Тақырыбы:Альцгеймер ауруының моногенді формалары

 

Жоспар: 1.Альцгеймер ауруы,сипаттама

2.Альцгеймер ауруының даму тарихы

3.Гипотеза және Альцгеймер ауруының себептері

 

Альцгеймер ауруы —формодеменцияның ең кең таралған түрі, 1907 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат.Әдетте 65 жастан асқан адамдарда кездеседі. 2006 жылғы сараптама бойынша әлемде Альцгеймер ауруымен ауыратын адамдардың саны 26,6 млн адамды құраған,ал 2050 жылы науқас саны 4 есе көбеюі мүмкін деген болжам бар.

Әдетте,бұл ауру жай ғана симптомдардан басталады,бірақ уақыт өте келе дами бастайды.Бастапқы кезеңде адамда ұмытшақтық байқалады,мысалы күні кеше болған жағдайды ұмыту,есіне түсіре алмау. Аурудың даму барысында ұзақ уақытқа есін жоғалту,сойлей алмау,науқастың өзіне қарауға,күтім жасауға деген қабілетінің жоғалуы сияқты белгілер көрініс береді. Ағзаның осындай қызметтерді жоғалтуы өлімге әкеліп соқтырады.

Альцгеймер ауруына күмәндану барсында,дәрігерге қаралу кезінде диагнозды анықтау үшін әдетте науқыстың қимылына,жүріс тұрысына анализ жасалып,мүмкін болса магнитті-резонансты томографидан өткізіледі. (МРТ).Диагноз анықалғаннан кейін науқастың орташа өмір сүру ұзақтығы 7 жылды құрайды.Алайда кейбір науқастардың 3 пайызы 14 жылға дейін өмір сүреді.

Қазіргі уақытта Альцгеймер ауруының негізгі себептері толықтай анықталмады.Заманауи әдіс терапиялары аурудың кейбір белгілерін бәсеңдетеді,бірақ ауруды тоқтатып немесе аурудың дамуын бәсеңдететін нәтижеге қол жеткізбеді.

Тарихы

Ежелгі Греция дәрігерлері және философтары қартаюды алжумен байланыстырып,түсіндірген,алайда 1901 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер бір ауру түрін ашып,кейін ол ауру өзінің атымен аталды.Ол өзінің 50 жастағы науқасы Августаның ауруының нәтежесін ең алғаш рет 1907 жылы,науқасы қаза тапқаннан кейін жариялады.5 жыл бойына медицинада осыған ұқсас 11ге жуық сипаттама пайда болды,және кейбір авторлар “Альцгеймер терминін ”сол кезден бастап қолдана бастады.Эмиль Крепелин ең алғаш болып Альцгеймер ауруын бағынышсыз ауру деп атады.20 ғасыр бойы Альцгеймер ауруының диагнозын 45 пен 60 жас аралығында симптомдар байқалған жас пациенттерге қойылды.Кейін Альцгеймер ауруы термині ресми түрде медициналық номенклатураға енгізілді.

Сипаттама

Аурудың жүруін когнитивті және функциональді бұзылуға қатысты 4 сатыға бөліп қарастырады.

Предеменция

Алғашқы симптомдарды көп жағдайда қартаюмен шатастырып жатады.бұл симптомдар көп жағдайда күнделікті өмірде байқалып жатады.Мысалы,есте сақтау қабілетінің бұзылуы,таяуда болған жайтты есіне түсіре алмау,және жаңа ақпаратты қабылдай алмау .Аурудың бұл сатысында апатия көрініс беруі мүмкін.Апатия бұл ауру түрінде байқалатын нейропсихиатрикалық орнықты симптом.

Бастапқы деменция

Ақыл естің үдемелі төмендеуі және агнозия диагнозды растайтын симптомдардың бірі болып табылады.Бұл симптомдар байқалатын пациенттерде бірінші планға ақыл естің жоғалуы емес,сойлеу қаблетінің нашарлауы немесе қозғалыстың бұзылуы(апраксия) түседі.Яғни афазия симптомы пайда болады.Афазия-адамның сөйлеу қабілетінен жартылай нмеме біржолата.Афазия көбінесе сөздік қордың азаюымен сипатталады.

Орташа деменция

Тәуелсіз қимылдарға қаблеттілік науқастың жағдайының нашарлауына байланысты төмендейді.Сөйлеу қабілетінің жойылуы айқындала түседі(парафразия). Яғни,парафразия симптомы көрініс береді.Сонымен қоса оқу және жазуды ұмыта бастайды. Бұл сатыда ақыл ес мәселесі күшейеді,тіпті науқас өз туыстарын таныматын жағдайға жетуі мүмкін..

Ауыр деменция

Альцгеймер ауруының соңғы кезеңіде науқас толықтай біреудің көмегіне мәжбүр болады.Науқас сөйлеу қабілетінен толықтай жоғалтады. Тіпті,науқас өз бетімен қозғала алмайтын жағдайға жетеді,төсекке таңылады.Алайда науқасқа өлім Альцгеймер ауруының әсерінен емес көп жағдайда пневмония секілді аурудың әсерінен келеді

Себептері

Аурудың негізгі пайда болу жолын,себебін түсіндіру үшін негізгі 3 басты гипотеза қарастырылған: холинергиялық, амилоидты және тау-гипотеза.

Ең алғашқы гипотеза болып холинергиялық гипотеза ұсынылды,бұл нейромедиатор ацетилхолиннің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

1991 жылы «амилоидты гипотеза»ұсынылды, бета-амилоида (Aβ)жетіспеушілігінен болады. APP ақуызын кодтайтын ген,21 хромосомада орналасқан,сонымен қатар ол жерде бета-амилоид түзіледі.

Амилоидты гипотезада бөлек тау гипотеза бар.Бұл гипотеза тау-ақызының құрылымының бұзылуымен түсіндіріледі.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Альцгеймер ауруының эпидемиологиясы

2.Альцгеймер ауруының сипаттамасы

3.Альцгеймер ауруының гипотезалары

 

 

Лекция № 7

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 2132;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.