Былғары және үлбір бұйымдарының технологиясына кіріспе. Технологиялық үрдістің схемасы
Халықтың материалдық деңгейін көтеру үшін алға қойылған мақсаттарды шешуде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының алатын орны зор. Соңғы кезде жеңіл өнеркәсіп тауарларының ассортименті едәуір кеңейді; бұйымдардың конструкциясы мен технологиясы жетілдірілд,і ; жаңа тігін машиналары және әртүрлі пішу мен шабуға, бұйымды ылғал-жылумен өңдеуге арналған, ұлтанды біріктіруге және қалыптауға арналған, өңдеуге арналған жаңа үлгідегі көптеген құрал- жабдықтар жасалынды.
Үкіметтің бағдарламысына сәйкес, қазіргі кезеңдегі өнеркәсіптің алдында тұрған негізгі мақсат болып, халықтың қажеттілігін тұтынушы тауарлармен толық қамтамасыз ету, өндірісті интенсификациялау, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін кеңінен пайдалана отыра бұйымның сапасын онан әрі жақсарта түсу болып табылады.
Аяқ киім фабрикаларындағы өндірістік процесстер – негізгі, көмекші және қосалқы болып бөлінеді. Тігін кәсіпорындары өзінің құрамына маталарды пішуге дайындайтын цехтар, пішу, эксперименталды және бірнеше тігін цехтарын енгізеді.Қазіргі кездегі тігін және аяқ киім кәсіпорындары әртүрлі өнеркәсіптік тігін машиналарымен, механизацияланған өтектеуші пресстермен, ұлтанды тікелей құятын пресс-автоматтармен цех ішінде жүретін тасымалдау құралдарымен жабдықталған.
Жеңіл өнеркәсіп дамуында едәуір кемшіліктер бар. Оны жою үшін ең қазіргі замандағы технологияны игеру қажет, өнеркәсіпті қайта құру, ресурстарды үнемдейтін, қол жұмысын азайтатын, энергия үнемдеуші технология мен экологиялық таза процесстерді енгізу қажет.Өнеркәсіпке қойылатын талаптардың артуына байланысты қолданыстағы технолгиялық схемаларды қайта қарап, жаңа, прогрессивті технологияларды іздестіру қажет.
Жалпы технология дегеніміз, өнеркәсіптің әртүрлі саласында іске асырылатын шикізаттарды, материалдарды, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды алу, өңдеу және қайта өңдеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Ал, технология немесе технологиялық процесстер дегеніміз, өндірістік процесстің негізгі бөлігі болып саналатын өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау, қоймаға салу, сақтау операциялары.
Өндірістік операциялар өндірістік процесстердің құрамдас бөлігі болып табылып, орындаушы-жұмысшылар мен қолданылатын жабдықтардың еңбегінің бірлігімен сипатталады.Операциялар – негізгі-технологиялық, көмекші және қосалқы қызмет көрсететін өндірістік болып бөлінеді.
Технологиялық операцияларды орындау кезінде шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың пішіні, өлшемі, жағдайы, құрылымы, физико-механикалық қасиеттері өзгертіледі. Ол бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше бірге өңделінетін бөлшектермен немесе бұйымдарға жаслады.
Технологиялық операциялар қолмен орындалынатын, машина-қолмен, машинамен, жартылайавтоматты, автоматты болып бөлінеді.
Технологиялық операция - өндірісті жобалау, ұйымдастыру, жоспарлау және жабдықтарды жұмыспен толық қамту объектісі болып табылады. Негізгі операцияларға материалдардың, энергияның, еңбектің нормалары жасалынады, орындаушылардың еңбегі тарифталынып, еңбегі төленеді және жеке операциялардағы сапс техникалық бақыланады.
Көмекші операциялар- технологиялық құрал- саймандарды жасауды және жабдықтарды жөндеуді қарастырады.
Қызмет етуші операциялар негізгі және көмекші өндірістік процесстерді материалдармен, жартылайфабрикаттармен, энергиямен қамтамасыз етеді және бақылау, зертханалық, зерттеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Технология – сонымен бірге материалдармен бұйымдарды алу мен өңдеудің әдістері мен тәсілдерінжетілдіретін және жасайтын ғылыми пән болып табылады.
Технологияның ғылым ретінде негізгі мақсаты болып, ең аз уақыт шығынын, материалдық және еңбек ресурстарын қажет ететін, тиімді және үнемді өндірістік процесстерді анықтау және пайдалану мақсатында, физикалық, химиялық, механикалық және т.б. заңдылықтарды анықтау табылады.
Бұйымдар классификациясы. Аяқ киім, киім, былғары галантерия және тігін кәсіпорындары шығаратын бұйымдарды, негізінен екі белгісі бойынша классификациялайды:
- бұйым түрі;
- бұйымды пайдалану мақсаты;
Аяқ киім кәсіпорындары аяқ киімнің келесі түрлерін шығарады:
- табан бетін толық жаппайтын, үсті белдіктерден немесе белдік пішініне ұқсас бөлшектерден жасалған белдікті-сандал аяқ киімі;
- үсті табанның беткі бөлігін толық жаппайтын және қонышты тобықтан төмен орналасқан аяқ киімді туфли дейді;
- үсті табан бетін толық жабатын, қонышты тобықтан биік орналаспаған, аяққа бекітетін баулар, сыдырмасы, тоғалары аяқ киімді жартылай бәтеңке дейді;
- үсті табан толық жабатын, қоныш тобықты толық жабатын, аяққа бекітетін құралдары бар аяқ киімді бәтеңке дейді;
- үсті аяқты, балтырды немесе балтыр бір бөлігін, кейде санды жауып тұратын биік қонышты аяқ киімді етік дейді;
аяқ киім табанының үстіңгі сыртқы бөлігінг жауып тұратын үстіңгі түйіннен және табанның астыңғы (плантарлық) бөлігін жауып тұратын астыңғы түйіннен (үзелден) тұрады.
Ал үстіңгі және астыңғы түйіндер сыртқы аралық және ішкі абөлшектерден тұрады. Аяқ киімдегі бөлшектерден саны, оның түрі мен конструкциясына байланысты болады.
Галантереялық кәсіпорындар бұйымдардың келесі түрін шығарады:
- қолдың басын және қолды қорғау үшін-қолғап, биялай және т.б.
- заттарды сақтап, тасымалдау үшін портфельдер, чемодандар, футлярлар, дорбалар және т.б.
- бекітіп ұстап тұру үшін белдіктер, баулар;
- бөлшектерден бұйым жинау үшін және өңдеу үшін футлярлар (тоғалар, бекіткіштер, зсатежкалар, ілгіштер), ленталар, таспалар, шілітілер (кружева).
Жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің технологиялық процесстерінің схемасы. Бұйым шығару процесі қоймалардан басталады.(1-сурет) Ол жерде материалдарды түрі, сорты, қалыңдығы, ауданы және басқа да белгілері бойынша сұрыптайды. Сол жерде олардың қасиеттерінің мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестігін таңдамалы түрде тексереді. Барлық материалдарды толық комплекттегеннен олардың таңдалған партиялары дайындау цехтарына (пішу, шабу) жіберіледі. Осы жерде шабылған бөлшектерді алдын-ала өңдеуден өткізеді. Әрі қарай жинау цехтарында аяқ киім үстінің дайындамасы жасалады. Оны қалыптап, ұлтанмен біріктіріп, аяқ киімді өңдеп -әрлейді. Арнайы конструкциялы аяқ киімдерді жасау кезінде (мысалы, бүтіндей құйылған )өндіріс схемасы өзгереді: ұлтанды даялау секілді кейбір операциялар жойылады. Бұған қарап, біз процесс схемасы динамикалықтүрде құбылмалы, яғни техника мен технологияны жетілдірген кезде оны принципиалды түрде өзгертуге болатынын көреміз.
Толығырақ өндіріс процессінің схемасын құрылымдық, функционалдық, және ақпараттық моделдердің көмегімен сипаттауға болады. Аяқ киім өндірісінің құрылымдық схемасы өндірістің процессінің құрылымын көрсетеді де, жүйелердің құрамын анықтауға мүмкіндік тудырып жобалаудың стадиясын анықтайды. Бұл моделде өндірістің оптимальды түрде жұмыс істеуін шешуге қажетті есептер анықталынған. Бұл модель материалдық және ақпараттық ағындарды сәйкестендіруге негіз болып, өндірісті басқару жүйесін жақсартуға мүмкіндік тудырады.
Бұл модельдер басқарудың оптимальды жүйесін құруға мүмкіндік тудырады да қосарланған ақпарат санын және аяқ киім өпдірісінің технологиялық дайындау мерзімінің уақытын азайтуға мүмкіндік тудырады да кәсіпорын жұмысының көрсеткіштерін жақсартады.
Дата добавления: 2016-11-22; просмотров: 3052;