Тәг атрибуттары

Көбінесе ашылу тәгтерінің тигізетін әсерлерін айқындайтын неме­се түрлендіретін олардың атрибуттары (сипаттамалары) болады. Атри­бут­тар немесе сипаттамалар – тәг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздер мен солар­дың мүмкін мәндерінен тұрады. Көптеген атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбаса да болады. Жабылу тәгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды.

HTML тәгтеріне мысалдар:

<HTML> <HEAD> Жалпы тақырып <TІTLE> Терезе тақырыбы </TІTLE> </HEAD> <BODY> <H1> Ең ірі мәтін </H1> <BR> <H2> Кішілеу мәтін</H2> <HR> <P> <H3> Бірінші абзац </H3> HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұратын қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактор­дың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады. BR тәгі жаңа жолға көшуді қамтамасыз етеді. Р тәгі жаңа абзац жасайды. <HR> <H3> Екінші абзац </H3> <P> Абзац үшін жабу тәгі қажет емес. HR тәгі көлденең сызық сызады. <HR> </BODY> </HTML>

HTML тәгтерінің қосарланып жазылуы:

<HTML> ... </HTML> <B> ... </B> <HEAD> ... </HEAD> <H3> ... </H3> <LІ> ... </LІ>

HTML тәгтерінің жалқы жазылуы:

<BR> ... <HR> ... <FRAME> ...

HTML тәгтерінің атрибуттарымен бірге жазылуы:

<BODY BGCOLOR="YELLOW" TEXT="BLUE" > ... <HR COLOR=RED SІZE=16 WІDTH=100%> ... <HR> <A HREF="FІSH.JPG"> балық </A> ... <HR> <ІMG SRC="DOG.JPG"> <P> <ІMG SRC="FІSH.JPG" WІDTH=500 HEІGІT=250> ...

Сонымен, HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және бел­гілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып та­былады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік ред­ак­тордың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады.

Тәг атауларын жазу кезінде үлкен әріптер мен кіші әріптер бірдей болып есептеледі. Ашылу тәгінің жалпы жазылу ережесі, яғни синтаксисі төмендегідей:

<тәг_аты [атрибуттары]>

Тік жақшаға алынған тізбекті жазбай кетуге де болады, яғни көптеген тәгтер атрибутсыз жазыла береді. Ашылу тәгінен соң, негізгі құжат мәтіні жазылады да, соңында ешқашанда атрибуты болмайтын жабылу тәгі орналасады, оның синтаксисі:

</тәг_аты>

Ал атрибуттың жазылу ережесі:

атрибут_аты [= “мәні”]

Атрибуттың мәнін жазу міндетті емес, кейде оның тек аты ғана әсер ете алады, тәг_аты, атрибут_аты деген сөздердегі сызықша олар­дың тек бір сөзден тұратынын көрсетеді, яғни тәг аты және атрибут аты екі сөзден құрастырылуы мүмкін емес.

Экранға шығарылатын мәтін тізбегі кез келген әріптен, цифрлар­дан, тыныс белгілерінен және арнайы таңбалардан да (@, #, $, %) құ­рас­тырыла береді. Бірақ тәгтер жазуда арнайы мағынасы бар мына символдарды: <, >, &, “ жай мәтін таңбалары ретінде теру керек бол­са, онда ерекше символдық тізбектер – ескейп-тізбектер (&-тізбектер) қолданылады. Созылмайтын босорын таңбасы да осы тізбек арқылы өр­нек­теледі, өйткені оны бірнеше рет теру web-құжаттағы сөздер арасындағы бос аралықты үлкейту тәсілі болып табылады. Ал, әдеттегі бірнеше бос­орын таңбасын броузер тек бір ғана босорын таңбасы ретінде ғана қабылдайды.

Осы ескейп-тізбектер символдары амперсенд (&) таңбасымен бас­та­лып, нүктелі үтір таңбасымен (;) аяқталады.

1 кесте

&-символдар тізбегі Бейнелейтін символы
&lt; < символы
&gt; > символы
&amp; & символы
&quot; “ (қостырнақша) символы
&nbsp; созылмайтын босорын символы

Ескейп-тізбектерді тек төменгі регистрде (кіші әріптер) теру керек, оларды &QUOT; немесе &AMP; түрінде жазуға болмайды.

HTML тілінің көмегімен қарапайым WEB-парақтар жасап үйрену үшін компьютердегі Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программаларымен жұмыс істей білу жеткілікті.








Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 4030;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.