Тақырыбы: Паркинсон ауруының моногенді формалары

 

Жоспар: 1.Паркинсон ауруы,сипаттама

2.Паркинсон ауруының этиологиясы

3.Паркинсон аурының симптомдары

 

Паркинсон ауруы-созылмалы,үдемелі,орталық жүйке жүйесінің ауруы болып табылады.Ең алғаш 1817 жылы Джеймсом Паркинсон “Эссе о дрожательном параличе” деген еңбегінде осы ауруды сипаттаған.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша әлемде 3,7 млн адам(әлем халқының 0,06%) осы паркиносон ауруына шалдыққан.

Жас ұлғая келе (көп жағдайда 50 жастан кейін) ауру үдейе түседі.Негізі паркиносон ауруымен ауыратын адамдардың максимум жасы 70-79 жасты құрайды.Көптеген зерттеулер барысында паркинсон ауруымен ауыратын әйелдер мен еркектердің қатынасы 1,1 мен 1,6-ға дейінгі аралықты құрайтындығы анықталды. .Соңғы уақыттарда дамыған мемлекеттерде Паркинсон ауруының таралу жиілігі көбейе түсті,бұл жағдай халықтың азаюына әкеліп соқтырады.

Паркинсон ауруына тән белгілер:

-қалтырау,дірілдеу

-бұлшық еттердің бөгелуі,қозғалмай қалуы

-іс-қимылдың бәсеңдеуі

-тепе-теңдіктің бұзылуы

Сонымен қоса,Паркинсон аурымен ауыратын адамдардың мимикасы бұзылады.Яғни,олар сау болғанымен түрлері селқос,енжар көрінеді.Сонымен қоса тағы да басқа симптомдар бас миының бұзылуы нәтижесінде,гипертонялық ауруларда немесе атеросклероз ауруларында байқалады.

Басқада белгілері:

- сойлеуді іске асыратын бұлшық ет жиынтығының тартылуы сойлеудің бұзылуына алып келеді

- қозғалыстың бұзылуы науқастың жазуының өзеруіне әсерін тигізеді.Егер науқас жақсы жазуға талпынбаса,жазуын түсіну қиынға соғады.

- Бұл белгілерден бөлек: тәбеттің төмендеуі,сөл бөліну сияқты белгілер байқалады.

 

Паркиносон ауруымен ауырған адамдар жиі депрессияға ұшырайды..Аурудың депрессияға түсуінің екі себебі бар:біріншіден,ол бұрынғыдай жұмыста да,үйде де қалыпты жұмыс жасай алмайтындығына қынжылса;екіншіден ауру кезінде ми қабатының адамның көңіл күйін қамтамасыз ететін бөлігінің зақымдануынан болады.

Депрессияның байқалуы әртүрлі,бірақ көп жағдайда мына симптомдар байқалады:көңіл-күйдің түсуі,тез шаршау,дабыл қағу,ашулану.айналаңдағыларға немқұрайлы қарау,тәбеттің күрт төмендеуі.

Паркинсон ауруының ағымы

Паркиносон ауруымен ауыратын адамдардың орташа жасы-55 жас.Алайда,бұл аурумен ауыратын адамдардың 10%-ын 40 жасқа дейінгі адамдар құрайды.

Ғалымдардың айтуы бойынша адамның орта жасының ұлғаюы нәтижесінде халық арасында Паркинсон ауруының таралуы ұлғаяды.

Этиология

Паркинсон ауруының шығу тегі әлі күнге дейін толық зерттелмеген,алайда бұл ауруға шалдығудың себептеріне бірнеше факторлардың үйлесімділігін жатқызуға болады:

- Қартаю

Паркинсон ауруына адамдардың қартайған шақта шалдығуына байланысты,паркинсон ауруының пайда болуы ми нейрондарының жас мөлшеріне қатысты бәсеңдеуінен болады деп болжай аламыз.

- Тұқымқуалаушылық

Паркиносон ауруы тұқым қуалайды деген болжам бар,және де көп жылдар бойы бұл аурудың дамуына үлес қосатын мутантты гендер туралы көптеген ақпарат жинақталған

- Токсиндер және басқа да заттар

- Постэнцефалитті паркинсонизм ауруына әкеліп соқтыратын вирус инфекциялары;

- Бас миы буындарының атеросклерозы;

- Бас сүйек-ми зақымы

- Кейбір препараттарды ұзақ уақыт бойы қабылдау паркинсионизм симптомдарына әкеліп соқтырады,сондықтан әрқашан науқасқа Паркиносон ауруы диагнозы қойылғанға дейін науқастың қандай терапия қабылдағанын білу қажет..

Аурудың ағымы

Паркинсон ауруы жай дамитын болғандықтан,бастапқы кезеңдерінде ауру бірнеше жыл бойы байқалмауы мүмкін.

Қозғалысты реттеу жән Паркинсон ауруы

Еркін қозғалысты бақылау барысында ми қабатының қатысатындығы анықталды. Бұл бөліктің маңызды нейротрансмиттері ретінде ацетилхолин қатысады.

Қозғалысты бақылатын нейротрансмит-дофамин болып табылады.

Дофамин дофаминергиялық нейрондарда пайда облады.Олар мида орналасады,7мыңға жуық. Дофаминергиялық нейрондар басқалары сияқты жаңадан қайта өндірілмейді. Алайда бірде-бір зерттеуде Паркинсон ауруының пайда болуы дофаминергиялық нейрондардың жоғалуына байланысты деп айтылмаған.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Паркиносон ауруына сипаттама

2.Паркиносон ауруының шығу тегі

3.Паркинсон ауруының ағымы

 

 

Дәріс № 6

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 2005;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.