Лекция. Материалды қозғалмайтын пышаққа жіберіп кесу
Материал жыджымайтын сына тәрiздi пышаққа жiберу арқылы тiлу қатты материалдарды екi бетке тiлу, былғарыдан сыздық жасау және сыздықтың, белбеулердi қалыңдығын бiр қалыпты ету үшiн қолданылады.
Материалдың жылжытатын күштердiң түсу орнына байланысты екi топқа бөлуге болады:
1) жылжытушы күш пышақтың алдына түседi, материал тасымалдаушы құрал мен пышақтың арасына қосылады.
2) жылжытушы күш пышақтың артына түседi, бұл кезде материал тасымалдаушы құрал мен пышақтың арасында созылады.
Операцияның бiрiншi тобына бөлшектердi екi бетке тiлу және олардың шетiн сыдыру жатады, ал екiншi тобына былғарылардан сыздық жасау және оның қалыңдығын бiр қалыпты ету жатады. Бiрiншi топқа жататын операция - материалды екi бетке тiлуге арналған машина материалды пышаққа жiберетiн екi тасымалдаушы бiлiктен тұрады /3.14 сур/.
Бiлiк 4 серiппенiң 3 күшiмен материалды 1 бiлiкке қысады. Материал қысылып, 2 пышаққа берiледi. Өстер арқылы өтетiн кескiндi алып қарасақ, мұнда өте жоғары (максималды), ал центрден шыға келе материалдың сығылуы төмендейдi. Өңделген бөлшектердiң қалыңдығы кесу жызықтығы мен параллель жатқан жазықтық, яғни қатаң бекiтiлген бiлiкке жанама жатқан жазықтықтың арасындағы арақашықтыққа және материалдың сығылу дәрежесiне байланысты болады.
3.14. сур. Екіге бөлуге арналған машинада орналасқан қозғалмайтын пышақпен материалды кесу схемасы.
Өңделетiн материал пышаққа бiлiктер мен материал арасындағы үйкелiс күшi әсерiмен берiледi. Тасымалдау және тiлу үрдістерінде күрделi үрдіс - материалдағы деформациялау үрдіс жүредi, бұл үрдіс әсiресе өңдеудiң басында және соңында жүредi. Пышақтың жүзiне тiрелген соң, материал деформацияланады да, қатты тежелгендiктен жылдамдығын жоғалтады, ал негiзгi бөлiгi бiлiктердiң өсу қысымымен iлгерi жылжиды. Материалдың пышақтың қырамен түйiсу бетi өседi, сыртқы үйкелiс күшi де ұлғаяды, соның салдарынан үйкелiс кедергiсiн жеңе отырып, материал салыстырмалы тежелу бетіна қарай жылжиды. Материалдың шектес беті бiлiктердiң жылжымалы күштерiне, iшкi үйкелiсiне, материалдың пышақпен сыртқы үйкелiсiне, тасымалдаушы бiлiктер мен пышақтың қысымына байланысты болады.
Тiлу үрдісi мынадай бөлiктерден тұрады:
- материалды тiлу жазықтығындағы тежелуi;
- материалдың деформациялануы;
- материалдың салыстырмалы тежелу бетіна қарай ығысуы;
- тежелу бетінің қарапайым бөлшектерiнiң ыдырауы немесе күйреуi.
Тiлу үрдісінде пышақ бiрнеше кедергiлерден өтедi, атап айтқанда, материалдың пышақ жүзiмен сығылу кедергiсiн, сынамен жаруға материалдар және кедергiсiн, сыртқы үйкелiс кедергiсiн Ғ1,Ғ2. Тiлу кедергiсi пышақтың жүзiнiң бұрышына, оның жапырылуына материалдың физика-механикалық қасиеттерiне, үйкелiс күшiне және кесу режимiне байланысты болады.
Дата добавления: 2016-11-22; просмотров: 1221;