Лекция. Материалдарды кесу. Былғарыдан жасалған бөлшектерді шабу.

Кесіп өңдеу үрдістерді аяқкиiм және былғары-галантерея өнеркәсiбiнде материалдарды бөлшектерге пiшуде, оларға белгiлi бiр пiшiн, қалыңдық беруде, бөлшектер бетiн бекiтуге дайындауда кең қолданылады. Бұл операциялардың барлығы арнайы машиналарда әртүрлi кесуге арналған құралдарымен орындалады.

Өңдеу әдiсi бойынша кесіп өңдеу параллель, бір ізді және параллель-бір ізді болып түрленедi.

Материал деформация­лану түрiне байланысты, тiлу операцияларын шартты түрде үш негiзгi топқа бөлуге болады: пышақ тәсiлi \3.1 а-сурет\ - тiлушi қүрал немесе материалды тiлу бағытына қарай жылжиды \шабу, қалындықты тегiстеу, фрезерлеу, т.б\, ара тәсiлi \3.1 б-сурет\ - тiлушi құрал ара тәрiздi қозғалыс жасайды \пiшу, екi бөлiкке бөлу, бөлшектер шетiн сыдыру\; қайшы тәсiлi \3.1 в-сурет\ - тiлу бiр-бiрiне қарсы жылжитын кесу құралдарымен орындалады.

Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.Даярлау өндiрiсi дайын өнiмнiң технико-экономикалық көрсеткiшiне ерекше әсер ететiн былғары бұйымдары өндiрiсiнiң маңызды бөлiктерi болып табылады.

ПВГ-18-1-0 және ПВГ-18-2-0 электрогидравликалық престерiн былғарыдан, қатты қағаздан, жасанды синтетикалық былғарылардан бөлшектер шабу үшiн қолданылады. Бұл аталған материалдардан бөлшектер шабу үшiн электр оқшауланған, өтпестенген жүзді шапқылармен металл төсте шабады, ал резеңкеден, тоқыма және жасанды метериалдардан бөлшектердi жүзi үшкiр шапқылармен металл емес төстерде шабады. Аяқкиiм үстінің бөлшектерiн және был-ғары галантерея бүйымдарын шабу үшiн сонымен қатар ПВГ-8-2-0, ПКП-10, ПКП-16 престерiн қолданады.

Қайыс ершiктерi былғарысын және жазық полимер материалдарды велосипед ершiктерiнiң бөлшектерiне пiшу үшiн шабу күшi 180-250 кН жөне жүмысшы алаңы 1600 мм болатын ПОТГ-20-1600 траверсты престердi қолданады.

Консоль тектi дөңгелек пышақтары бар РД-300 машинасы былғарылрады белбеулерге пiшу үшiн қолданылады.

Жылжымылы тақтасы және орамды беретін комдырғысы бар жоғары қуатты ПТС-160 пресi материалдарды iрi көлемдi қиыстарылған шапқылармен пішуге арналған. Биянийлар, футлярлар және басқа кіші габаритті бұйымдар бөлшектерін жеке және кіші габаритті қайыстырылған шапкылармен пішуге ПТК-25 және ПОТГ-20-1600 пресстері қолданылады.

Көп қабатты төсемдерi топтастырылған шапқылардың пiшудiң болашағы бар. Шабу престерiнiң шапқылары бүл жағдайда жылжымайтын және жылжымалы болады. \3.2 сурет\.

Жылжымалы топтастырылған шапқы қайтармалы-үдемелi, айналмалы және күрделi қозғалыс жасайды. Бiрiншi жағдайда бөлшектердi шабу-топтастырылған шапқының I жылжымайтын шабылғы төс 3 кезiнде жоғары-төмен қозғалысы арқасында \3.2 в-сурет\ орындалады. Топтастырылған шапқының I \3.2 е-сурет\ бүрыштың жылдамдығы кезiнде, төсем 2 жылдамдығымен үздiксiз берiлiп отырады. Топтастырылған шапқының күрделi жылдамдығы кезiнде, жылжымайтын төсемнен бөлшектер оның бүрыштық жылдамдығы болатын үдемелi қозғалыстары нәтижесiнде шабылады.

Бөлшектер престе шабу кезiнде, материалды тiреу төсiне 1 \3.3 а-сурет\ қояды да, шапқыны 4 орналастырып, оның үстiне соғу төсiн 3 түсiру арқылы, материалға шапқының үшкiр ұшын батырады.

Аяқкиiм бөлшектерiн престерде шабылғы төстерде немесе жаңғырықтарда шапқылармен шабады. Шапқылар деп - белгiлi бiр кескiндi сұлбалы болат пышақтарды айтады, олардың пiшiндерi мен өлшемдерi шабылатын бөлшектердiң түр, пiшiндерiне сай келедi. Шапқының жоғарғы бөлiгiн желкей, ал төменгi бөлiгiн - кесушi жүзi деп атайды. Шапқыларды сырт жағынан өткiрлейдi. Шапқылардың пiшiнi бiр жақты сына тәрiздi келедi.

Былғарылардан бөлшектер шабу үшiн шапқыларды маркасы У7 және У8 болаттың пiшiнделген тiлiмiнен даярлайды. Шапқылардың жүзiн 5 мм биiктiкке деиiн НР 52-56 қаттылығына дейiн жылумен өңдейдi. Аяқкиiм астынғы бөлшектерiн шабуға арналған шапқылар 3.9 суретте көрсетiлген.

Шабылғы тұғырының материалына байланысты үш түрлi шапқыларды қолданады:

- үшкiр кесу жиегi бар бiр жүздi шапқы – ағаштан қатты қағаздан немесе пластиктен жасалған тұғырықта шабуға арналған \3.10 а-сур\;

- фасқасының енi 0.2-0.3 мм болатын топасталған кесу жиегi бар бiр жүздi шапқы - престiң соқпасында рәзеңке тоқыма серiппесi бар металл тұғырықта шабуға арналған \3.10 б-сур\;

- сыңарлы бөлшектердi \оң, сол\ шабуға арналған екi өтпестелінген кесу жиегiнiң енi 0.2-0.3 мм болатын екi жүздi шапқы қалыңдығы 3-5 мм болат қорғаушысы бар престiң соқпасында резеңке тоқыма серiппелi металл тұғырықта шабуға арналған \3.10 в-сур\;

3.10. сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.

Аяқкиiмнiң үстінің бөлшектерiн сонымен қатар, биiктiгi мен қалыңдығы әртүрлi жiңiшке қабырғалы шапқылармен де шабады, оларды алдын-ала жылумен өңделген және жонылған жiңiшке болат тiлiмiнен даярлайды \3.10 г-сур\.

Еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және материалды үнемдеу мақсатында, бiрiккен (екеу, үшеу), және алшақтатылған шапқылар қолданылады. Алшақтатылған шапқыларды қолдану қимаүлгіаралық көпiршелердi болдырмайды.

Қалдықтарды азайтып, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру үшiн, сонымен қатар iрi көлемдi және қиыстырылған шапқылар қолданылады. Мұндай шапқыларды былғары галантерея өнеркәсiбiнде жасанды және тоқыма материалдарын пiшу үшiн қолданады.

Төсем қабаттарының шабу күшiне әсер етуi материалдардың физика-механикалық қасиеттерiмен және шапқы жүзiнiң орналасуымен анықталады. Шапқының көршiлес жүздерiнiң ара қашықтығын кемiткен кезде, қаттылығы жоғары материалдан бөлшектердi шабу күшi артады. Қабаттар санын 8-ден 12-ге арттыру, шабу күшiне елеулi әсер етпейдi \7\.

Көп жағдайда шапқының арнайы қондырғысы немесе сайманы болады. Мысалы бөлшектердi бiрыңғай шауып, тесу үшiн шапқыларға тескiш орнатады. Аяқкиiм үстінің бөлшектерiн және былғары галантерея бұйымдарын дәл жинап, қарапайым ету үшiн, шапқылардың сызғаштары болады, олар шабу кезiнде бөлшектерде бақылау белгiлерiн, тiгiс сызықтарын және сән әрлеуiн қалдырады. Осы мақсатпен шапқыларға гофр жасайды, яғни белгiлi бiр жерлерi қайырылады, олар бөлшектердiң өлшемiнiң белгiсiн көрсетедi \3.11 сур\.

3.11. сур. Түйреуішті пышақтың схемасы. 3.12. сур. Серпінді резеңке төлкелі пышақтар.

Биiктiгi 98 мм болатын шапқылардың қорғаушы қалпақтары болуы керек, ол жұмысшының саусақтары шапқының желкесi мен пресс соқпасы мен арасында қалып қоймауын ескередi. Қалпақтарды қалыңдығы 16-20 мм болатын болат тiлiмiнен даярлайды. Оларды орналастырғанда қалпақтың төменгi шапқының кесу жиегiнен 90 мм биiктікте болуы керек.

Аяқкиiм астының бөлшектерiн металл төсте шабуға арналған шапқылардың электр оқшауланған жабыны\қабы\ және жанама серiппелерi болады. Қалыңдығы 5 мм-ден төмен болмайтын полиэтиленнен жасалған жабындышапқының сыртқы бүйiр жағына қалпаққа дейiн толық жағады. Шапқының төменгi бөлiгi \15 мм биiктiкке дейiн\ жабынсызболуы керек.

Аяқкиiм астының бөлшектерiн шабуда суық ию әдiсiмен өңделген У7 маркалы болат тiлiгiнен жасалған шапқыларды қолдану ыңғайлы. Шапқы тiлiмiнiң пiшiмiн жеңiлдету және оны күдiрiлген күйiнде өндiрiске жiберiп тұру, шапқыларды қол операцияларымен даярлауды механикаландыруға, еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бередi, өйткенi шапқылардың салмағы 30-40 пайызға кемiген.

Былғарының беткi бетіне зақым келтiрмеу үшiн және бөлшектердi итерiп шығару үшiн, шапқының резеңке төлкесі болады \3.12 сур\.

Шапқыларға мынадай талаптар қойылады:

- жүзi үшкiр, өткiр болуы керек, кетiк, қабыршықтары, сынған, майысқан жерлерi болмауы керек;

- тексеру төсiнде тексергенде, шапқының кесу үшы мен төстiң арасы 0.1 мм-ден көп болмауы керек;

- металл төсте шапқан кезде, шапқының желке жазықтығы мен жүзi жазықтығының параллельдiгiнiң ауытқуы 0.15 мм және металл емес төстер мен жаңғырықта шапқанда 0.3 мм болуы керек;

- металл емес төстерде шапқанда, жинақтағы шапқылардың биiктiгi бойынша айырмасы 0.5 мм-ден көп болмауы тиiс;

- оқшалау қабығы жоқ металл төстерде былғарыларды шапқанда, шапқы жүзiнiң бүкiл периметр бойынша өтпестенуі 0.2-0.3 мм-дей бiркелкi болуы тиiс;

- шапқының сыртқы бүйiр бетiнде, желкесiнен 2-3 мм қашықтықта аяқкиiмнiң өлшемiн, сұлбасын бiлдiретiн цифрлы және әрiптi таңбалары болуы керек.

Аяқкиiм асты мен үстін металдан, пластмассадан, ағаштан және картоннан жасалған жаңғырықтарда немесе шабылғы төстерде шабады.

Шабылғы діңгектерді ағаштың қатты тұқымдарынан - шамшат, емен және қызыл қайыңнан даярлайды/3.13 сур/.

 

 

3.13. сур. Әртүрлі материалдардан жасалған шабу діңгектер.








Дата добавления: 2016-11-22; просмотров: 2054;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.