымша жолдар енгізіп, инженер, дәрігер, бухгалтер мамандықтарына түсінік беріңіздер.
5. Қысқаша анықтама беретін 4-5 мысалды алып, нәтижесін көріп, әр жолға топ оқушыларының аттарын жазып және оларға “оқу озаты”, “дарынды бала”, “көрікті бойжеткен” сияқты қысқаша анықтамалар беріп, қосымша мінездемелер жазу қажет.
Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 2314;